РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

29.05.2008

Қазақстанның Республикалық есеп комитеті және Кувейттің Мемлекеттік аудит бюросы ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

21.05.2008

Есеп комитеті ҚР Парламентіне мерзімінен бұрын 2007 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне қорытынды болып табылатын есебін ұсынды.

19.05.2008

Есеп комитеті «электрондық үкімет» құрудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тиімді іске асырылуына бақылау жүргізіп, бағдарламаны қаржы-ресурстық жағынан және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша бірқатар кемшіліктерді анықтады.

13.05.2008

Есеп комитеті өз қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Түркияның ынтымақтастық және даму жөніндегі бас басқармасының (ТИКА) «Жоғары қаржы бақылау органдарының институционалдық мүмкіндіктерін дамыту» жобасына қатысады.

28.04.2008

Қазақстан Республикасының Есеп комитеті мен Қырғыз Республикасының Есеп палатасы ынтымақтастық туралы жаңартылған келісімге және бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қояды. Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев пен Қырғызстан Есеп палатасының төрағасы Ескендір Ғайыпқұловтың бүгінгі өткен кездесуі барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді.

23.04.2008

Есеп комитеті мен Дүниежүзілік банк аталмыш банктің Ментор бағдарламасын іске асыру шеңберінде БҰҰ-ның офисімен қылмыстық табыстарды жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру мәселелері бойынша ынтымақтаса жұмыс істеудің перспективаларын талқылады.

21.04.2008

Түркіменстан Республикасы Жоғары бақылау палатасының Қадыргелді Мүшиков (палата төрағасының орынбасары) бастаған делегациясы Есеп комитетінің бақылау-талдау іс-шараларын жүргізудегі тәжірибесін зерделеуде.

21.04.2008

Есеп комитеті Үкіметке Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, бекіту кезінде ондағы іс-шараларды үйлестіріп, іске асыратын жауапты уәкілетті органды белгілеуді ұсынды.

28.03.2008

Мемлекеттік қаражатты жұмсау саясаты, республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдердің толық және уақтылы түсуі, мемлекет активтерін басқару сияқты мәселелер «Экономиканы жаңғырту кезеңінде сыртқы қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру» атты ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды.

29.02.2008

Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің өзекті мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулердің қорытындысын шығарды.

21.02.2008

Есеп комитеті Статистика агенттігіне мемлекеттік статистиканы жетілдіруге, статистикалық есептілік көрсеткіштерінің өңдеу сапасын жақсартуға және статистикалық деректердің таралымын көбейтуге бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін арттыру жөнінде шаралар әзірлеуді ұсынды.

07.02.2008

Есеп комитеті өзінің кеңейтілген отырысында 2007 жылғы жұмысының нәтижелерін қорытындылады.

31.01.2008

Есеп комитеті Үкіметке Ғарыш саласының даму стратегиясын әзірлеп, қабылдауды ұсынды.

28.01.2008

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады, деп ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

13.12.2007

Есеп комитеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамында әкімшілік шығыстарды оңтайландыру жөнінде шаралар қолдануды, сондай-ақ осы компаниядағы активтерді басқарудың тиімділігін жақсартуды ұсынды.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату