РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Халықаралық қатынас - Есеп комитетінің халықаралық қызметі туралы жалпы ақпарат

Жоғары мемлекеттік аудит органдарының халықаралық бірлестіктері шеңберіндегі ынтымақтастық
 
Халықаралық қызмет шеңберінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудиттің көкейкесті аспектілері, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, бірлескен іс-шаралар жүргізу жөнінде  тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері бойынша шет елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен (бұдан әрі – ЖМАО) және олардың халықаралық бірлестіктерімен тұрақты негізде өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Есеп комитеті 2000 жылдан бастап Халықаралық жоғары мемлекеттік аудит органдарының ұйымына (ИНТОСАИ)*, сондай-ақ оның өңірлікбірлестіктері – ЕУРОСАИ-ға** (2003 жылдан бастап) және АЗОСАИ-ға*** (2000 жылдан бастап) аккредиттелген. Сонымен қатар, Есеп комитеті жоғары мемлекеттік аудит органдарымен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД)****, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКОСАИ)***** желісі бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Есеп комитеті аталған халықаралық ұйымдар ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді қатысып келеді, осы іс-шаралар барысында ЖМАО-лар өкілдерінің пікір алмасып, аудиттің озық практикасымен бөлісуге және мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндігі бар.
Халықаралық аудиторлық ұйымдар шеңберінде Есеп комитеті мынадай жұмыс топтарының:
·          ИНТОСАИ желісі бойынша – Әлеуетті арттыру комитетінің Бірлескен аудиттер жөніндегі кіші комитеті, Білім және білім беру қызметтерімен алмасу комитеті, Қоршаған орта аудиті жөніндегі жұмыс тобы, Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобы, Мемлекеттік сатып алу аудиті жөніндегі жұмыс тобы;
·          ЕУРОСАИ желісі бойынша – Экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобы, Апаттардың алдын алуға және оның салдарын жоюға бөлінген қаражат аудиті жөніндегі жұмыс тобы;
·          ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖМАО-лары ынтымақтастығының желісі бойынша – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖМАО-лары басшыларының кеңесі, Мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы, Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сарапшылық тобының қатысушысы болып табылады.
Есеп комитеті ТМД-ға қатысушы елдер үшін Мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына төрағалық етеді. Жұмыс тобының шеңберінде ортақ күштермен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ЖМАО-ларының Мемлекеттік қаржылық бақылаудың (аудиттің) жалпы стандарты; «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарымен бірлескен және қатар бақылау және сараптамалық-талдау іс-шараларын (аудитті) ұйымдастыру және жүргізу» стандарты; «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) органдарының қызметін сыртқы бағалау» стандарты; ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ЖМАО-ларының мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарында пайдаланылатын терминдер глоссарийі әзірленді.
Кеден одағы, содан кейін Еуразиялық экономикалық одақ құрылған уақыттан бері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит органдары жыл сайынғы негізде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманы сақтауына аудит (бақылау) жүргізеді. 2016 жылдан бастап ЕАЭО органдарында сыртқы аудит (бақылау) жүргізіледі. 2018 жылы Есеп комитеті ЕАЭО органдарында сыртқы аудит (бақылау) жүргізудің үйлестірушісі болып табылады.
2016 жылы Есеп комитеті 2017-2019 жылдарға ЭКОСАИ-дың Басқарма Кеңесінің құрамына сайланды.
Астана қаласында 2016 жылғы мамырда өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан) ЖМАО-лары басшыларының 3-ші кездесуінің қорытындылары бойынша Есеп комитетіне 2016-2017 жылдар кезеңінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер, бақылаушылар мен диалог бойынша әріптестер ЖМАО-ларының өзара іс-қимылын үйлестіруші міндеттері жүктелді.
Осы үйлестіру қызметінің шеңберінде Есеп комитеті 2016 жылғы қазанда Астана қаласында семинар ұйымдастырды, 2017 жылы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасының денсаулық саласында қатар аудитті жүргізді, оның қорытындылары Астана қаласында 2017 жылғы желтоқсанда көрсетілген елдер ЖМАО-ларының бірлескен отырысында шығарылды.
ЖМАО-лардың халықаралық бірлестіктерімен ынтымақтастық шеңберінде Есеп комитеті әртүрлі халықаралық іс-шараларды: ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ЖМАО-ларының басшылары кеңесінің сессияларын, жұмыс топтарының отырыстарын, халықаралық семинарлар мен конференциялар және т.б. өткізу үшін бірнеше рет алаңдарын берді.
 
 
Жоғары мемлекеттік аудит органдарымен ынтымақтастық
 
Есеп комитеті ТМД елдерінің және басқа шет елдердің ЖМАО-ларымен екіжақты тығыз өзара іс-қимыл орнатты. Мәселен, 22 елдің: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Грузия, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Латвия, Люксембург, Молдова, Бірлескен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина, Франция, Оңтүстік Корея, Эстония ЖМАО-ларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Жоғары мемлекеттік аудит органдарымен келісімдердің шеңберінде әдіснама және мемлекеттік аудит жүргізудің тәртібі саласында тәжірибе, ақпарат және ұлттық заңнама актілерімен алмасу, кәсіптік оқу және кадрлардың біліктілігін арттыру саласында өзара іс-қимыл, бірлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар және жұмыс кездесулерін, бірлескен және қатар аудит ұйымдастыру және жүргізу бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
Мәселен, осы келісімдердің аясында 2006 жылы Әзербайжан, Қазақстан және Ресей ЖМАО-лары Каспий теңізінің су биология ресурстарын пайдалану тиімділігін айқындау мәселелері бойынша қатар тексеру жүргізді.
2008 жылы Қазақстан және Украина ЖМАО-лары төтенше жағдайлардың салдарын жоюға бөлінген бюджет қаражатының жоспарлану, игерілу тиімділігіне және пайдаланылуын бақылауға қатар аудит жүргізді.
2009 жылы Қазақстан, Ресей және Қырғызстан ЖМАО-лары Астана қаласында «Жоғары қаржылық бақылау органдарының бақылау-қадағалау органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шеңберіндегі өзара іс-қимылы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.
2012 жылы Ресей Федерациясының Есеп палатасы Есеп комитетінің қызметіне достық тексеруін жүргізді. 2014 жылы Ресей Федерациясының Есеп палатасымен бірлесіп энергетика саласындағы бірлескен ресейлік-қазақстандық жобаларды іске асырудың мониторингі бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасы жүргізілген.
Есеп комитетінің өкілдері әр жылдарда Беларусь, Бельгия, Латвия, Люксембург, Нидерланд, Польша, Ресей, Франция, Швеция, Жапонияның ЖМАО-ларына ресми сапармен барды. Әзербайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Индонезия, Түрікменстан, Түркия, АҚШ ЖМАО-ларының делегациялары біздің елімізге ресми сапармен келді. Осы кездесулер шеңберінде тәжірибе және ақпарат алмасу жүзеге асырылды, одан әрі ынтымақтастықтың бағыттары жоспарланды.                           
Есеп комитетінің 2015-2019 жылдарға арналған перспективалық жоспарына сәйкес 2018 жылы Есеп комитетінің қызметіне Эстонияның Ұлттық аудит офисінің достық тексеруін жүргізуі жоспарланған.
 
Анықтама ретінде:
*ИНТОСАИ–  194 елдің ЖМАО-ларын толық құқықты мүшелер ретінде және 5 елдікін байқаушылар ретінде біріктіретін және Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтасатын мекеме дәрежесі бар жоғары мемлекеттік аудит органдарының халықаралық ұйымы. 1953 жылы құрылған.
 
**ЕУРОСАИ – еуропалық өңірдің 49 ЖМАО-сын және Еуропалық аудиторлар сотын біріктіретін ИНТОСАИ-дың өңірлік ұйымы. 1990 жылы құрылған.
 
***АЗОСАИ – азиялық өңірдің 46 ЖМАО-сын біріктіретін ИНТОСАИ-дың өңірлік ұйымы. 1979 жылы құрылған.
 
**** ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖМАО-лары басшыларының кеңесі 2000 жылы Ресей Федерациясы Есеп палатасының бастамасы бойынша құрылған болатын. Оның құрамына 9 елдің: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина ЖМАО-ларының басшылары кіреді.
 
*****ЭКОСАИ Экономикалық ынтымақтастық ұйымына кіретін 10 елдің: Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан ЖМАО-ларын біріктіреді. 1994 жылы құрылған болатын.
 

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату