РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Халықаралық қатынас - Есеп комитетінің халықаралық қызметі туралы жалпы ақпарат - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшыларының кеңесі

ТМД ЖҚБО басшыларының кеңесі (http://audit.gov.ru/activities/international/cooperation-with-foreign-sais/) 2000 жылы Ресей Федерациясының бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда оның құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина жоғары қаржы бақылау органдарының басшылары (ЖҚБО) кіреді.
Кеңестін негізгі міндеттері өзінің конституциялық өкілеттіктері шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу және олардың экономикалық ынтымақтастығын нығайту үшін өңірдің геосаяси ерекшеліктерін ескере отырып, ЖҚБО қызметін үйлестіру, олардың өзара іс-қимылын нығайту мақсатында пікірлестердің форумы ретінде жемісті әрі жан-жақты пікір алмасу болып табылады.
Өңірлік сипаттағы мемлекеттік қаржылық бақылаудың аса маңызды теориялық және практикалық мәселелерін бірлесіп әзірлеу, өзара пікір, тәжірибе және ақпарат алмасу, бірлескен және қосарлас екіжақты және көпжақты бақылау-талдау іс-шараларын өткізу, кадрларды кәсіби оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде айқындалған.
Қазіргі уақытта, Молдова Республикасы Есеп палатасының Төрағасы С. Урекян  ТМД ЖҚБО басшылары кеңесінің Төрағасы болып табылады. Кеңес шеңберінде Есеп комитеті ТМД ЖҚБО мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобында төрағалық етеді, сондай-ақ Маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болып табылады. Төменде Кеңес туралы ереже, Кеңестің регламенті, Кеңес Хатшылығы туралы ереже, Кеңестің өткізілген сессиялары туралы акпарат, сондай-ақ ТМД ЖҚБО мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы мәлімет келтірілген.

00.00.0000

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату