РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Халықаралық қатынас - Есеп комитетінің халықаралық қызметі туралы жалпы ақпарат - ШЫҰ

 Шанхай ынтымақтастық ұйымы
 
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 ж. Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін қалыптасқан «Шанхай бестігі» тетігінің негізінде құрылды.

Ұйымның негізгі мақсаттары – 2002 ж. 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру; энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау.

ШЫҰ мүше мемлекеттері– Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан болып табылады.

ШЫҰ жанындағы байқаушы мәртебесіне ие мемлекеттер-  Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Монғолия және Пәкістан.

ШЫҰ сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне ие мемлекеттер– Әзербайжан, Армения,Камбоджа, Непал,Беларусь, Шри-Ланка, Түркия.

ШЫҰ-ның негізгі құжаттары:
*ШЫҰ Хартиясы
*ШЫҰ-ны құру туралы декларация
*Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы
*Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт
*ШЫҰ Рәсімдер ережелері
*ШЫҰ Хатшылығы туралы Ереже
*Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетінің Регламенті
*ШЫҰ жанындағы байқаушы мәртебесі туралы Ереже
*ШЫҰ-ның сұхбат бойынша серіктесі мәртебесі туралы Ереже.

2016 жылғы 27 мамырда өткен ШЫҰ мүше мемлекеттердің ЖҚБО басшыларының үшінші кездесудің қорытындысы бойынша Есеп комитеті 2016-2017 жылдары ШЫҰ-ға қатысатын мемлекеттердің ЖҚБО-ларының өзара іс-қимылының үйлестірушісі болып табылады.

Іс-шараларға қатысу және оның нәтижелері:

2016 жылғы 18-20 сәуірдеЕсеп комитетінің қызметкері – мемлекеттік аудиторы «Аудитте ақпараттық технологияларды қолдану» деген тақырыптағы семинарға қатысты, Нанкин қаласы, Қытай Халықаралық Республикасы. Семинар барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушылардың және диалогы бойынша әріптестердің ЖҚБО өкілдері арасында көрсетілген саласында тәжірибемен, біліммен және дағдыларымен алмасу өтті.

2016 жылғы 27 мамырдаАстана қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан бірінші басшыларының қатысуымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ЖҚБО басшыларының үшінші кездесуі өтті. Кездесуге қатысушылар экономиканың тұрақсыздығы мен жаһандық тәуекелдер жағдайларында мемлекеттік аудитті жүргізудің тиімділігін арттыру проблемаларын талқылады. Кездесудің қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ЖҚБО ынтымақтастығы шеңберінде 2016-2017 жылдарға арналған Іс шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар), мемлекетік аудиттің ең өзекті мәселелері жөнінде өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және тереңдету бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

Жоспардың орындалуы шеңберінде 2016 жылғы 20-21 қазанда Астана қаласында «ШЫҰ-ға мүше, бақылаушылардың және диалогы бойынша әріптес мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды енгізу тәжірибесі» деген тақырыптағы халықаралық семинар өткізілген. Семинарға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Түркияның ЖҚБО өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Түркияның ЖҚБО-ларының мемлекеттік аудиторларды даярлау және қайта даярлау мәселелеріне қатысты ұлттық көзқарастарымен танысып, аудиторлық  іс-шараларды жүргізудің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында оларды сертификаттау тетігін жетілдіру жолдарын талқыланды.

Жоспарға сәйкес 2016 жылғы 15-16 қарашада Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Есеп комитетінің өкілі «Мемлекеттік сатып алу саласында аудитті жүргізу әдіснама және практика» деген тақырыптағы семинарына қатысты.
2017 жылға арналған жоспарға сәйкес жоғары мемлекеттік аудит органдары Қазақстанның, Қытайдың және Қырғызстанның жоғары мемлекеттік аудит органдары қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы қатарлас бақылау (аудит) іс-шарасы жоспарланған.
 
 

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату