Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі - Үйлестіру кеңесінің қызметті ұйымдастыру

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
 
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 12-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) туралы ережеге сәйкес Үйлестіру кеңесінің мақсаты:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында құқық қолдану практикасын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтау мәселелерін қарау үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі – аудит органдары) қызметін үйлестіру;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы өзекті проблемаларды, заңнаманы бірыңғай қолдануды алқалық талқылау арқылы аудит органдарының өзара тиімді іс-қимыл жасауы;
3) бюджетті жоспарлау және оның барлық деңгейінде атқару кезінде қаржы тәртібін нығайту, аудит органдарының қызметін ұйымдастыруда ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде аудит органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу болып табылады.
Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
1) мыналар:
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіру;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің әдіснамалық негізін жетілдіру;
аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу кезінде аудит органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың өзекті теориялық және практикалық мәселелері бойынша аудит органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу мен жетілдіру саласында идеялармен және тәжірибемен өзара тиімді алмасу;
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы әдіснамалық құжаттарды, соның ішінде Кеңес ұсынымдарының шеңберінде әзірленген құжаттарды мақұлдау;
5) мыналарға:
бірлескен және (немесе) қатар тексерулерді және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге;
аудит органдарының мемлекеттік аудиторларының кәсіби дағдылары мен біліктілігін сақтауға және жетілдіруге;
аудит органдарының қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуына жол бермеуге жәрдемдесу болып табылады.
 
Есеп комитетінің аппараты Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Үйлестіру кеңесінің қызметін жалпы үйлестіру Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелген.
Есеп комитетінің Әдіснама және халықаралық ынтымақтастық бөлімі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Есеп комитеті Әдіснама және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты Гүлмира Әшімқызы Әбиева  Үйлестіру кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
 
2016 жылы Үйлестіру кеңесі құрылды (жана форматта).
Үйлестіру кеңесінің құрамына Есеп комитетінің Төрағасыжәне үш мүшесі, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) төрағалары және ішкі аудит қызметтерінің екі басшысы кірді (Есеп комитеті Төрағасының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 29-н/қ бұйрығы).
Есепті кезеңде Үйлестіру кеңесінің бес отырысы өткізілді, онда  30  мәселе қаралды (жекелеген мәселер бойынша Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, қаржы және ұлттық экономика министрліктері өкілдерінің қатысуымен).
Үйлестіру кеңесінің алдыңғы отырыстарының шешімдерінде 102 тапсырма көзделген, 68 тапсырма орындалған, 4-і ішінара орындалған, 29 тапсырма орындау сатысында (орындау мерзімі келген жоқ) және 1 тапсырма (орындаушысы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті ) орындалған жоқ.
Отырыстардың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудиторлардың біліктілігін арттыруға, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сындарлы өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, олардың қызметін одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар өткізуге бағытталған нақты шешімдер қабылданды.
Үйлестіру кеңесінің 2016-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарлары қабылданды.«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның іске асырылу қорытындысы шығарылды.Халықаралық стандарттардың қолайлы ережелерін ескере отырып, мемлекеттік аудитті енгізуге, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға бағытталған құқықтық және әдіснамалық құжаттар әзірлеу жұмысы жүргізілді.
 

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату