РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Есеп комитеті - Есеп комитетінің регламенті

Осы бұйрық «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Регламентін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 8-НҚ нормативтік қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Есеп комитетінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 10-НҚ нормативтік қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап күшіне енеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрағасының 2017 жылғы 31 қазандағы
№ 150-н/қ бұйрығымен бекітілген

 
 
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Регламенті
 
1-тарау. Жалпы ережелер
 
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің осы Регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті  туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне (бұдан әрі – Есеп комитеті) жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау процесінде оның қызметінің ішкі тәртібін реттейді.

2. Осы Регламент:
1) құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыруға және жүргізуге,   хат-хабарларды қабылдауды, өңдеу мен бөлуді жүзеге асыруға, соның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізуге;
2) бақылауда тұрған сыртқы құжаттардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерінің орындалуын бақылауға;
3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыруға, Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін қоспағанда, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге, оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдауға және құжаттар жасауға қолданылмайды.
 
 
2-тарау. Есеп комитетінің қызметін жоспарлау
 
3. Есеп комитеті өз қызметін перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларының, сондай-ақ оларды іске асыру үшін әзірленген Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларының негізінде жүзеге асырады.

4. Перспективалық жоспарлау Есеп комитетінің одан әрі дамуының ұзақ мерзімді міндеттерін, стратегиялық мақсаттары мен түйінді көрсеткіштерін айқындау мақсатында жүзеге асырылады, оларға қол жеткізу Есеп комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген міндеттер мен функцияларға, халықаралық стандарттардың, Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының, жолдауларының және өзге де шешімдерінің талаптарына негізделген.

5. Перспективалық жоспар дегеніміз ұзақ мерзімді перспективаға арналып әзірленген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ережелерін ескере отырып қалыптастырылған құжат болып табылады.

6. Перспективалық жоспар Есеп комитеті қызметінің бағыттарын (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сараптамалық-талдамалық,  әдіснамалық, құқықтық, халықаралық, зерттеу қызметі және басқа да бағыттарды) ескере отырып, бес жылға қалыптастырылады.
Перспективалық жоспар оны атқаруға арналған шарттар өзгеріп, жекелеген түйінді көрсеткіштер орындалып, Есеп комитетіне жаңа міндеттер мен функциялар жүктелген кезде жылына бір рет 1 қазанға дейінгі мерзімде түзетуге жатады.

7.  Перспективалық жоспар жобасына ұсыныстар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшеге енгізіледі.
Перспективалық жоспар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

8. Алдағы жылға арналған жылдық жұмыс жоспары Есеп комитетінің ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттері мен қызметінің бағыттарына сүйене отырып қалыптастырылады. Жоспарлы кезең ішінде жылдық жоспарды атқаруға арналған шарттардың өзгеруі, жекелеген түйінді көрсеткіштердің орындалуы және Есеп комитетіне жаңа міндеттердің, функциялардың жүктелуі ескеріле отырып, ол түзетілуі мүмкін.
Есеп комитетінің кезекті жылға (тоқсанға) арналған жұмыс жоспары (бұдан әрі – Жұмыс жоспары) перспективалық жоспардың, құрылымдық бөлімшелердің, Есеп комитеті мүшелерінің ұсыныстары негізінде осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

9. Жылдық жұмыс жоспарының бір тармағына аяқталу нысаны бірдей біртекті іс-шараларды енгізуге жол беріледі.
Орындалу мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қабылданған халықаралық міндеттемелерде белгіленген іс-шараларды қоспағанда, жылдық жұмыс жоспарындағы іс-шаралардың аяқталу мерзімдері орындалу күні нақтыланбастан, тоқсандармен, айлармен көрсетіледі.

10. Жауапты орындаушыларды көрсеткен кезде оларға жүктелген функционалдық міндеттері ескеріледі.
Бірлесіп орындаушылар ретінде Есеп комитетінің бірнеше құрылымдық бөлімшесін бекітуге жол беріледі. Бұл ретте бірінші көрсетілген құрылымдық бөлімше жылдық жұмыс жоспарының тармағының орындалуы бойынша жинақтауды жүзеге асырады және оның орындалуы жөнінде ақпарат (есеп) ұсынады.

11. Жылдық жұмыс жоспарының жобасына ұсыныстар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшеге енгізіледі.
Жылдық жоспар жобасы  жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейін Есеп комитетінің Төрағасына бекітуге енгізіледі. 

12. Есеп комитетінің тоқсандық жұмыс жоспарлары Жұмыс жоспарына сәйкес  қалыптастырылады.

13. Есеп комитетінің тиісті тоқсандық жұмыс жоспары жобасына ұсыныстар жоспарланатын кезең басталар алдындағы айдың 20-күніне дейінгі мерзімде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшеге енгізіледі.
Есеп комитетінің тоқсандық жұмыс жоспарын жоспарланатын кезең басталар алдындағы айдың 27-күнінен кешіктірмей Есеп комитетінің Төрағасы бекітеді.

14. Есеп комитетінің Төрағасы бекітетін бағалау және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарын қоспағанда, іс-шараларды, олардың атауларын (тақырыптарын), аяқталу нысандарын, орындалу мерзімдерін нақтылау аппарат басшысы бекітетін Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларында көрсетіледі.

15. Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарлары Жұмыс жоспарына сәйкес қалыптастырылады.

16. Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларында сипатталуы олардың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік бермейтін іс-шараларды, түйінді көрсеткіштерді көрсетуге жол берілмейді.
Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жоспарларында Есеп комитетінің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларында белгіленген іс-шараларға қол жеткізу кезеңдері регламенттеледі.

17. Іс-шаралардың орындалу мерзімі нақты күнтізбелік күні көрсетіле отырып айлармен беріледі.
Орындаудың шекті мерзімі ретінде келесі тоқсандағы айдың онкүндігі көрсетіле отырып, орындау мерзімін бірнеше аймен қамтылған кезең түрінде (келесі тоқсанға өтпелі іс-шаралар болған жағдайда) көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте орындалу мерзімдерінде осы іс-шараның өтпелі екені көрсетіледі.
Орындалу күнін нақтылаусыз айды көрсеткен жағдайда, орындалу күні болып тиісті кезеңнің соңғы жұмыс күні есептеледі. 

18. Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшесінің тоқсандық жұмыс жоспарында көзделген іс-шаралардың жауапты орындаушысы болып тиісті құрылымдық бөлімшенің дербестендірілген лауазымды адамы белгіленеді.

19. Жинақтаушы болып табылмайтын бірлесіп орындаушылар үшін іс-шараларды іске асыру мерзімдері негізгі орындаушының мерзімдерін ескере отырып, бірақ негізгі орындаушы үшін орындау мерзімінің алдындағы күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей айқындалады.

20. Бірлесіп орындауды көздейтін іс-шаралар негізгі орындаушылармен келісіледі.

21. Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшесінің тоқсандық жұмыс жоспарларына оның басшысы қол қояды, бағалау және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі және жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 30-күнінен кешіктірілмей Есеп комитетінің аппарат басшысына бекітуге енгізіледі.
Бағалау және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің тоқсандық жұмыс жоспарына оның басшысы қол қояды және жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 30-күнінен кешіктірілмей Есеп комитетінің Төрағасына бекітуге енгізіледі.

22. Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - кеңсе) Есеп комитетінің перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларын одан әрі бақылауға қою үшін Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) енгізеді.
Жоспарлар (іс-шаралар) тармақтарының орындалу барысы мен қорытындысы туралы ақпарат (қызметтік жазбалар, есептер, деректер) та ЭҚАБЖ-да қалыптастырылады.

23. Құрылымдық бөлімшелер жұмыс жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды бекіту үшін:
Есеп комитетінің және құрылымдық бөлімшелердің тоқсандық жұмыс жоспарларының орындалуы жөніндегі есепті тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін;
жыл қорытындысы бойынша Есеп комитетінің перспективалық жоспарының орындалуы жөніндегі есепті жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшеге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.

24. Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін Есеп комитетінің тоқсандық жұмыс жоспарының орындалуы туралы есепті қалыптастырып, Есеп комитетінің аппарат басшысына тоқсан қорытындысы бойынша іс-шаралардың орындалу уақтылылығы туралы  жиынтық ақпаратты ұсынады.
Есеп комитетінің перспективалық жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп жыл қорытындысы бойынша қалыптастырылады және есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей Есеп комитетінің Төрағасына жіберіледі.

25. Есеп комитетінің жұмыс жоспарларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімді тиісті іс-шараның жауапты орындаушысы болып табылатын құрылымдық бөлімше басшысы ұсынған қызметтік жазбаның негізінде осы бағытқа жетекшілік ететін Есеп комитеті мүшесінің және аппарат басшысының келісімі бойынша Есеп комитетінің Төрағасы қабылдайды.
Бағалау және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшені қоспағанда, Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді олардың басшылары Есеп комитеті аппарат басшысының келісімі бойынша жүзеге асырады.
Бағалау және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің тоқсандық жұмыс жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді Есеп комитетінің Төрағасы жүзеге асырады.
Егер мұндай түзетулер Есеп комитетінің перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларымен үйлеспейтін болса, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

26. Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларының уақтылы орындалуын, өзектілендірілуін бақылауды олардың басшылары жүзеге асырады.

27. Есеп комитетінің, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарлары Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Интранет-порталына (бұдан әрі – Есеп комитетінің интранет-порталы) орналастырылады.
 
 
3-тарау. Аппараттық кеңестерді, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау (бұдан әрі - МАжҚБ) органдарының үйлестіру кеңесінің отырыстарын және Есеп комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі
 
 
1-параграф. Есеп комитетінің кеңестерін және аппараттық кеңестерді өткізу тәртібі
 
28. Есеп комитетінің кеңестері мынадай:
Есеп комитеті қызметінің қорытындысын тыңдау;
Есеп комитетінің тиісті кезеңдегі қызметі туралы есепті тыңдау кезінде Есеп комитетінің алдына қойылған Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын жария ету;
Есеп комитетінің тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдау қорытындысын талқылау;
Есеп комитетінің Төрағасы белгілеген, соның ішінде Есеп комитеті мүшелерінің бастамасы бойынша Есеп комитеті не жалпы МАжҚБ органдарының жүйесі үшін стратегиялық маңызы бар өзге де мәселелерді қарау жағдайларында Есеп комитеті Төрағасының қатысуымен өткізіледі.

29. Есеп комитетінің аппарат басшысының қатысуымен аппараттық кеңестер Есеп комитетінің ағымдағы қызметінің іске асырылуын жедел бақылау және мониторингілеу талап етілетін жағдайларда өткізіледі.

30. Кеңестің күн тәртібінің, кеңестер хаттамасы жобасының және алқаға (кеңеске) шақырылғандар тізімінің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:
қаріп– Times New Roman;
қаріптің мөлшері– 14;
жоларалық интервал– 1,0;
бет жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы –2,5 см, оң жағы– 1,5 см.

31. Кеңесті өткізу тәртібінің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:
қаріп– Аrial;
қаріптің мөлшері– 16;
жоларалық интервал– 1,5;
бет жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы–2,5 см, оң жағы– 1,5 см.
Анықтамалық ақпарат курсивпен көрсетіледі.

32. Есеп комитетінің кеңестері Есеп комитетінің Төрағасы, аппараттық кеңестер Есеп комитетінің аппарат басшысы белгілеген аптаның күнінде және уақытта өткізіледі.

33. Кеңестердің күн тәртібін кеңеске төрағалық ететін адам бекітеді.
Егер Есеп комитетінің Төрағасы өзгеше белгілемесе, Есеп комитеті Төрағасының қатысуымен өтетін кеңестердің күн тәртібі кеңес өткізілгенге дейін күнтізбелік төрт күннен кешіктірілмей бекітуге енгізіледі.

34. Кеңестерге шығаруға ұсынылатын мәселелердің бастамашылары оларды өзектілігі, перспективалылығы және қарау мерзімдерінің нақтылығы мәніне мұқият пысықтайды.

35. Кеңестердің қорытындысы төрағалық етуші қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Егер Есеп комитетінің басшылығы өзгеше белгілемесе, кеңестердің күн тәртібін, хаттамаларын, шақырылғандардың тізімін, жүргізілу тәртібін және хаттаманы дайындауды кеңесті өткізуге бастама білдірген құрылымдық бөлімше ұйымдастырады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кеңестерде ұялы телефондарды пайдалануға жол берілмейді.

36. Хаттаманың жобасы тапсырма жолданатын құрылымдық бөлімшелермен, сондай-ақ Есеп комитетінің хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімдерін бақылауға және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерімен бір жұмыс күні ішінде келісілуге жатады.
 

 
2-параграф. МАжҚБоргандарының үйлестіру кеңесінің
(бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырыстарын өткізудің тәртібі 
 
37. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды, оның отырысына тиісті құжаттар мен материалдарды дайындауды, хаттаманы ресімдеуді Үйлестіру кеңесінің хатшысы жүзеге асырады, оны Үйлестіру кеңесінің төрағасы – Есеп комитетінің Төрағасы МАжҚБ органдарының қызметін үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері арасынан тағайындайды.
Отырыстың материалдарын қалыптастыру және оны дайындау жөніндегі іс-шараны ұйымдастыру Есеп комитетінің Төрағасы бекітетін Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

38. Отырысқа арналған материалдар:
1) отырыстың күн тәртібін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
2)  отырысты өткізудің тәртібін;
3) өткізудің қысқаша бағдарламасын;
4) Үйлестіру кеңесі мүшелерінің немесе отырыста сөз сөйлейтін өзге де лауазымды адамдардың сөйлейтін сөздерінің (баяндамаларының) жобаларын;
5) отырысқа қатысушылар үшін қажетті материалдарды;
6) отырысқа шақырылатын Үйлестіру кеңесі мүшелерінің, қажет болғанда, басқа мемлекеттік органдар, ұйымдар, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) өкілдерінің тізімін;
7) отырыс хаттамасының жобасын;
8) Үйлестіру кеңесінің алдыңғы отырыстарында айтылған тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты қамтиды.

39. Есеп комитетінің аппарат басшысы отырыстың қалыптастырылған материалдарын Есеп комитетінің Төрағасына қарауға ұсынады.

40. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Регламенттің 22-тарауында белгіленген тәртіппен жоспарланып отырған маңызды отырыс туралы анонс әзірлеп, оны Есеп комитетінің аппарат басшысымен келіседі және «www.esep.kz» ресми интернет-ресурста (бұдан әрі – Есеп комитетінің интернет-ресурсы) орналастырады, сондай-ақ МАжҚБ органдарының қызметін үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшенің келісімімен отырыстың қорытындысы бойынша баспасөз релизінің жобасын әзірлейді.

41. Отырыстың күн тәртібі отырыстың өтетін күні, уақыты және орны, тақырыбы және баяндамашылар туралы ақпаратты қамтиды.

42. МАжҚБ органдарының қызметін үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімше отырысқа шақырылған адамдарға хабар беруді, олардың қатысуын және тіркелуін, оларға (БАҚ-ты қоспағанда) отырыстың материалдарын жөнелтуді, отырыстың хаттамасын дайындауды қамтамасыз етеді.

43. Қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше отырыстың өткізілетін орнын дайындауды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше залдың ақпараттық-техникалық дайындығын жүзеге асырады.

44. Қажет болған жағдайда, отырыстарға Есеп комитеті Төрағасының келісімі бойынша БАҚ өкілдері шақырылады. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше БАҚ-ты, отырысқа шақырылғандарды хабардар етуді және олардың қатысуын қамтамасыз етеді.

45. Отырыстар «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ашық болып табылады. Өткізілу барысында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын материалдар талқыланатын отырыстар «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақтала  отырып өткізіледі. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мәселелер бірінші кезекте қаралады.
Отырыстар  мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында отырыстарда ұялы телефондарды пайдалануға жол берілмейді.

46. Кезектен тыс отырыстар өткізілген жағдайда, отырысқа арналған материалдар қысқартылған нұсқасында дайындалып, белгіленген өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күн бұрын Үйлестіру кеңесінің Төрағасына енгізілуі мүмкін.
 
 
3-параграф. Есеп комитетінің отырыстарын өткізудің тәртібі
 
47. Есеп комитетінің отырыстарын жоспарлау отырыстарды өткізу жоспарын әзірлеп, бекіту арқылы жүзеге асырылады. Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше бір жыл мерзімге отырысты өткізу жоспарын әзірлеп, Есеп комитетінің мүшелерімен, Есеп комитетінің аппарат басшысымен, құрылымдық бөлімшелерімен келіседі.
Отырыстарды өткізу жоспарын Есеп комитетінің Төрағасы тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.

48. Функциялары мен міндеттеріне отырысқа шығарылған мәселелер жатқызылған, аппарат басшысы айқындаған құрылымдық бөлімше осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес Есеп комитетінің басшылығында отырыс өткізудің тәртібінде көрсетілген мерзімде отырыстың материалдарын қалыптастыруды жүзеге асырады.

49. Отырысқа арналған материалдар:
1) отырыстың күн тәртібін (мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде). Отырыстың күн тәртібінде отырыстың өтетін күні, уақыты мен орны, тақырыбы және баяндамашылар туралы ақпарат қамтылуы тиіс;
2)  отырысты өткізудің тәртібін;
3) отырысқа қатысушылар үшін қажетті материалдарды;
4) отырысқа шақырылатын Есеп комитетінің лауазымды адамдарының, қажет болғанда, басқа мемлекеттік органдар, ұйымдар, соның ішінде БАҚ өкілдерінің тізімін;
5)  отырыс хаттамасының жобасын;
6) Есеп комитетінің мүшелері және Есеп комитеті аппаратының лауазымды адамдары бұрыштама қойған Есеп комитеті қаулысының жобасын (қажет болған жағдайда) қамтиды.

50. Аппарат басшысы отырыстың қалыптастырылған материалдарын Есеп комитетінің Төрағасына қарауға ұсынады.

51. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Регламенттің 40-тармағы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте отырыстың қорытындысы бойынша баспасөз релизінің жобасы Есеп комитетінің отырысты ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің келісімімен әзірленеді.

52. Отырысты өткізуге жауапты құрылымдық бөлімше отырысқа шақырылған адамдарға хабар беруді, олардың қатысуын және тіркелуін, отырыстың материалдарын Есеп комитетінің мүшелеріне, Есеп комитеті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және өзге де адамдарға жөнелтуді, отырыстың хаттамасын дайындауды және алдағы болатын отырыстың материалдарын отырысқа шығарылатын мәселелер құзыретіне кіретін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға (оларды шақыруға бастамашылық етілген жағдайда) жіберуді қамтамасыз етеді.

53. Қаржылық және материалдық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше отырыс өткізілетін орынды дайындауды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше залдың техникалық дайындығын жүзеге асырады.

54. Отырыстар Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, сондай-ақ Есеп комитеті Төрағасының келісімі бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен, соның ішінде бейнеконференция байланысы арқылы өткізілуі мүмкін.

55. Есеп комитетінің отырыстары «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ашық болып табылады. Өткізілу барысында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын материалдар талқыланатын отырыстар «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақтала отырып өткізіледі. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мәселелер отырыс барысында бірінші кезекте қаралады.
Құпия іс жүргізуді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органына тиісті отырыс өткізілгенге дейін күнтізбелік жеті күн бұрын аспаптық тексеру жүргізуге еркін нысандағы өтінімді жібереді.
Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мемлекеттік аудит материалдары талқыланатын отырыстың алдындағы күні құпия іс жүргізуді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше отырыс залында аспаптық тексеруді ұйымдастырады және кіретін есіктерге мөр басады.
Есеп комитетінің отырыстары мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Есеп комитетінің отырыстарында ұялы телефондарды пайдалануға жол берілмейді.

56. Есеп комитетінің отырысы қысқа мерзімде өткізілетін жағдайларда, отырысқа арналған материалдар қажет болған кезде қысқартылған нұсқасында дайындалып, өткізілетін күні енгізіледі.

57. Есеп комитетінің отырысын өткізу тәртібі (бұдан әрі – отырысты өткізу тәртібі) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады. 

58. Сөйлейтін сөздердің тезистері отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелердің ерекшеліктеріне сәйкес жасалады.

59. Кестелерді, қосымшаларды, орындаушы туралы белгілерді, ескертпелерді және басқа да анықтамалық ақпаратты қалыптастырған жағдайларда, осы Регламенттің 30-тармағында көрсетілген қаріптің және жоларалық интервалдың мөлшері кішірейтілуі мүмкін.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша отырыстар үшін дайындалатын анықтамалық ақпарат Есеп комитеті мүшесінің қорытындысында баяндалған қандай да бір фактілердің немесе оқиғалардың сиптаттамасын қамтиды.

60. Екі немесе одан да көп парақтағы құжатты ресімдеген кезде екінші және одан кейінгі парақтар нөмірленеді. Нөмірлер араб цифрларымен парақтың жоғарғы жиегінің ортасына тыныс белгісінсіз қойылады.

61. Сөйлейтін сөздердің тезистері екі бөліктен: кіріспе және негізгі бөліктерден тұрады. Кіріспе бөлік отырысқа қатысушылардың қысқаша сәлемдесу сөздерін, кворумның белгіленуін, сөз сөйлейтіндердің регламентін, отырыстың күн тәртібінде кезектілігі тәртібімен санамаланып, қаралатын мәселелердің тізбесін, отырыстың мәселелерін қарауға көше отырып, күн тәртібін бекітуді қамтиды. 
Төрағалық етушінің шешімі бойынша сөйлейтін сөздердің тезистері отырысты жүргізу тәртібіне енгізілуі мүмкін. 

62. Есеп комитетінің отырысы, егер оған Есеп комитеті мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Есеп комитетінің отырысында мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Егер шешімге отырысқа қатысушылардың санынан Есеп комитеті мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, шешім қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

63. Отырысқа шығарылған мәселені талқылаған кезде Есеп комитетінің мүшелері ерекше пікірін айта алады, ол жазбаша түрде ресімделіп, отырыстың хаттамасына қоса беріледі.

64. Отырысты өткізу кезінде Есеп комитеті Төрағасының шешімі бойынша отырыстардың аудио және бейне жазбалары жүргізіледі және қажет болған жағдайда, кейіннен отырыстың хаттамасына қоса тіркелетін олардың фонограммалары толық жазылып, басып шығарылады.

65. Құпияға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мәселелерді қарау кезінде бейне және фотоаппаратураны, ұялы телефондарды және өзге де жазып алатын құрылғыларды пайдалануға жол берілмейді. Жергілікті желілер мен дербес компьютерлер ажыратылады, селекторлық байланыс өшіріледі.

66. Өткізілген отырыстың нәтижелері бойынша отырысты өткізуге жауапты құрылымдық бөлімше хаттаманың жобасын мүдделі адамдармен пысықтап, отырыс өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде басшылыққа қол қоюға енгізеді. Хаттаманы өздеріне тапсырма арналған Есеп комитетінің мүшелерімен, Есеп комитетінің қызметкерлерімен келісу қажет.

67. Есеп комитетінің отырысында қабылданған шешімдер Есеп комитетінің қаулыларымен ресімделіп, орындаушылардың назарына жеткізіледі.
Қажет болған жағдайда, қабылданған шешімдерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітіледі, олардың орындалуына бақылау орнатылады.
Хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімдерін бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің отырысында қабылданған және құрылымдық бөлімшелерге бағытталған шешімдердің орындалуын бақылайды.

68. Отырыстар Есеп комитеті Төрағасының басшылығымен өткізіледі. Есеп комитетінің Төрағасы болмаған жағдайда, отырыстарды өткізу жөніндегі оның функцияларын оның міндетін атқаратын Есеп комитетінің мүшесі орындайды.

69. Отырысты өткізуге жауапты құрылымдық бөлімше дайындаған Есеп комитеті қаулысының жобасы отырыстың нәтижелері ескеріле отырып, үш жұмыс күні ішінде пысықталады және осы Регламенттің 49-тармағының
6) тармақшасы мен 50-тармағында белгіленген тәртіппен Есеп комитетінің Төрағасына енгізіледі. Есеп комитетінің қаулысына қол қойылған күн оның қабылданған күні болып есептеледі.

70. Кеңсе Есеп комитетінің қаулысына Есеп комитетінің Төрағасы қол қойған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде Есеп комитетінің қаулысын тіркеуді, сондай-ақ орындау және мәлімет үшін мүдделі лауазымды адамдарға жолдауды жүзеге асырады.

71. Есеп комитетінің әрбір қаулысы мен отырысының хаттамасына ағымдағы жылы оның бірінші отырысы өткізілген кезден бастап ретімен жалғасатын нөмір беріледі.

72. Қажет болған жағдайда Есеп комитетінің қаулылары құпиялылық режимін сақтай отырып, Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуы мүмкін.
 
 
4-параграф.  Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Есеп комитетінің отырыстарын өткізу ерекшеліктері
 
73. Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша отырыстың негізгі міндеті оның нәтижелерін қарау болып табылады.

74. Есеп комитетінің Төрағасы қаралатын мәселелердің тізбесін Есеп комитеті мүшелерінің және Есеп комитеті аппарат басшысының ұсыныстары негізінде айқындайды.

75. Осы Регламенттің 47-тармағында көзделген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Есеп комитетінің отырыстарын өткізу жоспарын жасау кезінде:
1) отырыстардың өткізілетін күні бейсенбі болып табылатындығы;
2) отырыстың өткізілетін күнін Есеп комитетінің Төрағасы сапа бақылауын жүргізудің мерзімін ескере отырып белгілейтіндігі ескеріледі.

76. Мемлекеттік аудит қорытындыларын қарау жөніндегі отырыстар мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Есеп комитетінің отырыстарын өткізу жоспарында көзделмеген өзге мерзімде Есеп комитеті Төрағасының тапсырмасы негізінде не отырыстарды шұғыл өткізуді қажет ететін себептер бойынша өткізіледі.
Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін бекіту туралы Есеп комитеті Төрағасының бұйрығына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Есеп комитетінің отырыстарын өткізу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.

77. Мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша отырысты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты болып табылады.

78. Қаржылық және материалдық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше отырыс өткізілетін орынды дайындауды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше залдың техникалық дайындығын жүзеге асырады.

79. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше өзінің қызметіне жетекшілік ететін Есеп комитеті мүшесінің келісімі бойынша отырыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, Есеп комитетінің отырысына қатысушылардың тізімін айқындайды және Есеп комитетінің отырысына осы Регламенттің 80-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көрсетілген материалдарды дайындауды жүзеге асырады.

80. Отырысқа арналған материалдар:
1) осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Есеп комитеті отырысының күн тәртібін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
2) осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Есеп комитетінің отырысына шақырылатын адамдардың тізімін;
3) осы Регламентке 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Есеп комитетінің отырысына қатысушыларды отырғызу схемасын;
4) отырыс өткізу тәртібінің жобасын;
5) мемлекеттік аудит материалдарын (аудиторлық қорытындының жобалары, жиынтық тізілім, нұсқамалар және басқа материалдар);
6) осы Регламентке 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Есеп комитеті отырысы хаттамасының  жобасын;
7) сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жиынтық сараптамалық қорытындысын;
8) жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің келісімі бойынша мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше әзірлейтін отырыстың қорытындысы бойынша баспасөз релизінің жобасын қамтиды.

81. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің Төрағасымен келіскеннен кейін Есеп комитетінің интернет-ресурсына:
1) жүргізілген мемлекеттік аудит туралы анонсты отырыс өткізілгенге дейін бір жұмыс күні бұрын;
2) баспасөз релизін отырыс өткізілетін күні немесе Есеп комитетінің Төрағасы белгілеген өзге де мерзімде орналастыруды жүзеге асырады.
Есеп комитетінің интернет-ресурсына баспасөз релизін орналастыру Есеп комитетінің отырысы өткізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

82. Материалдардың мәтіндік форматы осы Регламенттің 30, 31, 41-тармақтарына сәйкес ресімделеді.

83. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше өзінің қызметіне жетекшілік ететін Есеп комитеті мүшесінің келісімі бойынша осы Регламенттің 52-тармағында көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.

84. Бірлескен бақылау жүргізілген жағдайда, отырысқа мемлекеттік аудит жүргізуге  қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

85. Талқылаған кезде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері өкілдерінің қатысуын талап етпейтін мемлекеттік аудит материалдары бойынша отырыстар олардың қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.

86. Отырысты өткізуге жауапты құрылымдық бөлімше дайындаған Есеп комитеті қаулысының, аудиторлық қорытындысының, жиынтық тізілімінің, нұсқамаларының жобалары отырыстың нәтижелері ескеріле отырып, үш жұмыс күні ішінде пысықталады және Есеп комитетінің Төрағасына енгізіледі. Есеп комитетінің қаулысына қол қойылған күн оның қабылданған күні болып табылады.

87. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Есеп комитетінің қаулысын тіркеуді және оны аудиторлық қорытынды мен жиынтық тізілімді немесе аудиторлық қорытынды мен жиынтық тізілімнен үзінді көшірмелерді қоса бере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері мен басқа да мүдделі тұлғаларға орындау және мәлімет үшін жөнелтуді Есеп комитетінің жауапты мүшесі ұйымдастырады және Есеп комитеті аппаратының жауапты қызметкерлері оған қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Есеп комитетінің қаулысы аудиторлық қорытындының қоса берілуімен толық көлемінде Есеп комитеті Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және құқық қорғау органдарына жолдануы мүмкін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына  анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы міндетті түрде орындау үшін нұсқамалар аудиторлық қорытынды мен жиынтық тізілім немесе аудиторлық қорытынды мен жиынтық тізілімнен үзінді көшірмелер қоса беріле отырып жолданады.
Есеп комитетінің қаулыларын, нұсқамаларын, Есеп комитеті отырыстарының хаттамаларын тіркеу осы Регламенттің 70, 71-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

88. Өткізілген отырыстың нәтижелері бойынша жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитеті Төрағасының тапсырмасы бойынша БАҚ алдында Есеп комитеті өкілінің сөз сөйлеуін осы Регламенттің 21-тарауының талаптарына сәйкес ұйымдастырады.

89. Қаулыларды, аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және (немесе) нұсқаманың тармақтарын бақылауға қою, бақылау, мониторингілеу, бақылаудан алу, олардың орындалу мерзімдерін ұзарту Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына және Есеп комитеті Төрағасының 2014 жылғы 23 мамырдағы №87-н/қ бұйрығымен бекітілген Есеп комитетінде құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
 
 
4-тарау. Шетелде Есеп комитеті өкілдерінің қатысуымен халықаралық
іс-шараларды дайындау
 
90. Шетелде Есеп комитеті өкілдерінің қатысуымен халықаралық іс-шараларды дайындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
Шетелдегі халықаралық іс-шараларға қатысуға арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – СІМ) әкімшісі болып табылатын 005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. Есеп комитеті жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың желтоқсанынан кешіктірмей не СІМ-нің сұрауында белгіленген мерзім ішінде оған жыл сайын шетелдік іссапарларға арналған шығындардың сомалары бойынша есеп-қисапты жібереді.

91. Іс-шаралардың мазмұндық бөлігін дайындау мақсатында халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше ұсыныстарды қарау және енгізу үшін жоспарланған іс-шара бойынша алынған материалдарды тиесілілігіне қарай Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.
Құрылымдық бөлімшелер материалдар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде (егер ұсынылған материалдардан анағұрлым тығыз мерзім туындамаса) іс-шараның бағытын ескере отырып, оларды пысықтауды қамтамасыз етеді және халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімшеге өзінің ұсыныстарын ұсынады.

92. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын жинақтауды, материалдардың түпкілікті пакетін пысықтап дайындауды, оны басшылықпен келісуді қамтамасыз етеді.

93. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше іс-шара өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын не аппарат басшысының келісімі бойынша өзге де мерзім ішінде:
1) Есеп комитетінің тиісті қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрықтың жобасын әзірлейді;
2)   СІМ-мен өзара ұйымдастырушылық іс-қимылдарын жүргізеді, соның ішінде шетелдік іссапарларға ақшалай қаражат бөлудің қажеттігі туралы хат жолдайды;
3) жол жүру билеттерін, қонақүйлерді броньдауды жүзеге асырады.

94. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің Төрағасы шетелге халықаралық іс-шараларға іссапарға баратын кезде Қазақстан Республикасы Президентінің не ол уәкілеттік берген адамның тиісті келісімін алуға сұрау жолдайды. Төраға шетелдік іссапардан келгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне не ол уәкілеттік берген адамға сапардың қорытындысы жөнінде есеп беруді қамтамасыз етеді.

95. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше құжаттарды (паспортты, визаларды) ресімдеуді, ақшалай қаражатты (іссапар шығыстарын) алуды, Есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелерінің, аппарат басшысының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының жасаған сапарларының қорытындысы жөніндегі аванстық есептерді СІМ-ге тапсыруды жүзеге асырады, сондай-ақ көрсетілген мәселелер бойынша Есеп комитетінің өзге де қызметкерлеріне көмек көрсетеді.

96. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше іссапарға кететін қызметкерлерге халықаралық іс-шараға (аудиторлық іс-шараларды қоспағанда) кеткенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, іс-шараның бағдарламасын, баратын ел туралы қысқаша ақпаратты және өзге де құжаттарды, соның ішінде іс-шараны ұйымдастырушылардан алынған ақпаратты ұсынады.

97. Есеп комитетінің құпия сақтаушы болып табылатын қызметкерлері шетелдік іссапарға кететін кезде құпия іс жүргізуді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше нұсқама өткізеді.

98. Іссапардан келгеннен кейін:
1) Есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелері, аппарат басшысы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары бір жұмыс күні ішінде паспортты және аванстық есепті жасауға қажетті құжаттарды (жол жүру билеттерін, отырғызу талондарын, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің шекара қызметтерінің белгісі қойылған паспорт беттерінің көшірмелерін) халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімшеге береді;
2) Есеп комитетінің өзге қызметкерлері үш жұмыс күні ішінде СІМ-нің тиісті бөлімшелеріне қызметтік төлқұжаттарды қайтарып, аванстық есептерді тапсырады;
3) Есеп комитетінің мүшелері, аппарат басшысы және Есеп комитеті аппаратының қызметкерлері:
аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, халықаралық іс-шараға қатысудың қорытындысы жөніндегі есепті осы Регламентке 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде Есеп комитетінің Төрағасына ұсынады, соның ішінде оны кейіннен Есеп комитетінің интранет-порталына орналастыру үшін ұсынады.
халықаралық  семинарларға, оқу курстарына және басқа да білім беру іс-шараларына қатысқан жағдайда, қатысу кезінде алған ақпаратты таныстыра отырып, бір ай ішінде Есеп комитетінің қызметкерлері үшін техникалық оқу өткізеді. Халықаралық іс-шараның тақырыбына қарай, техникалық оқу өткізудің қажеттігін халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің аппарат басшысының келісімі бойынша  айқындайды.
 
 
5-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында Есеп комитетінің халықаралық іс-шараларын дайындау
 
99. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының аумағында Есеп комитетінің халықаралық іс-шараларын дайындау және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады.

100. Қазақстан Республикасының аумағында Есеп комитетінің халықаралық іс-шараларын дайындауға және ұйымдастыруға арналған шығыстар СІМ әкімшісі болып табылатын 006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылады.

101. Есеп комитеті жыл сайын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың желтоқсанынан кешіктірмей не СІМ белгілеген өзге де мерзім ішінде оған өкілдік шығындардың сомалары бойынша есеп-қисапты жібереді.

102. Іс-шаралардың мазмұндық бөлігін дайындау мақсатында халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше іс-шара өткізілгенге дейін кемінде екі ай бұрын ұсыныстарды қарау және енгізу үшін жоспарланған іс-шара бойынша әзірленген материалдарды тиесілілігіне қарай құрылымдық бөлімшелерге жібереді.

103. Құрылымдық бөлімшелер материалдар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде (егер ұсынылған материалдардан анағұрлым тығыз мерзім туындамаса) іс-шараның бағытын ескере отырып, оларды пысықтауды қамтамасыз етеді және Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімшеге өзінің ұсыныстарын ұсынады.

104. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын жинақтауды, материалдардың түпкілікті пакетін пысықтап дайындауды, оны басшылықпен келісуді қамтамасыз етеді.

105. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше іс-шара өткізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын:
1) іс-шараның қатысушыларына шақырту жібереді;
2) дайындық жұмыстарының тізбесін (қарсы алу, шығарып салу,
үй-жайлар мен аппаратураларды жалға алу, залды безендіру, ресми түскі және кешкі астарды, кофе-брейктерді, мәдени іс-шараларды, фото-бейне түсірілімдерді ұйымдастыру, сондай-ақ естелік кәдесыйларды сатып алу және тағы басқа), аяқталу нысандарын, орындалу мерзімдерін және жауапты орындаушыларын көрсете отырып, Есеп комитетінің Төрағасы не оның тапсырмасы бойынша аппарат басшысы бекітетін егжей-тегжейлі бағдарламаның жобасын әзірлейді.

106. Халықаралық ынтымақтастыққажауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің мүдделі мүшелерімен және құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп іс-шара өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын:
1) қорытынды құжаттардың және басқа да үлестірме  материалдардың жобасын әзірлейді;
2) СІМ-мен  өзара ұйымдастырушылық іс-қимылдарын жүргізеді, соның ішінде өкілдік шығындарға ақшалай қаражат бөлудің қажеттігі туралы хат жолдайды;
3) қажет болған жағдайда, шетел мемлекеттерінің Қазақстан Республикасындағы елшіліктерімен өзара іс-қимыл жасайды;
4) қонақүйлерді броньдауды, шетел тілінен орыс тіліне және керісінше аударатын аудармашыларды жалдауды жүзеге асырады.

107. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді СІМ белгілеген мерзімдерде СІМ-ге тапсыруды жүзеге асырады.

108. Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекеттерінің жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларды өткізудің ұйымдастырушылық мәселелері, соның ішінде қарсы алу, шығарып салу, Қазақстан Республикасының жоғары лауазымды адамдарының ресми қабылдаулары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығының талаптарына сәйкес жоспарланып жүзеге асырылады.
 
 
6-тарау. Есеп комитетінде талдамалық жұмысты жүргізуді ұйымдастыру
 
109. Есеп комитетінде талдамалық жұмыс бюджет қаражаты мен мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыру мәселелеріне жүйелендірілген тәсілді қамтамасыз ету, Есеп комитетінің алдында тұрған міндеттерді сапалы шешу, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың нәтижелілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

110. Талдамалық жұмыстардың жоспарын қалыптастыру Есеп комитетінің жылдық жұмыс жоспары құрамында жүзеге асырылады. Есеп комитетінің мүшелері және құрылымдық бөлімшелері талдамалық жұмыс бойынша өздерінің ұсыныстарын жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшеге осы Регламенттің 11-тармағына сәйкес жібереді.

111. Бекіту бойынша Есеп комитетінің жауапты мүшелері немесе құрылымдық бөлімшелері қалыптастыратын талдамалық баяндама талдамалық жұмысты аяқтау нысаны болып табылады.
Талдамалық баяндама талдамалық жұмысты жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін, ағымдағы жағдайдың талдауын (нәтижелер, анықталған проблемалар мен кемшіліктер), сондай-ақ тұжырымдар мен ұсыныстарды (жағдайды жақсарту және анықталған проблемаларды шешу жөніндегі ұсынымдарды) қамтуға тиіс.
Қажет болған жағдайда, талдамалық баяндамаға талдамалық кестелер, графиктер және басқалары қоса беріледі.
Жүргізілген талдамалық жұмыстың (талдамалық баяндама дайындау) нәтижелері бойынша Есеп комитетінің жауапты мүшелері немесе Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелері Есеп комитетінің Төрағасы атына анықталған проблемалар, жасалған тұжырымдар мен ұсынымдар қысқаша әрі нақты сипатталатын қызметтік жазба дайындайды, сондай-ақ талдамалық жұмыстың нәтижелерін одан әрі Есеп комитетінің қызметінде, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне және (немесе) Қазақстан Республикасының Парламентіне есептік ақпарат қалыптастыру кезінде пайдалану жөнінде ұсынымдар енгізеді.

112. Есеп комитетінің есептілігі сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарына сәйкес жасалады.
Есеп комитеті Төрағасының шешімі бойынша рәсімдік стандарттармен регламенттелген, Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сауалдарына немесе Есеп комитеті қызметінің жекелеген бағыттары басымдылығының өзгеруіне байланысты ақпаратты ұсыну құрылымынан, мазмұнынан және форматынан ауытқуға жол беріледі.  

113. Халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше  шетел мемлекеттерінің жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының ресми ақпараты негізінде әдіснама және олардың қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені талдауды жүзеге асырады.

114. Шетел мемлекеттерінің жоғары қаржы бақылау органдарының ресми ақпаратын талдау  Есеп комитетінің ресми сұраулары бойынша ұсынылған ақпараттың, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының және халықаралық ұйымдардың ресми интернет-ресурстарының ақпараты негізінде  жартыжылдықта бір рет Есеп комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Есеп комитетінің Төрағасына және (немесе) Есеп комитетінің аппарат басшысына ұсынылады. 

115. Шетел мемлекеттерінің жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының ресми ақпаратын талдау Есеп комитеті мүшелерінің және құрылымдық бөлімшелердің жазбаша сұраулары бойынша жүзеге асырылады.

116. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша халықаралық ынтымақтастыққажауапты құрылымдық бөлімше талдамалық ақпаратты және жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының нормативтік құқықтық актілерін Есеп комитетінің интранет-порталына орналастырады. 
 
 
7-тарау. Есеп комитеті басшылығының азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру және Есеп комитетінің басшылығына қарауға, қол қоюға және бұрыштама қоюға құжаттарды енгізу уақыты
 
117. Есеп комитетінің мемлекеттік саяси қызметшілері азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Есеп комитетінің Төрағасы бекіткен тоқсандық кестеге сәйкес жүзеге асырады.
Кестені жасауды және бекітілуін қамтамасыз етуді кеңсе Есеп комитеті мүшелерінің келісімі бойынша есепті тоқсанның алдындағы айдың
25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

118. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше кестені Есеп комитетінің интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.

119. Төрағаның қызметін қамтамасыз етуге жауапты қызметкер Есеп комитеті Төрағасының жеке қабылдауын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Есеп комитеті мүшелерінің қабылдау бөлмелеріндегі мамандар Есеп комитеті мүшелерінің жеке қабылдауын ұйымдастыруды «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

120. Шұғыл құжаттарды қоспағанда, құжат жобалары Есеп комитетінің басшылығына қарауға, қол қоюға және бұрыштама қоюға сағат 11.00 және 16.00-де енгізіледі.
 
 
8-тарау. Есеп комитетінде қызметкерлерді қабылдаудан және қызметінен босатудан кейінгі жұмысты ұйымдастыру   
 
121. Кадр қызметі қызметкерді жұмысқа қабылдағаннан кейін:
1) лауазымға тағайындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оны тағайындау туралы бұйрықпен, құрылымдық бөлімше туралы ережемен және лауазымдық нұсқаулықпен және осы Регламентпен қолын қойғыза отырып таныстырады; 
2) лауазымға тағайындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қызметкерді Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиада аккаунттарды пайдалануы жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен жазбаша түрде (қолын қойғыза отырып) таныстырады;
3) қызметтік куәлік, электрондық рұқсаттама береді; 
4) қызметкерді Есеп комитетінде құжаттама жасау және құжаттаманы басқару тәртібі, ғимараттағырұқсаттамалықжәне объектішілік режим және Есеп комитетінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі бойынша нұсқаулықтан өту үшін кеңсеге және ақпараттық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.

122. Есеп комитетімен еңбек қатынастары тоқтатылған кезде қызметкер кадр қызметіне:  
1) қызметтік куәлігін;
2) осы Регламентке 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Есеп комитетінің жұмыстан босатылатын қызметкеріне арналған кету парағын;
3) электрондық рұқсаттамасын тапсырады.
 
 
9-тарау. Есеп комитеті қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін айқындайтын құжаттарды дайындау
 
123. Есеп комитетінің аппарат басшысының лауазымдық нұсқаулығын кадр қызметі, құрылымдық бөлімшелер басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын кадр қызметі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп, құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде дайындауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілердің және Есеп комитетінде өз функцияларын еңбек шарты негізінде жүзеге асырып жатқан қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын құрылымдық бөлімшенің тиісті басшысы құрылымдық бөлімше туралы ереже бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде дайындап, оны кадр қызметімен келіседі.

124. Есеп комитеті аппарат басшысының лауазымдық нұсқаулығы Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. Өзге лауазымдық нұсқаулықтарды Есеп комитетінің аппарат басшысы бекітеді.
 
 
10-тарау. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
 
125. Есеп комитетінің қызметкерлеріне сенбі және жексенбі болып табылатын екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл ретте күн сайынғы жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда
8 сағаттан аспауы керек.
Жұмыс күні сағат 8.30-да басталып, сағат 18.30-да аяқталады.
Күн сайынғы жұмыс барысында қызметкерлерге демалуға және тамақ ішуге сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі аралықта ұзақтығы 2 сағат үзіліс беріледі.

126. Кадр қызметі әр қызметкер бойынша жұмыс уақытының есебін жүргізеді. Жұмыс уақытын есепке алу табелі құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жұмыста уақытша болмауы туралы күн сайынғы ақпараттың негізінде толтырылады және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісіліп, кадр қызметінің басшысы қол қойғаннан кейін ағымдағы айдың 25-күніне дейін қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге беріледі.
Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелі өзгерістерімен бірге қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін беріледі, өзгерістерге байланысты Есеп комитеті қызметкерлерінің жалақысын қайта есептеу жүргізіледі.

127. Еңбек демалыстарын берудің кезектілігі күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей, жинақтау үшін кадр қызметіне ұсынылатын құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде жасалған осы Регламентке 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Есеп комитеті қызметкерлерінің еңбек демалыстары кестесімен айқындалады.

128. Есеп комитетінің аппарат басшысы күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Есеп комитеті қызметкерлерінің кезекті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесін бекітеді.

129. Еңбек демалыстарының бекітілген кестелері негізінде Есеп комитетінің тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспары жасалады. Есеп комитетінің қызметкерлеріне кезектен тыс демалыс беру қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен, аппарат басшысымен және қажет болған кезде Есеп комитетінің Төрағасымен келісіледі.
Мемлекеттік аудиторларға кезектен тыс еңбек демалысын беру кезінде демалыс туралы өтініш болжанатын кезектен тыс демалыс кезеңінде тиісті мемлекеттік аудитор қатысатын аудиторлық немесе сараптамалық-талдамалық іс-шараға жетекшілік ететін Есеп комитетінің мүшесімен, сондай-ақ жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшемен қосымша келісіледі.

130. Еңбек демалыстары кестесін жасаған кезде құрылымдық бөлімше қызметінің ерекшелігі және қызметкерлердің пікірлері ескеріледі.

131. Кадр қызметі бекітілген еңбек демалыстары кестелерінің көшірмесін еңбек демалыстары бойынша қаржының қажетті көлемін жоспарлау үшін үш жұмыс күні ішінде қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге береді.

132. Қызметкердің Есеп комитетінің аппарат басшысына енгізілетін демалысқа арналған өтініші алдымен өзінің лауазымдық функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің, кадр қызметінің, қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің тікелей басшыларының бұрыштамаларын алу арқылы келісіледі.
 
 
11-тарау. Даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру
 
133. Есеп комитетінің қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды кадр қызметі үйлестіреді.

134. Қазақстан Республикасы шегінде және шетелге қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберу Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің қажеттіліктеріне сай жүзеге асырылады.

135. Кадр қызметі әдіснамалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің келісімі бойынша МАжҚБ-ның өзекті мәселелері мен проблемаларын ескере отырып, курстардың (семинарлардың) тақырыптарын әзірлейді және оларды Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесімен (бұдан әрі - ҒӘК) жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 10 қарашасына дейінгі мерзімде келіседі.

136. ҒӘК тақырыптар тізбесін мақұлдағаннан кейін кадр қызметі біліктілікті арттыру кестесін әзірлейді және жоспарланатын кезеңде оқытуға жататын Есеп комитеті қызметкерлерінің тізімін қалыптастырады.

137. Кадр қызметі Біліктілікті арттыру кестесін Есеп комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келіседі, жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 30 қарашасына дейін оны Есеп комитетінің аппарат басшысында бекітеді және ішкі таратуды қамтамасыз етеді.
 
 
12-тарау. Есеп комитетінің қызметін регламенттейтін құжаттардың талаптарын бұзу туралы ақпаратты қалыптастыру
 
138. Есеп комитетінің қызметін регламенттейтін құжаттардың талаптарын бұзу туралы мәліметті Есеп комитетінің мына құрылымдық бөлімшелері:
осы Регламенттің 21-тармағы талаптарының бұзушылықтары үшін – бағалау және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше;
осы Регламенттің 23, 175, 177, 184-тармақтары талаптарының бұзушылықтары үшін – жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше;
осы Регламенттің 162-тармағы талаптарының бұзушылықтары үшін – құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше;
осы Регламенттің 125-тармағы талаптарының бұзушылықтары үшін – кадр қызметі;
құжаттау және құжаттаманы басқару, құпиялылық режимі тәртібін бұзушылықтар үшін – кеңсе;
ақпараттық қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары үшін – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу үшін материалдар жинау шеңберінде осы Регламентке 13-қосымшаға сәйкес нысан (бұдан әрі – нысан) бойынша тоқсан сайын қалыптастырады.

139. Есеп комитетінің қызметін регламенттейтін құжаттардың талаптарын бұзу орын алған жағдайда, олар туралы мәліметті Есеп комитетінің барлық құрылымдық бөлімшелері қалыптастыра алады.

140. Есеп комитетінің қызметін регламенттейтін құжаттар талаптарының бұзушылықтары анықталған кезде  нысанның тиісті бағандарында Есеп комитетінің бұзушылыққа жол берген құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ талаптары бұзылған құжаттың тармағына, нөмірі мен күніне сілтеме жасай отырып, бұзушылықтың мәні көрсетіледі.
«Жауапты орындаушы» деген 4-бағанда  Есеп комитетінің қызметін регламенттейтін құжаттар талаптарының бұзушылықтарына жол берген аталған құжатты орындаушының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.)  көрсетіледі.

141. Бағалау және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құрылымдық бөлімшелерден алынған мәліметтерді белгіленген тәртіппен Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу барысында қолданады.   
 
 
13-тарау. Сыртқы МАжҚБ органдарын әдіснамалық қамтамасыз ету
 
 
142. Заңның 12-бабының 4-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылықты:
1)  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының қызметін регламенттейтін  құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
2)  Есеп комитеті қабылдаған не әзірлеушісі Есеп комитеті болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі тексеру комиссияларының ұсыныстарын қарау нәтижелерін олардың назарына жеткізе отырып, қарау және жинақтау;
3)  тексеру комиссияларын Есеп комитеті қабылдаған құқықтық және әдістемелік құжаттар туралы, сондай-ақ сыртқы МАжҚБ-ны жүзеге асыруға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістер туралы  хабардар ету;
4)  Есеп комитеті қабылдаған құқықтық актілер бойынша түсіндірмелер берген жағдайда, тиісті түсіндірмені барлық тексеру комиссияларына жіберу  арқылы жүзеге асырады.

143. Әзірлеуге не өзекті етуге ұсынылатын сыртқы МАжҚБ органдарының нормативтік құқықтық және әдіснамалық, соның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі құжаттарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) Есеп комитеті мүшелерінің, құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымның және тексеру комиссияларының ұсыныстары негізінде әдіснамалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей қалыптастырады. 
ҒӘК отырысында Тізбе қаралып, мақұлданғаннан кейін оларды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар Есеп комитеті жұмыс жоспарларының жобасында қарастырылады.

144. Есеп комитетінің жауапты құрылымдық бөлімшелері Есеп комитеті мүшелерінің жетекшілігімен өздеріне жүктелген функцияларға және қызметінің бағыттарына сәйкес нормативтік құқықтық және әдіснамалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.

145. Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының қызметін қамтамасыз ету мақсатында анағұрлым маңызды нормативтік құқықтық және әдіснамалық құжаттарды әзірлеу үшін Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен Есеп комитеті мүшелерінің жетекшілігімен  Есеп комитеті құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымның, тексеру комиссияларының қызметкерлері арасынан жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
Нормативтік құқықтық және әдіснамалық құжаттардың жобалары ҒӘК қарауына кейіннен оларды заңнамада белгіленген тәртіппен бекіту немесе мақұлдау үшін енгізіледі.
 
 
14-тарау. Құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу
 
146. Құқықтық актілердің жобаларын  әзірлеуді құрылымдық бөлімшелер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

147. Есеп комитетінің нормативтік қаулыларының жобалары Есеп комитетінің мүшелерімен, Есеп комитетінің аппарат басшысымен, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен және қажет болған кезде оларды реттеу мәніне қарай өзге де құрылымдық бөлімшелермен келісіледі.

148. Бұйрықтардың жобалары Есеп комитетінің аппарат басшысымен, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі. Бағалау және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен мемлекеттік сатып алу жүргізу, демалыстар беру, іссапарға жіберу, лауазымға тағайындау және босату мәселелерімен байланысты бұйрықтарды қоспағанда, барлық бұйрық жобалары міндетті түрде келісіледі.
Қажет болған жағдайда бұйрықтардың жобалары оларды реттеу мәніне қарай Есеп комитетінің мүшелерімен және өзге де құрылымдық бөлімшелермен келісіледі.

149. Егер құқықтық актілердің жобалары басқа мемлекеттік органдардың құзыретін қозғайтын болса, онда жобалар олармен келісіледі, бұл ретте  мұндай мүдделілік жобаны келісуде жобада қаралатын мәселелердің мәніне қарай белгіленеді. 

150. Есеп комитетіне келісуге келіп түскен құқықтық актілердің жобаларынқарау мерзімдері өзге де құқықтық актілермен, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың тапсырмаларымен айқындалады.  

151. Жобаларды дайындау және келісу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл Есеп комитетінің аппарат басшысы арқылы жүзеге асырылады. 

152. Есеп комитетінің қолдаухаты бойынша келісуші мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінде және оның орынбасарларында кеңестер өткізілуі мүмкін.

153. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және  «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы   6 қазандағы № 569  қаулыларына сәйкес дайындалады.

154. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуге тікелей қатысады. 

155. Есеп комитетінің нормативтік қаулылары күнтізбелік бір жыл ішінде ретімен жалғасып нөмірленеді.
 

 
15-тарау. Құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу
 
156. Әзірлеушісі Есеп комитеті болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын құқықтық мониторингілеуді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларына,  «Қазақстан Республикасы Президенті нормативтік құқықтық жарлықтары мониторингінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 17 мамырдағы № 01-38.76 бұйрығымен бекітілген Мемлекет басшысының нормативтік құқықтық жарлықтарының мониторингін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға және  Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының әзірлеушісі болып табылатын Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың өзара   іс-қимыл қағидасы, сондай-ақ мемлекеттік органдар ұсынатын Мемлекет басшысының нормативтік құқықтық жарлықтарының мониторингі мәселелері бойынша ақпаратқа қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

157. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын қоспағанда, әзірлеушісі Есеп комитеті болып табылатын не оның құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуді Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелері «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысысәйкес тұрақты негіздежүзеге асырады.

158. Есеп комитеті құрылымдық бөлімшелерініңқұқықтық актілердің құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіруді және оның  қорытындыларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі корпоративтік порталының «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі» кіші жүйесіне орналастыруды құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

159. Есеп комитетінің құқықтық актілерін құқықтық мониторингілеу жыл сайын алдағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітілетін кесте негізінде жүргізіледі.

160. Құрылымдық бөлімшелер Есеп комитетінің құқықтық актілеріне жүргізілген құқықтық мониторинг туралы ақпаратты құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге кестеде көзделген мерзімдерде  ұсынады.  
 
 
16-тарау. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды мониторингілеу және бақылау 
 
161. Есеп комитеті аппаратының қызметкерлері қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарғақарау үшін жібереді.

162. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше:
1) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарына;
2) әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар және Есеп комитеті уәкілетті органдарға қарау үшін жіберетін мемлекеттік аудит материалдарына;
3) Есеп комитеті толтыратын және сотқа қарау үшін жіберілетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік аудиттің тоқтатылған материалдарына мониторинг және бақылау жүргізеді.
Осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген материалдарды жіберуді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.  Осы тармақтың 2) тармақшасында         көзделген материалдарды жіберуді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келіскеннен кейін мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

163. Осы Регламенттің 162-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген материалдар бойынша құрылымдық бөлімшелер фактілері қысқаша баяндалған және құқық бұзушылықтың ықтимал саралануы көрсетілген жинақтап қорытылған анықтаманы дайындайды. 
Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің талап етуі бойынша құрылымдық бөлімшелер бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға жіберу үшін қажетті жетіспейтін немесе қосымша құжаттарды ұсынады.

164. Уәкілетті органдар осы Регламенттің 162-тармағының 1) және  2) тармақшаларында көзделген материалдарды жіберген күннен бастап қабылданған шаралар туралы ақпаратты бір ай ішінде ұсынбаған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше аталған мерзім аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей осындай ақпаратты ұсыну жөнінде уәкілетті органдарға хат жобасын дайындайды.

165. Осы Регламенттің 162-тармағының 2) тармақшасында көзделген материалдар бойынша уәкілетті органдардың қабылдаған шешімдерімен келіспеген жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше аталған құқық бұзушылықты тікелей анықтаған қызметкермен бірге осындай шешімді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдау үшін, уәкілетті органның қабылдаған шешімінің заңдылығы мәнін қайта қарау жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға қолдаухат жобасын қоса бере отырып, Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне қызметтік жазба дайындайды.

166. Осы Регламенттің 162-тармағының 3) тармақшасында көзделген хаттамаларды соттың қарау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған жағдайда құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше  аталған құқық бұзушылықты тікелей анықтаған қызметкермен бірге қаулыны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдарға соттың шешіміне шағымдану жөнінде қолдаухат жібереді не Есеп комитетінің аудиторлық  іс-шараға жауапты мүшесіне шағымдану мүмкіндігінің болмауы жөнінде қызметтік жазба дайындайды. 

167. Осы Регламенттің 162-тармағының 1) тармақшасында көзделген жіберілген материалдар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жіберілген материалдар бойынша қабылданған шешімдер туралы салыстырып тексеру актісінің жобасын қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге жібереді.

168. Осы Регламенттің 162-тармағының 2) тармақшасында көзделген жіберілген материалдар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЕК ИАЖ) құқық бұзушылық белгілері бар жіберілген материалдардың есебін жүргізеді.

169. Осы Регламенттің 162-тармағының 3) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы жіберілген хаттамалар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше ЕК ИАЖ-да қалыптастырылатын электрондық журналда есеп жүргізеді.
Сотқа қарау үшін жіберілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың көшірмелері құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеде сақталады.

170. Астана қаласында қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырған қызметкері (аппарат басшысының және Есеп комитетінің бекітілген мүшесінің келісімі бойынша) қатысады.
Өзге де елді мекендерде қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше  хабарламаны алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде аппарат басшысына хаттаманы толтырған қызметкердің және (немесе) құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерінің қатысуы үшін іссапарға жіберу не қаралатын іске  қатысудың қажеттілігі жоқ екендігі жөнінде ұсыныс енгізеді.

171. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше тоқсан қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей осы Регламенттің 162-тармағының 2) тармақшасындағы материалдар бойынша мәліметті қалыптастырады және мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге салыстырып тексеру және келісу үшін жібереді.  
Мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше екі жұмыс күні ішінде аталған ақпаратты келіседі не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізеді. 

172. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей аппарат басшысына осы Регламенттің 162-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген материалдарды қарау нәтижелері туралы жинақтап қорытылған ақпаратты ұсынады.
 
 
17-тарау. Есеп комитетінің ресми интернет-ресурсының
жұмыс істеуін қамтамасыз ету
 
173. Есеп комитетінің интернет-ресурсы – Есеп комитетінің Интернет желісіндегі арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындалып, Интернеттің жаһандық желісі арқылы электрондық-цифрлық нысанда жалпы ақпаратты таратуға арналған электрондық өкілдік беті.

174. Есеп комитетінің интернет-ресурсының жұмысын:
1) техникалық сүйемелдеу, қызмет көрсету және оның техникалық дамуы бөлігінде - ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған өнім берушімен бірлесіп; 
2) интернет-ресурс материалдарының өзекті болуын және толықтығын мониторингілеу бөлігінде – жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге  жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.

175. Интернет-ресурстың құрылымын Есеп комитетінің Төрағасы бекітеді және қажеттілігіне қарай өзекті етілуге жатады.
Есеп комитеті интернет-ресурсының құрылымы бекітілгеннен кейін жаңа модульдерді орналастыру, бөлімдер мен кіші бөлімдерді құру, сондай-ақ оларды жою аппарат басшысының атына жазылған қызметтік жазба арқылы және ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің келісімімен жүзеге асырылады.
Аппарат басшысының оң бұрыштамасы алынған кезде Есеп комитеті интернет-ресурсының құрылымы қайта бекітіледі.
Есеп комитеті интернет-ресурсының өзгертілген құрылымын өзекті ету өнім берушінің шарттық міндеттемелерінде айқындалған мерзімдер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

176. Құрылымдық бөлімшелердің  басшылары өз құзыреті шегінде өздеріне бекітілген ақпараттық блок бойынша Есеп комитетінің интернет-ресурсын толықтыруға жауапты орындаушыларды тағайындайды.
Құрылымдық бөлімшелердің жауапты орындаушылары Есеп комитеті интернет-ресурсының өздеріне бекітілген бөлімдеріндегі материалдардың өзекті болуын және толықтығын тұрақты негізде қадағалап отырады. 

177. Ақпараттық материалдар Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылмастан бұрын:
1) мемлекеттік тілді дамыту және жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеде мемлекеттік және орыс тілдері грамматикасы ережелерінің сәйкестігіне;
2) халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімшеде ағылшын тілі грамматикасы ережелерінің сәйкестігіне тексеруден өтеді.
Интернет-ресурсқа материалдарды, соның ішінде ақпараттық материалдарды орналастыру, түзету және жою ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге және жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің келісімімен аппарат басшысының атына жазылған қызметтік жазба арқылы жүзеге асырылады. 

178. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше аппарат басшысы аталған ақпараттық материалдарды бекіткеннен кейін оларды интернет-ресурсқа тиісті оң бұрыштама алынғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде орналастырады.
Ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінде пайдаланылатын барлық ақпараттық жүйелердің техникалық жарамды күйін қолдауды жүзеге асырады.

179. Мемлекеттік сатып алуға қатысты ақпараттық материал интернет-ресурсқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен орналастырылады.

180. Орналастыруға қажетті ақпараттық материал ЭҚАБЖ-дағы қызметтік жазбаға электрондық түрде MS Excel, MS Word, PDF, JPEG форматындағы файлдармен тіркеледі. Ақпараттық материалды Excel форматындағы файлмен ұсынған кезде ақпараттық материал  Excel-дің бір парағында орналасып, Excel-дің басқа парақтары жойылуы тиіс.

181. Word форматындағы файлдармен ұсынылатын ақпараттық материалдың шаблоны мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс:  
1) құжатты ресімдеу стилі – әдеттегідей;
2) беттің жиегі – жоғары, төмені және сол жағы - 2,5 см, оң жағы - 1,5 см, колонтитулсыз;
3) бетке нөмір парақтың жоғарғы жағынан ортасына қойылады, бірінші бетке нөмір қойылмайды.
4) қаріп– Times New Roman, мөлшері - 14;
5) абзацты ресімдеу: бірінші жолдың шегінісі – 1,27см, жоларалық интервал– жалқы, сол және оң жағынан шегініс  – 0 см, мәтінді теңестіру  – көлденеңінен, тақырып – ортасында;
6) тізімді ресімдеу: тізімді нөмірлеу қолмен жазылады, нөмірдің орналасуы сол жағынан – 1,5 см, мәтіннің орналасуы – шегініс 0 см.

182. Ақпараттық материалдың атауы тіркелген нөмірі мен күні көрсетіле отырып толық көрсетіледі. Ақпараттық материал файлының атауы латын жазуымен беріледі.

183. Есеп комитетінің интранет-порталына ақпараттық материалдарды дайындау осы бөлімде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. 

184. Есеп комитетінің интранет-порталына материалдарды, соның ішінде ақпараттық материалдарды орналастыру, түзету және жою жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің келісімі бойынша ақпараттық-техникалық сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының атына қызметтік жазба жіберу арқылы жүзеге асырылады.
 
 
18-тарау. Төрағаның блогына және Есеп комитеті интернет-ресурсының
«Сұрақ-жауап» бөліміне келіп түсетін онлайн-өтініштермен
 жұмыс істеу
 
185. Төрағаның блогына және (немесе) Есеп комитетінің интернет-ресурсына онлайн-өтініштер келіп түскен кезде  жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше онымен Есеп комитеті Төрағасын таныстырады, содан кейін Есеп комитетінің аппарат басшысы аталған өтінішке жауап жобасын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшені белгілейді.

186. Жауапты ретінде белгіленген құрылымдық бөлімше жауаптың жобасын дайындайды және оны Есеп комитеті аппарат басшысының қарауына енгізеді.

187. Есеп комитетінің аппарат басшысы жауаптың жобасын мақұлдаған жағдайда,  жауапты құрылымдық бөлімшенің бұрыштама қойылған қызметтік жазбасы жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге Төрағаның блогына немесе Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жіберіледі.
 
 
19-тарау. БАҚ-тағы жарияланымдарды мониторингілеу 
 
188. Мониторингілеуге жататын БАҚ-қа отандық БАҚ-тың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі интернет-ресурстары жатады.

189. Есеп комитеті және оның қызметкерлері туралы теріс жарияланымдар мәніне БАҚ-ты мониторингілеуді жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше, соның ішінде тиісті ұйымдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында  белгіленген тәртіппен тарта отырып жүзеге асырады. 

190. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитеті және оның қызметкерлері туралы теріс жарияланымдарды анықтаған жағдайда, бұл жөнінде бір жұмыс күні ішінде  Есеп комитетінің Төрағасына және аппарат басшысына хабарлайды.
Есеп комитетінің Төрағасы және (немесе) Есеп комитетінің аппарат басшысы одан арғы іс-қимылдар туралы шешім қабылдайды, соның ішінде қажет болған кезде Есеп комитетінің ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы жауаптың не жарияланымның жобасын бес жұмыс күні ішінде дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшені белгілейді. Егер теріс ақпарат, соның ішінде Есеп комитетінің нақты қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып БАҚ-та жарияланған болса, онда өзінің ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы жауаптың не жарияланымның жобасын дайындауды осы қызметкер бір айлық мерзімде жүзеге асырады.
Дайындалған және Есеп комитетінің Төрағасымен және (немесе) Есеп комитетінің аппарат басшысымен келісілген ақпарат тиісті БАҚ-тың редакциясына теріске шығарудың жариялануын немесе жауаптың берілуін талап ете отырып жіберіледі.

191. Осындай мәліметтерді теріске шығарумен қатар, ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтер таралған Есеп комитеті немесе Есеп комитетінің қызметкері олардың таралуымен келтірілген залалдардың және моральдық зиянның өтелуін талап етеді. Залалдарды  және моральдық зиянды өтеу туралы шешімді Есеп комитетінің Төрағасы және (немесе) аппарат басшысы не Есеп комитеті қызметкерінің өзі қабылдайды.

192. Егер БАҚ бір ай мерзім ішінде жарияланым жасамаса, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің ұсынымы бойынша бес жұмыс күні ішінде сотқа талап арызды дайындайды. Егер теріс ақпарат Есеп комитетінің нақты қызметкеріне қатысты жарияланған жағдайда, онда талап арызды осы қызметкердің өзі дайындайды. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше заң консультациясын жүргізеді.

193. Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы мәлімет, Есеп комитетінің қызметі және (немесе) оның қызметкерлері туралы жалпы ақпарат және басқалары жататын Есеп комитеті және оның қызметкерлері туралы оң жарияланымдар мәніне БАҚ-ты мониторингілеуді  жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше, соның ішінде тиісті ұйымдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тарта отырып жүзеге асырады.

194. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитеті және оның қызметкерлері туралы оң жарияланымдарды анықтаған жағдайда, бұл жөнінде бір жұмыс күні ішінде  аппарат басшысына және Есеп комитетінің Төрағасына хабарлайды.
Қажет болған жағдайда аталған ақпаратты жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше  БАҚ-тың атауын және жарияланған күнін көрсете отырып Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастыруы мүмкін. 

195. Есеп комитетінің қызметкерлеріне мемлекеттік саясатты жүргізумен, Есеп комитетінің қызметімен байланысты емес мәселелер бойынша Есеп комитетінің атынан жарияланымдарды жасауға жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдарды жариялауды Есеп комитетінің қызметкері жеке тұлға ретінде өз атынан ғана жүзеге асырады.

196. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитеті қызметкерлерінің мемлекеттік саясатты жүргізумен, Есеп комитетінің қызметімен байланысты емес мәселелер бойынша Есеп комитеті атынан жасаған жарияланымдарын анықтаған кезде бұл жөнінде бір жұмыс күні ішінде  аппарат басшысына және Есеп комитетінің Төрағасына хабарлайды.
 
 
20-тарау. Есеп комитетінің басылымдарын шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
 
197. Ақпараттық бюллетень, журнал және Есеп комитетінің басқа да басылымдары мемлекеттік және (немесе) орыс, қажет болған кезде ағылшын тілдерінде шығарылады.

198. Есеп комитетінің Ақпараттық бюллетені (бұдан әрі – Бюллетень)  – Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының белгіленген уақыт кезеңіндегі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау және басқа да іс-шаралары туралы ақпараттың электрондық жинағы.
Бюллетеньнің шығарылуы тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады.

199. Есеп комитеті Бюллетенінің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) «Есеп комитетінің жаңалықтары», мұнда Есеп комитетінің маңызды оқиғалары, соның ішінде отырыстар, кеңестер, әлеуметтік-мәдени және өзге де іс-шаралар туралы ақпарат қамтылады;
2) «Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау  қорытындыларын шолу», мұнда көрсетілген кезеңде жүргізілген Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауының негізгі нәтижелері туралы ақпарат қамтылады;
3) «Көзқарас», мұнда Есеп комитетінің басшы және басқа да қызметкерлерінің БАҚ-та, Қазақстан Республикасы Парламентінің отырыстарында есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есеп комитетінің Есебін қарау кезінде және басқа да қоғамдық, ғылыми және көпшілік іс-шараларда сөйлеген сөздеріне, берген мақалаларына, сұхбаттарына шолулар қамтылады; 
4) «Өңірлер хабарлайды», мұнда тексеру комиссияларының Бюллетеньге жариялау үшін ресми жіберген сараптамалық-талдау, әдіснамалық және өзге де материалдары қамтылады.
Бюллетеньнің құрылымы орналастырылатын материалдардың болуына қарай өзгертілуі мүмкін.

200. Есеп комитеті Бюллетенінің жобасын тоқсан сайын жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше қалыптастырады.  Оны мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, аппарат басшысымен және Есеп комитетінің мүшелерімен келіскеннен кейін есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей Есеп комитеті аппарат басшысының қарауына енгізеді. Ол Бюллетеньді Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастыру жөнінде шешім қабылдайды.

201. Тиісті оң шешім қабылданғаннан кейін ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Бюллетеньді белгіленген тәртіппен Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырады.

202. «Мемлекеттік аудит - Государственный аудит» журналының шығарылуын Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.   

203. Журналда жариялау үшін материалдарды ұсыну және іріктеу тәртібі айқындалатын «Мемлекеттік аудит - Государственный аудит» журналы туралы ережені, оны шығару тәртібін ведомстволық бағынысты ұйымның өзі белгілейді. Мақалаларды жариялау үшін басқа да мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың авторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тартылуы мүмкін.
Журналдың шығарылуы тоқсан сайынғы негізде, мемлекеттік, орыс және қажет болған кезде ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. 

204. Есеп комитеті МАжҚБ саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің, сондай-ақ әдіснамалық құжаттардың жинақтарын бюджеттен бөлінген қаражат шегінде мерзімді негізде шығара алады.
 
 
21-тарау. Есеп комитетінің қызметі туралы жаңалықтарды ұсыну 
 
205. Есеп комитетінің отырысын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты Есеп комитетінің мүшесі мен құрылымдық бөлімше отырысты өткізетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге отырыстың күн тәртібін, шақырылған адамдардың тізімін, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Есеп комитетінің қорытындысын және қаулысының жобасын жібереді.

206. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің отырысы өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей Есеп комитеті отырысының анонсы мәтінінің жобасын әзірлейді және мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, Есеп комитетінің жауапты мүшесімен және аппарат басшысымен келіседі.

207. Есеп комитеті отырысының анонсы мәтінінің жобасында тақырыбын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін көрсете отырып, алдағы болатын отырыс туралы қысқаша ақпарат қамтылуы тиіс.

208. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше анонс мәтіні келісілген күні, бірақ Есеп комитетінің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оны Есеп комитеті интернет-ресурсының «Жаңалықтар» бөлімінің «Баспасөз релиздері» кіші бөліміне орналастырады.

209. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше баспөсөз релизінің жобасын алдын ала дайындайды және Есеп комитетінің отырысы өткізілетін күні немесе Есеп комитетінің Төрағасы белгілеген өзге мерзімде оны Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырады.
Мемлекеттік аудит қорытындысы жөніндегі баспасөз релиздерінің жобаларын мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше әзірлеп, кейіннен жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді, ол жобаны редакциялап, Есеп комитетінің Төрағасымен  келіседі. 

210. Баспасөз релизін дайындау және жариялау мерзімі Есеп комитеті Төрағасының тапсырмасы бойынша өзгертілуі мүмкін. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мемлекеттік аудит материалдары талқыланатын отырыс қорытындысы бойынша баспасөз релиздері әзірленбейді. 

211. Есеп комитеті отырысының қорытындысы бойынша баспасөз релизі мәтінінің жобасында өткен отырыс барысында талқыланған мәселелер бойынша негізгі ақпарат қамтылуы тиіс. 

212. Халықаралық немесе әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу қорытындысы бойынша анонсты, баспасөз релизін әзірлеу, келісу және орналастыру тәртібі осы Регламенттің 205-210-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

213. Баспасөз конференциялары Есеп комитеті Төрағасының келісімімен не тапсырмасы бойынша ғана өткізіледі. Есеп комитетінің Төрағасы Есеп комитетінің жауапты мүшесін, жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің ұсыныстары негізінде баспасөз конференциясының тақырыбын, өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді.

214. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше баспасөз конференциясын өткізу күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей баяндамашылардың тізімін және қатысушылардың құрамын әзірлейді және Есеп комитетінің жауапты мүшесімен келіседі.

215. Баспасөз конференциясында баяндамашылар ретінде айқындалған адамдар баспасөз конференциясы өткізілгенге дейін төрт жұмыс күнінен кешіктірмей сөйлейтін сөздерінің мәтіндерін әзірлеуді және Есеп комитетінің жауапты мүшесімен, сондай-ақ Есеп комитетінің Төрағасымен келісуді қамтамасыз етеді.

216. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің алдағы болатын баспасөз конференциясы туралы дайындаған анонсы Есеп комитетінің жауапты мүшесімен, сондай-ақ аппарат басшысымен келісіледі және  БАҚ-қа таратылады.
Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше баспасөз конференциясы өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей БАҚ өкілдерін баспасөз конференциясына шақыру мәтінін әзірлейді.  
Шақырудың мәтіні тақырыпты; негізгі баяндамашылардың А.Ә.Т-ын, лауазымын, баспасөз конференциясын өткізу күнін, уақытын, орнын және регламентін, БАҚ-пен байланысты қамтамасыз етуге жауапты адамның А.Ә.Т-ын және байланыс телефонын қамтиды.

217. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше шақыру мәтінін баспаөз конференциясы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей БАҚ-қа факспен немесе электрондық пошта арқылы жібереді және оларды телефон арқылы хабардар етеді. 
Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше дайындық жұмыстары шеңберінде баспасөз конференциясына дейін бір жұмыс күні бұрын:
1) баспасөз конференциясын өткізу барысын талқылау үшін оған қатысушы Есеп комитетінің баяндамашыларымен және қызметкерлерімен кеңес өткізеді, қажет болған кезде баяндамашылардың сөз сөйлеу тәртібін нақтылайды;
2) шақырылған журналистерге баспасөз конференциясының өткізілетіні туралы ескертеді;
3) баспасөз конференциясына қатысатын БАҚ өкілдерінің саны мен құрамын нақтылайды;
4) БАҚ өкілдеріне және баспасөз конференциясының басқа да қатысушыларына үлестіру үшін баспасөз конференциясына қатысушылардың тізімін жасайды;
5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкіне БАҚ өкілдерінің және басқа да шақырылған адамдардың ғимаратқа кіруіне рұқсат алу үшін хат жібереді;
6) тіркеу нысанын әзірлейді, баспасөз конференциясына қатысушыларды тіркеуді жүзеге асыратын қызметкерді белгілейді.

218. Қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше баспасөз конференциясына дейін бір жұмыс күні бұрын баспасөз конференциясын өткізу үшін залды дайындайды және материалдық-техникалық жарақтандыруды (баяндамашылар үшін мінбелерді, қажет мөлшерде орындықтарды, TВ-камераларды орналастыру үшін орындарды және т.б.) қамтамасыз етеді.

219. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше баспасөз конференциясы өткізілетін күні:
1) баспасөз конференциясын өткізуге дайындықты тексереді;
2) БАҚ өкілдерін қарсы алуды және оларды баспасөз конференциясы өтетін орынға ертіп апаруды қамтамасыз етеді;
3) баспасөз конференциясына қатысушыларды, соның ішінде БАҚ өкілдерін тіркейді;
4) журналистердің сұрақтар қоюына жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше баспасөз конференциясының қорытындысы бойынша дайындаған баспасөз релизін Есеп комитетінің жауапты мүшесімен, Есеп комитетінің Төрағасымен келіседі және БАҚ-қа таратады.

220. Брифингтер Есеп комитеті Төрағасының келісімімен не  тапсырмасы бойынша ғана өткізіледі. Төраға Есеп комитетінің жауапты мүшесін, жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің ұсыныстары негізінде брифингтің тақырыбын, өткізілетін күнін, уақытын және орнын белгілейді.

221. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше брифинг өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей  баяндамашылардың тізімін, қатысушылардың құрамын және брифингтің модераторын Есеп комитетінің жауапты мүшесімен келіседі.

222. Брифингте баяндамашылар ретінде айқындалған адамдар брифинг өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей сөйлейтін сөздерінің мәтіндерін әзірлеуді және Есеп комитетінің жауапты мүшесімен, Есеп комитетінің Төрағасымен келісуді қамтамасыз етеді.

223. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше брифинг өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей БАҚ өкілдерін брифингке шақыру мәтінін әзірлейді.   
Шақырудың мәтіні осы Регламенттің 213-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар, брифингтің өткізілу ұзақтығын қамтуы тиіс.

224. Сондай-ақ брифингті ұйымдастыру үшін осы Регламенттің 214-217-тармақтарында көрсетілген қажетті іс-шаралар өткізіледі.  

225. Сұхбат Есеп комитеті Төрағасының келісімімен не тапсырмасы бойынша ғана өткізіледі, ол Есеп комитетінің жауапты мүшесін, БАҚ-тың сұраулары негізінде сұхбаттың тақырыбын, сұхбат беретін адамды белгілейді.

226. Сұхбат беретін адам жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен, сондай-ақ, қажет болған кезде, сұхбат алатын БАҚ өкілдерімен бірлесіп оның тақырыбын айқындайды.

227. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сұхбат өткізілгенге дейін бір жұмыс күні бұрын сұхбатқа қатысушылардың санын және құрамын айқындайды. 

228. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сұхбат өткізілетін күні:
сұхбат өткізуге дайындықты тексереді;
БАҚ өкілдерін қарсы алуды және оларды сұхбат өтетін орынға ертіп апаруды қамтамасыз етеді.
Есеп комитетінің жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі БАҚ-тағы жарияланымды қадағалап отырады. 

229. Есеп комитетінің атынан жарияланатын мақалалар бекітілген медиа жоспарға сәйкес дайындалады және Есеп комитеті Төрағасының келісімімен не оның тапсырмасы бойынша ғана жарияланады.
Есеп комитетінің атынан жарияланатын мақаланың мазмұны әдеби тіл нормаларына сәйкес болуы, қойылған тақырыпты толық ашуы, оның мәнінің әртүрлі түсіндірілуін болдырмауы, Есеп комитетінің жүргізіп отырған, соның ішінде жұртшылықпен байланыс саласындағы саясатына қайшы келмеуі тиіс.

230. Мақаланың авторы жариялау үшін БАҚ-қа мақаланы жіберу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның жобасын қажет болған кезде мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келіседі. 

231. Барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келіскеннен кейін мақаланың авторы БАҚ-қа мақаланы жариялау үшін жіберу мерзіміне дейін төрт күннен кешіктірмей оның жобасын Есеп комитетінің жауапты мүшесімен және Есеп комитетінің Төрағасымен келіседі.    

232. Мақаланың авторы БАҚ-та мақаланы жариялау үшін барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келіскен күні оны жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге не Есеп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымына «Мемлекеттік аудит – Государственный аудит» журналына орналастыру үшін жібереді. 

233. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жарияланымды қажет болғанда Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырады не БАҚ-та мақаланың жариялануын қадағалайды.
 
 
22-тарау. Ведомстволық бағынысты ұйым есебінің жобасын қарау
 
234. Ведомстволық бағынысты ұйым есебінің жобасы Есеп комитеті аппарат басшысының атына оны бекіту туралы Есеп комитеті Төрағасының тиісті бұйрығының жобасымен енгізіледі.

235. Есеп комитетіне Ведомстволық бағынысты ұйымның есебі келіп түскеннен кейін тиісті құрылымдық бөлімшелер:
1) қаржылық көрсеткіштер бойынша – қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше;
2) МАжҚБ қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселесі бойынша – кадр қызметі;
3) зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша – жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Ведомстволық бағынысты ұйымның есебін бекіту туралы бұйрық жобасына құқықтық сараптаманы құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жүргізеді.

236. Ведомстволық бағынысты ұйым есебінің жобасын қарау нәтижелері бойынша осы Регламенттің 235-тармағында көрсетілген құрылымдық бөлімшер есепті кезеңде даму жоспарында көзделген көрсеткіштерге қол жеткізуді (қол жеткізбеуді) еркін түрде қысқаша сипаттай отырып, қорытынды дайындайды және қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жинақтау үшін ұсынады.   

237. Ведомстволық бағынысты ұйым Есептің пысықталған жобасын енгізген жағдайда, осы Регламенттің 235-тармағында көрсетілген құрылымдық бөлімшелер оны он жұмыс күні ішінде қарайды. 

238. Ведомстволық бағынысты ұйым есебінің жобасына тұжырымдамалық келіспеушіліктер мен ескертулер болған жағдайда, бекіту мерзімі  Есеп комитеті Төрағасының бұйрығы негізінде ұзартылуы мүмкін. 
Ведомстволық бағынысты ұйым қызметінің кемшіліктері, нәтижелілігінің төмендігі анықталған кезде қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше ведомстволық бағынысты ұйыммен бірлесіп кемшіліктерді, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеудің себептерін, оларды жою жөніндегі нақты шараларды, аяқтау нысандары мен мерзімдерін, оларды іске асыруға жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, алдағы кезеңге арналған Ведомстволық бағынысты ұйым қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі жоспарды әзірлейді.

 
23-тарау. МАжҚБ саласындағы зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және нәтижелерін қабылдау
 
239. Есеп комитеті техникалық тапсырманы әзірлеуді, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулерді (бұдан әрі - зерттеулер) жүргізу жөніндегі жұмыстарға жалпы басшылықты, оны үйлестіруді, жұмыстардың орындалу барысын мониторингілеуді, жүргізілген зерттеулер бойынша ұсынылған есептердің қойылған талаптарға сәйкестігін бақылауды, сондай-ақ зерттеулердің нәтижелерін қабылдауды және енгізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

240. Зерттеулер МАжҚБ жүйесінің өзекті мәселелерін шешу, сыртқы МАжҚБ органдары қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін олардың мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, әдіснамалық құжаттарды дайындау және жетілдіру жөніндегі басшылықтармен ұсыныстарды әзірлеу бойынша жүргізіледі.

241. Зерттеулердің алынған нәтижелері сыртқы МАжҚБ органдары қызметінің бағыттары бойынша ғылыми-әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған болуы тиіс.

242. Есеп комитетінің мүшелері және құрылымдық бөлімшелер 1 сәуірге дейін алдағы үшжылдық кезеңге арналған зерттеулер тақырыптары бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.

243. Зерттеулерді жүргізу бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімше енгізілген ұсыныстар негізінде осы Регламентке 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Есеп комитетінің үш жылға арналған зерттеулер тақырыптары тізбесінің жобасын қалыптастырады және жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей ҒӘК қарауына енгізеді.

244. Зерттеулердің тақырыптарын қарау және келісу ҒӘК отырысында жүзеге асырылады. Зерттеулердің тақырыптарын таңдау кезінде іріктеудің негізгі өлшемшарттары болып:
1) жоспарланған зерттеу нәтижелерінің Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмаларына сәйкестігі;
2) жоспарланған зерттеу нәтижелерінің өзекті болуы және практикалық маңыздылығы;
3) МАжҚБ қызметінің жекелеген мәселелерін шешу үшін жаңа тәсілдерді және Есеп комитетінің қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша жаңа әзірлемелерді айқындаудың қажеттілігі;
4) Есеп комитетінің қызметін жетілдіруге бағытталғандығы табылады.
Зерттеу жұмыстарының тақырыптарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасы Президетінің жолдауларын іске асыру, қаржы тәртібін нығайту және МАжҚБ жүйесін реформалау бойынша қолданып жатқан шаралар, МАжҚБ аясындағы халықаралық практика ескеріледі.

245. ҒӘК отырысында кезекті үшжылдық жоспарлы кезеңге арналған Зерттеулер тақырыптарының тізбесі мақұлданғаннан кейін қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше  Қазақстан Республикасының бюджетті жоспарлау аясындағы қолданыстағы заңнамасын, соның ішінде бекітілген нормалар мен нормативтерді басшылыққа ала отырып, тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша базалық шығыстар шегінде бюджеттік өтінімнің құрамына енгізу үшін зерттеудің әр тақырыбы бойынша есептеулер мен негіздемелерді жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 25 сәуірінен кешіктірмей қалыптастырады.

246. Зерттеулерді жүргізу бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімше жоспарлы үшжылдық кезеңге арналған Зерттеулер тақырыптарының мақұлданған тізбесін Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыптарын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органына (мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) жібереді.

247. Комиссия шешімімен Зерттеулер тақырыптарының тізбесі, тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Заңмен Есеп комитетінің тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік өтінім мақұлданғаннан кейін Есеп комитетінің Төрағасы зерттеудің әр тақырыбы бойынша Есеп комитеті жауапты орындаушыларының бекітілімін бұйрықпен бекітеді.
Есеп комитетінің жауапты орындаушылары техникалық тапсырманы әзірлеуді, зерттеулердің барысын мониторингілеуді, сондай-ақ алдын ала және түпкілікті зерттеу есептерін келісуді қамтамасыз етеді.  

248. Зерттеулер тақырыптарының тізбесін нақтылау кезінде зерттеулердің тақырыптарын қалыптастыру, келісу және бекіту үшін осы Регламентте белгіленген ережелер сақталады. 
Есеп комитетінің зерттеулер тақырыптарының бекітілген тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіздеме болып Комиссия шешімі табылады.

249. Тиісті жылға арналған зерттеулерді жүргізу алдында осы Регламенттің 249-тармағына сәйкес оларды іріктеудің негізгі өлшемшарттарын ескере отырып, зерттеулердің әр тақырыбы бойынша осы Регламентке 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық тапсырма әзірленеді.

250. Техникалық тапсырма қаржылық бұзушылықтарға зерттеу жүргізу жөніндегі қызмет көрсету шартының ажырамас бөлігі болып табылады және қызметтердің сабақтастығын айқындаудың техникалық өлшемшарттарын қамтиды.
Техникалық тапсырманы бекітілімге сәйкес Есеп комитетінің жауапты орындаушылары қалыптастырады және зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшеге жинақтап қорыту, сондай-ақ мақұлдау мақсатында ҒӘК-ге шығару үшін жібереді.  

251. Техникалық тапсырмалар мақұлданғаннан кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт жасасу үшін қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберіледі. Шарт тиісті жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей жасалады.

252. Орындалатын жұмыстардың кезеңдері мен мазмұны, зерттеудің әр кезеңін орындау үшін қажетті күнтізбелік күні көрсетілген орындау кезеңінің ұзақтығы, кезеңдерде әзірленетін құжаттардың тізбесі осы Регламентке 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын Зерттеулер жүргізудің күнтізбелік кестесімен айқындалады. 

253. Зерттеу жұмыстарын бастау үшін негіз шарттың жасалуы болып табылады.

254. Зерттеуді сапалы жүргізу мақсатында Есеп комитетінің жауапты адамдары мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген ұйымдардың жауапты адамдары арасында талқылау  өткізіледі, бұл ретте:
1) талқылаулар (кездесулер) айына кемінде бір рет өткізілуі тиіс;
2) талқылауға дейін үш күн бұрын дайын материалдар Есеп комитетінің жауапты адамдарына өзара уағдаластық бойынша қағаз және (немесе) ЭҚАБЖ арқылы электрондық жеткізгіште жіберіледі.

255. Есеп комитетінің жауапты орындаушылары есептің бөлімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды: 
1) оның техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігі;
2) жүргізілген зерттеудің жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы;
3) зерттеудің күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі  мәніне талдайды.
Қарау нәтижелері бойынша есеп  қабылданады не оның қойылған талаптарға сәйкессіздігі және толық негіздемесімен пысықтаудың қажеттігі туралы ресми хабарлама жіберіледі.

256. Есеп талаптарына сәйкес болмаған кезде есеп пысықталады. 

257. Ескертулер болмаған (жойылған) кезде Есеп комитетінің жауапты қызметкерлері есепті ҒӘК отырысына шығару туралы шешім қабылдайды.

258. Орындалған зерттеулер жөніндегі есептерді бекіту туралы мәселені және зерттеулер нәтижелерін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті актілер қабылдау қажеттігі мәніне ұсыныстарды қарау жылына екі мәрте (алдын ала және түпкілікті есеп) ҒӘК отырыстарында  жүзеге асырылады. 
Зерттеулерді орындаудың қорытындысы туралы есептерді бекіту жөніндегі мәселені қарау ҒӘК туралы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

259. Отырыс өткізудің жария етілген күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей отырысқа материалдарды дайындауға жауапты Есеп комитетінің қызметкерлері мынадай құжаттар пакетін:
1) қағаз және электрондық жеткізгіштерде зерттеудің әр тақырыбы бойынша есепті;
2) талқылауға шақырылған адамдардың (баяндамашылар) тізімін сұратады.
Жүргізілген зерттеулер жөніндегі ұсынылған есептер (алдын ала немесе түпкілікті есеп) бойынша жүргізілген жұмыстың таныстыру рәсімі (слайдтарды пайдалана отырып) өткізіледі. 
Түпкілікті есептерді таныстыру рәсімінің қорытындысы бойынша Есеп комитетінің жауапты адамдарының зерттеулер тақырыптары бойынша бекітілімге сәйкес олардың одан әрі практикалық іске асырылуы туралы ақпараты тыңдалады.

260. Жүргізілген зерттеулер жөніндегі есепті қарау, талқылау және таныстыру рәсімінің қорытындысы бойынша ҒӘК алдын ала есеп бойынша мақұлдау туралы, түпкілікті есеп бойынша мақұлдау және (немесе) есепті тәуелсіз сараптамаға жіберу, соның ішінде зерттеулердің нәтижелерін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті актілерді қабылдаудың орындылығы  немесе ескертулер болған жағдайда пысықтаудың қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
Қажет болған кезде ҒӘК-те қабылданған шешімге сәйкес есептер бес жұмыс күні ішінде пысықтауға және одан әрі оларды қайтадан келісуге жіберіледі.

261. Ескертулер болмаған (жойылған) кезде шарт талаптарына сәйкес жүргізілген зерттеу бойынша есеп тәуелсіз сарапшыларға сараптама жүргізу үшін жіберіледі.

262. Ескертулер болмаған (жойылған) кезде  Есеп комитетінің жауапты қызметкерлері көрсетілген қызмет актісіне келісім парағына қол қояды. 

263. Көрсетілген қызмет актісіне келісім парағына Есеп комитетінің жауапты орындаушылары қол қояды.
Есеп комитетінің жауапты орындаушылары болмаған кезде (уақытша еңбекке жарамсыздық, демалыста немесе іссапарда болуы) келісім парағына оларды алмастыратын адамдар қол қояды. 

264. Зерттеулер жүргізу бойынша қызмет төлемдерінің талаптары шартпен айқындалады. Төлем үшін негіз болып көрсетілген қызмет актісі табылады. 

265. Көрсетілген қызмет актісіне Есеп комитетінің аппарат басшысы қол қояды.

266. Қол қойылған көрсетілген қызмет актісіне келісім парақтары мен көрсетілген қызмет актісі қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізілген зерттеулер бойынша есептің қоса берілуімен қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырылады.
 
 
24-тарау. Мемлекеттік аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың қызметін сатып алу
 
267. Есеп комитеті мемлекеттік аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың қызметін сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес техникалық өзіндік ерекшелікті (конкурстық құжаттама) Есеп комитетінің тиісті аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты мүшесімен келісіледі.

268. Есеп комитетінің тиісті аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты мүшесі аудиторлық ұйымдар және (немесе) сарапшылар көрсеткен қызметтердің нәтижелерін келіседі.
 

 
25-тарау. Ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдауыштарына орналастыру
 
269. Ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдауыштарына («ашық нормативтік құқықтық актілер», «ашық деректер», «ашық бюджеттер», «ашық диалог» интернет-порталдары) орналастыру Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жетімділік және ақпараттандыру саласындағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

270.  Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына ақпаратты құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше, ашық бюджеттер интернет-порталына ақпаратты – қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше, ашық диалог интернет-порталына ақпаратты – жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше, ашық деректер интернет-порталына ақпаратты – ақпараттың түріне қарай бекітілімге сәйкес құрылымдық бөлімше орналастырады.


қосымша

 

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату