РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Халықаралық қатынас -

Есеп комитетінің мүшесі Александр Горяинов 2014 жылғы 25 маусымда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен INTOSAI-дың мемлекеттік сатып алудың келісімшарттық аудиті жөніндегі арнайы тобының бірінші отырысына қатысты

Отырыстың жұмысына Беларусьтің, Замбияның, Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Қытайдың, Латвияның, Португалияның, Ресейдің, Словения мен Оңтүстік Африканың жоғары қаржы бақылау органдарының өкілдері қатысты.

Минск қаласында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының жоғары қаржы бақылау органдарының бірлескен отырысы өтті

Отырысқа Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің Төрағасы Александр Якобсон, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Айгүл Мұхаметкәрім және Ресей Федерациясы Есеп палатасы Төрайымының орынбасары Вера Чистова қатысты.

Есеп комитетінің мүшесі Айгүл Мұхаметкәрім 2014 жылғы 16-19 маусым аралығында Гаага қаласында (Нидерланды) өткен EUROSAI-дың IX Конгресіне қатысты

Конгрестің жұмысына 48 елден келген жоғары қаржы бақылау органдарының өкілдері, сондай-ақ байқаушылар мен басқа да қонақтар қатысты.

Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың қазіргі заманғы стандарттары мен технологиялары» тақырыбында Үшінші Еуразиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты (Мәскеу қ., 2014 жылғы 24-25 сәуір)

Форумның жұмысына РФ Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкин, РФ Есеп палатысының Төрайымы Татьяна Голикова, ТМД елдерінің жоғары қаржылық бақылау органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ  басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Есеп комитетінің мүшесі Ерлан Тұрлыбеков Еуропа жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (EUROSAI) апаттардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға бөлінетін қаражаттың аудиті бойынша арнайы топтың VI отырысына қатысты, Варшава қаласы (Польша Республикасы), 2014 жылғы 15-16 мамыр

EUROSAI-дың арнайы тобының жұмысына Әзірбайжан, Молдова, Болгария, Венгрия, Қазақстан, Польша, Ресей, Украина, Чехия және басқа да елдердің жоғары қаржы бақылау органдарының өкілдері қатысты.

ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшыларының кездесулері

INTOSAI-дың XXI Конгресінің материалдары, 2013 жылғы 19 - 24 қазан

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату