РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

31.01.2017

Есеп комитетінің және облыстар мен Астана қаласының тексеру комиссияларының қызметкерлері мемлекеттік аудит саласында ғы халықаралық сертификаттарға (CIPFA) ие болды

Азиялық Даму Банкінің қолдауымен өткен оқыту CIPFA Сертификатталған мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институтының (Ұлыбритания) бағдарламасының екі модулі бойынша CIPFA және EY Бизнес академиясының («Эрнст энд Янг Казахстан») оқытушыларымен пилоттық жоба щеңберінде жүзеге асырылды.

27.01.2017

Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің отырысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ғылыми-әдiснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

2017 жылы «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК жүргізуін жоспарлап отырған зерттеулердің техникалық тапсырмаларының жобалары талқыланды.

26.01.2017

Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

24.01.2017

Елбасы Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады

Мемлекет басшысына Қ.Жаңбыршин Есеп комитетінің 2016 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады.

19.01.2017 ж. - Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органы 2017 жылға мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттардың құжаттарын қабылдайтындығын хабарлайды.

14.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Есеп комитеті ұжымының салтанатты жиыны өтті

Салтанатты жиында Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ұжымды Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
Қ. Жаңбыршин қазіргізаманғы Қазақстанныңнегізін қалаушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кең ауқымды қайта құруының арқасында еліміздің өткен кезеңде қол жеткізген жетістіктері үшінТәуелсіздігіміздің мерейтойын зор мақтанышпен атап өтіп жатқанымызды баса айтты.

12.12.2016

Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин басқарған делегация ИНТОСАИ XXII Конгресінің отырысына қатысты, Абу-Даби қ. (БАӘ)

Конгрестің жұмысына ИНТОСАИ-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының (ЖҚБО) өкілдері қатысты.

ИНТОСАИ XXII Конгресінің күн тәртібіне сәйкес БҰҰ 2030 тұрақты даму бойынша  күн тәртібінің іске асыруына ИНТОСАИ ЖҚБО мүшелерінің қатысуы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлардың кәсіби деңгейін көтеру бойынша мәселелері талқыланды.

30.11.2016

Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналысы болып өтті

Салтанатты жиында Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ұжымды келе жатқан мерекемен - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
1991 жылғы 1 желтоқсан – біздің еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн деп баса айтты Қ. Жаңбыршин.

29.11.2016

2016 жылғы 29 қарашада Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының бірлескен отырысы өтті

Алғаш рет бейнеконференция режимінде өткен отырысқа Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің, Ресей Федерациясы Есеп палатасының, Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің, Армения Республикасы Бақылау палатасының және Қырғыз Республикасы Есеп палатасының басшылары мен өкілдері қатысты.

28.11.2016

2016 жылғы 28 қарашада Есеп комитетінің отырысы өтті

Армения Республикасы Бақылау палатасының, Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қырғыз Республикасы Есеп палатасының,  Ресей Федерациясы Есеп палатасының 2015 жылы Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы уәкілетті мемлекеттік органдарының Кедендік әкелу баждарының сомаларын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа  мүше мемлекеттердің бюджеттері кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманы сақтауы мәселесі бойынша жүргізген бірлескен тексерудің қорытындылары қаралды.

24.11.2016

Ағымдағы жылғы 24 қарашада Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Күн тәртібіне сәйкес отырыста 2 мәселе қаралды.

23.11.2016

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті(бұдан әрі – Есеп комитеті)Үкіметтің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларына(бұдан әрі – Қағидалар)сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерініңмүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.

18.11.2016

Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснама кеңесінің отырысы

Республикалық бюджеттін атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кезекті  Ғылыми-әдіснама кеңесі өтті.
2016 жылы «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК жүргізген зерттеулердің қорытынды есебі талқыланды.

11.11.2016

2016 жылғы 11 қарашада Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды. 

02.11.2016

Есеп комитетінің өкілдері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау (аудит) органдары басшылары кеңесінің Ұлттық түйінді көрсеткіштер жөніндегі сараптамалық тобының отырысына қатысты

Алғаш рет бейнеконференция режимінде өткен отырысқа Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей мен Тәжікстанның жоғары қаржылық бақылау (аудит) органдарының өкілдері қатысты.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату