РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Есеп комитетінің рәміздері

Есеп комитетінің рәміздері

Есеп комитетінің рәміздері
Есеп комитетінің туы мен таңбасы












Есеп комитетінің туында алтын түстес шұғыла мен өрнек, сондай-ақ қалқып ұшқан қыран мен ұлттық нақыштағы өрнектер қолданылған логотип бейнеленген.
Қыран Қазақстан Республикасының ұлттық нышандарының бірі, оның логотипте бейнеленуі қадағалау мағынасын білдіреді. Қанатын жайған құс бейнесі үнемі даму, жаңа шыңдарды бағындыруға ұмтылыс мағынасын білдіріп,  осыны логотипті тұтынушыларға ауызша түрде ұғындырады.
Тең қабырғалы өрнекте құрылымның Қазақстан Республикасының билік органдарына жататындығының бейнесі ретінде  ежелгі қазақ суреті пайдаланылған. Өрнекте қолданылған элементтер - қазақ мәдениетіндегі даналық пен өмірлік тәжірибені суреттейді. Өрнекті тең қабырғалы етіп жайғастыру идеясы тұрақтылық және тепе-теңдік түсінігін нақтылайды. Сонымен қатар өрнек тұтынушы үшін айырмасы білінетін салмақты, қабылдауға жеңіл әрі айқын екендігін білдіріп, Есеп комитеті қызметінің ашықтығын көрсетеді.


Есеп комитетінің әнұраны.





Есеп комитеті әнұранының мәтіні
 
Сөзін жазған::  С. Тұрғынбеков
Әнін жазған:  Т. Мұхамеджанов
 
Дүниенің түгел болсын есебі,
Есеп қана тағдырыңды шешеді.
Бақылауменен, елдігіміз көркейіп,
Есеп болса, байлығымыз өседі.
 
Қайырмасы:
 
Ел үмітін ақтаймыз,
Ел байлығын сақтаймыз,
Ардақты асылымдай,
Ең жақын жанашырдай.
Көзімнің жанарындай.
 
Құлпырады гүлдей жайнап даламыз,
Даламызға талай қала саламыз.
Қол сұқтырмай, мемлекет мүлкіне,
Бәрін, бәрін бақылауға аламыз.
 
Қайырмасы:
 
Шашып төкпей,  жалғыз дәннің түйірін,
Кең даланың аралаймыз қиырын.
Бүкіл елдің бақыты үшін, бағы үшін
Мемлекеттің сақтаймыз бар қаржысын.
 
Қайырмасы: (2 рет)

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату