РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

05.07.2018

Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова басшылық еткен делегация ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының 4-ші кездесуіне қатысты

Бішкекте (Қырғыз Республикасы) өткен іс-шараға сондай-ақ Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Үндістан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясының жоғары аудит органдарының (ЖАО) басшылары мен өкілдері қатысты.

04.07.2018

Есеп комитетінің Елорда күніне арналған салтанатты жиыны өтті

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық, бақыт, бейбітшілік пенамандық тіледі

04.07.2018

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Отырыстың қорытындысы бойынша «мемлекеттік аудитор» біліктілігі 3 кандидатқа беріліп, 11 кандидатқа беруден бас тартылды.

29.06.2018

Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қаржы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ өңірлердегі тексеру комиссияларының төрағалары Наталья Годунованың төрағалық етуімен өткен Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты.

28.06.2018

2018 жылғы 28 маусымда Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтауы бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

28.06.2018

Ағымдағы жылғы 29 маусымда Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіледі

26.06.2018

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау үшін Есеп комитетінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруға бағытталған қаражатты тиімді жұмсау мәселелері бойынша кеңес өтті

Бейнеконференция форматында өткен кеңеске ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, инвестициялар және даму, қаржы, ұлттық экономика, энергетика министрліктерінің, Ұлттық Банктің, сондай-ақ әкімдіктердің және өңірлердегі тексеру комиссияларының өкілдері қатысты.

22.06.2018

Есеп комитетінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова Мемлекеттік қызметші күнімен ұжымды құттықтап, қызметкерлерге зор денсаулық, жұмыста толағай табысқа және жаңа жетістіктерге жете берулерін тіледі.

21.06.2018

Есеп комитетінің негізінде Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің (РОӘК ОӘБ) отырысы өтті

Отырысқа Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) ректоры Ерлан Сыдықов, РОӘК ОӘБ мүшелері, Орал мемлекеттік экономикалық университетінің өкілдері (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қ.)қатысты.

18.06.2018

Эстонияның Мемлекеттік аудит кеңсесінің сарапшылары Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің аудитін екінші кезеңін аяқтады

Есеп комитеті  Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органы қызметінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында дәрежесі бойынша тең тексеру жүргізуге бастамашылық жасаған болатын. Аудиттің бірінші кезеңі ағымдағы жылдың сәуір айында жүзеге асырылды.

15.06.2018

Бюджет-2017: Парламент Үкімет пен Есеп комитетінің есептерін бекітті

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Палаталардың бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырыста Парламент Үкімет пен Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылап, бекітті.

13.06.2018

2018 жылғы 12 маусымда Ашық үкімет порталында Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунованың қатысуымен интернет-конференция өтті

2017 жылғыреспубликалық бюджеттің атқарылуына арналған интернет-конференция барысында 14 сұрақ түсті.

12.06.2018

Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды

12.06.2018

Ресей мен Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органдарының (ЖМАО) мамандары тәжірибе алмасты

Ресей Федерациясының Есеп палатасында мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың өзекті мәселелеріне арналған ресейлік-қазақстандық дөңгелек үстел өтті.

11.06.2018

2017 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалықетуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Сенаторлар 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептерін талқылады.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату