РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

Су шаруашылығын дамытуға бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылау қорытындысы туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қосымша ақпараты

15.12.2015

Есеп комитеті ұжымының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиыны өтті

Салтанатты жиында Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин ұжымды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қ. Жаңбыршин өз сөзінде: «Бұл басты мемлекеттік мерекені Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған дәйекті реформаларының арқасында Қазақстанның өткен кезеңде қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін мақтаныш сезімімен атап өтеміз», - деп атап айтты.

14.12.2015

Есеп комитетінде Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу барысында Кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін сақтау, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізу туралы келісімнің жобасы қаралды.

10.12.2015

Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда Есеп комитетінің кезектi отырысы өтті

Су шаруашылығын дамытуға бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылау қорытындысы шығарылды.  
 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті су шаруашылығы объектілерін салуға және реконструкциялауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде бірқатар елеулі бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бергені атап өтілді.

03.12.2015

Ағымдағы жылғы 3 желтоқсанда Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе қаралды.

30.11.2015

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Есеп комитетінің салтанатты жиыны өтті

Салтанатты жиында Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ұжымды алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
Қ. Жаңбыршин: «Осы мереке – еліміз үшін шешуші сәтте қазақстан халқының тағдыры мен мемлекетіміздің болашағы үшін тарихи жауаптылықты өз мойнына алған Ұлт Көшбасшысына құрмет көрсету», - атап өтті.

27.11.2015

2015 жылғы 26 қарашада Мәскеу қаласында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының бірлескен отырысы өтті

Отырысқа Ресей Федерациясы Есеп палатасы Төрайымының орынбасары Вера Чистова, Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің Төрағасы Леонид Анфимов және Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов қатысты.

Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды)  есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімді 2014 жылы елдердің уәкілетті органдарының сақтауын бірлескен тексеру нәтижелері қаралды.

20.11.2015

Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің отырысы

Ағымдағы жылғы 20 қарашада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-нің мемлекеттік тапсырма шеңберінде жүргізілген 2015 жылға арналған зерттеулер туралы есептері қаралды.

16.11.2015

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды

12.11.2015

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды

06.11.2015

Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

06.11.2015

Есеп комитетінде 2015 жылғы 6 қарашада облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссиялары үшін мемлекеттік аудитке көшу мәселелері бойынша семинар өткізілді

19.10.2015

Есеп комитетінің өкілі 2015 жылғы 5-16 қазан аралығында Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) Азия жоғары қаржы бақылау органдары ұйымы (АЗОСАИ) ұйымдастырған семинарға қатысты

Семинарға АЗОСАИ-ға мүше 35 мемлекеттіңжоғары қаржы бақылау органдарының (ЖҚБО)өкілдері қатысты.
Семинар барысында объектілерді ішкі бақылауды,соның ішіндеқаржылық есептілік аудитін жүргізу кезіндегі бағалаудың негізгі әдістері қаралды. Оны жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалауды қолданудың ерекше рөлі атап өтілді,бағалауды жүзеге асыру процесіне ықпалын тигізетін факторларды ескерудің маңыздылығы белгiленді.

15.10.2015

Сенат «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Парламент Сенатының отырысындамемлекет басшысының бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын орындау аясында әзірленген «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң қабылданды. Бұл заңның ережелері аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді қарастырады. Құжат Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өкілеттігін кеңейтеді.

14.10.2015

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей Федерациясы Есеп палатасының делегациясы Есеп комитетіне келді

Кездесуге  Ресейдің Есеп палатасының аппарат басшысының орынбасары Елена Шипилева, әдіснамалық қамтамасыз ету және сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыру департаментінің директоры Наталья Кузнецова және оның орынбасары Леонид Богданов  қатысты.
Екі елдің жоғары қаржы бақылау органдарының ынтымақтастық мәселелері екі жақты негіздеде, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде де талқыланды.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату