РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

01.03.2018

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунованың Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі өтті

Кездесу барысында бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларын қабылдау бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау мақсатында Есеп комитетінің Парламент Сенатымен одан әрі өзара іс-қимылы  мәселелері талқыланды. 

01.03.2018

Есеп комитетінің Ғылыми-әдiснамалық кеңесінің отырысы өтті

28.02.2018

Есеп комитетінің мамандары 27 ақпанда Ресей Федерациясының Есеп палатасы ұйымдастырған бейнеконференция режиміндегі жұмыс семинарына қатысты

XVII және XVIII сессиялар арасындағы кезеңге ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржылық бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің Жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген семинарға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Тәжікстан  жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының өкілдері қатысты.

23.02.2018

20-22 ақпанда Есеп комитетінің мамандары «Жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдары қызметінің тиімділігін бағалау практикасында сапалы көрсеткіштердің маңыздылығы» тақырыбында Баку қаласында (Әзірбайджан Республикасы) өткен семинарға қатысты

XVII мен XVIII сессиялар аралығындағы кезеңге ТМД-ға қатысушы елдердің  ЖҚБО басшылары Кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген семинарға Әзербайжан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының жоғары мемлекеттік аудит органдарының өкілдері де қатысты. 

20.02.2018

Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болып тағайындалды

20.02.2018

Есеп комитетінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссиялары төрағаларының қатысуымен кеңес өтті

20.02.2018

2017 жылғы жұмыстың нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер бойынша Есеп комитетінің кеңесі өтті

Кеңес барысында Есеп комитетінің 2017 жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды.

19.02.2018

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Есеп комитетінде Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалығымен Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

16.02.2018

Төраға Нұрмұхамбет Әбдібеков басқарған Есеп комитетінің делегациясы Беларусь Республикасының жоғары мемлекеттік аудит органына жұмыс сапарымен барып қайтты

Сапар барысында Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті Төрағасымен Леонид Анфимовпен кездесу өтті. Есеп комитетінің делегациясы Беларусь Республикасының жоғары мемлекеттік аудит органы қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.

05.02.2018

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековті қабылдады

05.02.2018

Есеп комитетінің жұмыскерлері ASOSAI WGEA-ның жұмыс отырысы мен семинарына қатысты, Тайланд

Іс-шараларға ASOSAI-ға мүше 23 мемлекеттің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының өкілдері қатысты.

24.01.2018

Есеп комитетінде ЭЫДҰ өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолу: бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия (бюджет саясатын оңтайландыру)» жобасын ЭЫДҰ-ның іске асыруы шеңберінде өтті.  

ЭЫДҰ өкілдерімен Есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенев пен құрылымдық бөлімшілердің басшылары кездесті.

15.01.2018

Есеп комитетінің ұжымы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің саяси, экономикалық және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті.

11.01.2018

Мемлекет басшысы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүесін жетілдіруге бағытталған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

22.12.2017

Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің, Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисінің және Қырғыз Республикасы Есеп палатасының бірлескен отырысы өтті

Астанада Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің, Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисінің және Қырғыз Республикасы Есеп палатасының бірлескен отырысы өтті, онда аталған Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласында тиімділікті қатар бақылау (аудит) нәтижелері қаралды.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату