РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Есеп комитетінің қызметі - Есеп комитетіне қатысты маңызды оқиғалар

2017 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды

2016 жылғы 12 желтоқсанда Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин басқарған делегация ИНТОСАИ XXII Конгресінің отырысына қатысты, Абу-Даби қ. (БАӘ)

2016 жылғы 16  қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Александр Горяинов пен Талғат Жақанды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері қызметіне тағайындады.

2016 жылғы 23  маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Нұрлан Нұржановті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындады

2016 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қауылысымен  Константин Плотников және Халида Қамбарова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері болып тағайындалды

2016 жылғы 27 мамырда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының үшінші кездесуі өтті


2016 жылғы 19 сәуірде Есеп комитетінің құрылғанына 20 жыл толды

2015 жылғы 12 қарашада Мемлекет басшысы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды

2015 жылғы 9 қыркүйете Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Серік Нөгербековті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындады

2015 жылғы 19 маусымында Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин XIX Петербург халықаралық экономикалық форумының «Бюджет шығыстарының экономикаға мультипликативті әсері. Басымдықтар, ішкі резервтер және бақылау» атты арнайы аудиторлық панельді сессия жұмысына қатысты

2015 жылғы 2-4 наурыз аралығында Есеп комитетінің Төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин «2015 жылдан кейінгі БҰҰ-ның даму күн тәртібі: орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін жоғары қаржы бақылау органдарының рөлі» деген тақырыппен Вена қаласында (Австрия) өткен БҰҰ/ИНТОСАИ 23-ші Симпозиумына қатысты

2015 жылғы 26-27 ақпанында Мәскеу қаласында Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин Ресей Федерациясы Есеп палатасының өкілдерімен жұмыс бабында кездесулер өткізді

2015 жылғы 10-13 ақпанда Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотников Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) өткен ASOSAI-дың (Азия жоғары қаржы бақылау органдары ұйымы) XIII Ассамблеясының жұмысына қатысты

2015 жылғы 5 ақпанда Есеп комитетінің мүшесі Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев EUROSAI-дың (Еуропа жоғары қаржы бақылау органдары ұйымы) Апаттардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға бөлінген қаражатқа аудит жүргізу жөніндегі жұмыс тобының І отырысына қатысты, Люксембург Ұлы Герцогтігі

2014 жылғы 26 желтоқсанда Есеп комитеті және Қазақстан Республикасының «Аудиторлар палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2014 жылғы 3 қазанда Есеп комитетінің делегациясы  Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің XIV сессиясының жұмысына қатысты

2014 жылғы 5 тамызда Есеп комитеті мен USAID-тың Макроэкономикалық жобасы 2014-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды

2014 жылғы 25 маусымда Есеп комитетінің мүшесі Александр Горяинов  INTOSAI-дың (Халықаралық жоғары қаржы бақылау органдарының ұйымы) мемлекеттік сатып алудың келісімшарттық аудиті жөніндегі арнайы тобының бірінші отырысына қатысты, Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы).

2014 жылғы  20 маусымда Қазақстан Республикасы  Парламенті палаталарының бірлескен отырысында 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есеп комитетінің есебі бекітілді.

2014 жылғы  20 маусымда Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин  «2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне қорытынды» деген тақырыппен  Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысты.

2014 жылғы 16-19 маусым аралығында Есеп комитетінің мүшесі Айгүл Мұхаметкәрім EUROSAI-дың IX Конгресіне қатысты, Гаага қаласы (Нидерланды).

2014  жылғы  15 мамырда Есеп комитетінің мүшесі Ерлан Тұрлыбеков EUROSAI-дың (Еуропа жоғары қаржы бақылау органдарының ұйымы) апаттардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға бөлінетін қаражаттың аудиті бойынша арнайы тобының  өткен VI отырысына  қатысты, Варшава қаласы (Польша Республикасы).

2014 жылғы 24 сәуірде Есеп комитетінің Төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың қазіргі заманғы стандарттары мен технологиялары» деген тақырыппен өткенIIIЕуразиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға  қатысты, Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы).

2014 жылғы 17 сауірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды

2014 жылғы 4 наурызда Есеп комитетінің мүшесі Айгүл Мұхаметкәрім Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының жоғары қаржы бақылау органдарының бірлескен отырысына қатысты, Минск қаласы (Беларусь Республикасы).

2014 жылғы 15 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.

Есеп комитетінің Төрағасы Аслан Мусин 2013 жылғы 19-24 қазан аралығында Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (ИНТОСАИ) ХХІ Конгресінің отырысына қатысты.
 
Есеп комитеті
2014 жылғы 13 маусымда
«Аудиторлар алқасы» кәсіби аудиторлық ұйымымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2013 жылғы 31 шілдеде «Казка» кәсіпкерлердің қазақстандық қауымдастығымен.
2013 жылғы 30 қыркүйете Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасымен және Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығымен.
2013 жылғы 10 қазанда
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

2013 жылғы 5 қыркүйегінде  Мемлекет басшысының Жарлығымен Айгүл Мұхаметкәрімқызы Мұхаметкәрім Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды

2013 жылғы 5 қыркүйегінде  Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XIII сессия өтті.

2013 жылғы 2 мамырда Мәжілісте: Республикалық бюджеттің есебі таныстырылды.

2013 жылғы 26 сәуірде Есеп комитеті Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің төртінші отырысын өткізді. 

2012 жылғы 11 желтоқсанда Есеп комитетінің қызметіне жүргізілген достық тексеру нәтижелерін қарау бойынша Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің және Ресей Федерациясы Есеп палатасының бірлескен отырысы өтті.
 
2012 жылғы 28 қыркүйегінде Есеп комитеті Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің үшінші отырысын өткізді.

2012 жылғы 21 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Есболайұлы Мусин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып  тағайындалды.

2012 жылғы 5-6 қыркүйегінде Есеп комитеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің XII сессиясының жұмысына қатысты.

2012 жылғы 28-30 мамырында Есеп комитеті Түркия Республикасының Есеп соты ұйымдастырған халықаралық симпозиумның жұмысына қатысты.

2012 жылғы 18 мамыр Мәжілісте Есеп комитетінің 2011 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебінің таныстырылымы өтті.

2012 жылғы 3 мамыр Есеп комитеті және Люксембург Ұлы Герцогтігінің Аудиторлар Соты Ынтымақтастық туралы келісім жасады.

2012 жылғы 23-24 сәуірінде Есеп комитеті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының 2-ші отырысының жұмысына қатысты.

2012 жылғы 6 сәуірде Есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының үйлестiру кеңесінің кезектi отырысы өттi.

2012 жылғы 19 наурызда - Астанада Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Қарсы бақылау» көркем фильмінің премьералық көрсетілімі болды.

2012 жылғы 29 ақпан – 03 наурыз аралығында Есеп комитеті ASOSAI-дың ХII Ассамблеясының жұмысына қатысты.

2011 ж. 4-6 қазанында Есеп комитеті Анкара қаласында (Түркия Республикасы) өткен Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары қаржы бақылау органдары ұйымы Басқармасының 16-шы отырысына және оның Ассамблеясының кезектен тыс сессиясының жұмысына қатысты

2011 жылғы 23 қыркүйек Есеп комитетінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жаңадан құрылған тексеру комиссияларының төрағаларының қатысуымен ұйымдастыру отырысы өттi.

2011 жылғы 15 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Александр Горяиновті және Совхозбек Құлмағамбетовті Есеп комитетінің мүшелері қызметіне тағайындады.

2011 жылғы 8 қыркүйек - Есеп комитеті Киев қаласында (Украина) өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің XI сессиясының жұмысына қатысты.

2011 жылғы 23 маусым Астана қаласында «Мемлекеттiк қаржылық бақылау - экономиканы тұрақтандырудың құралы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2011 жылғы 23 маусым - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Жансейіт Сәрсенқұловты Есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындады.

2011 жылғы 22 маусым Қазақстанның, Бiрiккен Араб Әмірліктері мен Түркия Республикасының жоғары қаржы бақылау органдары сыртқы мемлекеттiк қаржылау бақылау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

2011 жылғы 1 маусым Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Константин Плотниковті және Ерлан Тұрлыбековті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері қызметіне тағайындады.

2011 жылғы 30 мамыр - 3 маусым аралығында Есеп комитеті Лиссабон қаласында (Португалия) өткен Еуропа жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (ЕУРОСАИ) VIII конгресінің жұмысына қатысты.

2011 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру рәсімі өтті.

2011 жылғы 17  мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды.
 

2011 жылғы мамырда мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесi қызметкерлерiнiң біліктілігін арттыру үшiн Есеп комитеті Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және даму басқармасының (ТИКА) тікелей қолдауымен мамандандырылған оқу орталығын ашты.

2010 жылғы қараша – Есеп комитеті жоғары қаржы бақылау органдары халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) ХХ конгресінің жұмысына қатысты.

2010 жылғы қараша – Қазақстан Республикасы Есеп комитеті мен Француз Республикасы Есеп соты Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2010 жылғы қазан – Астана қаласында Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (ЭКОСАИ) V Ассамблеясы өтті.

2010 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Есеп комитеті мен Бельгия корольдігі Аудит соты Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2010 жылғы қыркүйек – Есеп комитеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің X сессиясының жұмысына қатысты.

2010 жылғы шілде – Есеп комитетінің Төрағасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының «Дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру: жоғары қаржы бақылау органдарының рөлі мен орны» атты конференциясына қатысты

2010 жылғы маусым – ҚР Парламент Мәжілісі Молдағали Сәтқалиевті Есеп комитетінің мүшелігіне тағайындады.

2010 жылғы маусым – Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкіметтің есебі бойынша қорытынды болып табылатын 2009 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есеп комитетінің есебін бекітті.

2010 жылғы мамыр - Экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі жоба бойынша USAID-пен жобасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2010 жылғы сәуір – Астана қаласында Жоғары қаржы бақылау органдары халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) маңызды ұлттық көрсеткіштер бойынша жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.

2009 жылғы мамыр - Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында жоғары қаржы бақылау органдарының бақылау-қадағалау органдарымен өзара іс-қимылы» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстаннның, Қырғызстанның және Ресейдің жоғары қаржы бақылау органдары бірлескен қарарға қол қойды;

2009 жылғы мамыр - Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының кеңесі жанынан құрылған Маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптама тобының 2-отырысы өтті;

2009 жылғы сәуір - Есеп комитеті мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Қазақстанның экономикасын және қаржы жүйесін тұрақтандыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуына мониторинг пен бақылау жүргізу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды;


2009 жылғы қаңтар - Есеп комитеті мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы қаржы-экономика саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды;


2008 жылғы желтоқсан - Қазақстанның Есеп комитеті мен Қырғызстанның Есеп палатасы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды;

2008 жылғы желтоқсан - Есеп комитеті мен Дүниежүзілік банк «Мемлекеттік қаржы аудитінің жүйесін дамыту» жобасының шеңберінде ынтымақтасып жұмыс істеуге уағдаласты;
2008 жылғы қыркүйек - Есеп комитеті мен USAID агенттігі «Орталық Азия елдерінде экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» жобасы шеңберінде ынтымақтасып жұмыс істейтін болады;


2008 жылғы қыркүйек - Есеп комитетінің делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары Кеңесінің VIII сессиясының жұмысына қатысты;


2008 жылғы тамыз - Мемлекет басшысының Жарлығымен Имантаев Ермек Жетпісбайұлы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2008 жылғы тамыз - Мемлекет басшысының Жарлығымен Шардарбек Шәріпбек өзінің өкілеттігі мерзімінің аяқталуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды;


2008 жылғы тамыз - Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2008 жылғы тамыз - Мемлекет басшысының Жарлығымен Өксікбаев Омархан Нұртайұлы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы болып тағайындалды;


2008 жылғы маусым - Есеп комитетінің делегациясы Еуропа жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (ЕВРОСАИ) VII конгресінің жұмысына қатысты;


2008 жылғы мамыр - Қазақстанның Есеп комитеті мен Кувейттің Мемлекеттік аудит бюросы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды;


2008 жылғы мамыр - Есеп комитеті Түркияның ынтымақтастық және даму жөніндегі бас басқармасының (ТИКА) «Жоғары қаржы бақылау органдарының институционалдық мүмкіндіктерін дамыту» жобасына қатысады;


2007 жылғы қараша - Қазақстанның Есеп комитеті мен Украинаның Есеп палатасы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды;


2007 жылғы қараша - Есеп комитеті Халықаралық жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (ИНТОСАИ) XIX конгресінің жұмысына қатысты;


2007 жылғы қазан - Есеп комитетінің Төрағасы 2010 жылға дейін ЭКОСАИ-дың төрағасы болып сайланды;


2007 жылғы қазан - Есеп комитетінің Төрағасы ЭКОСАИ-дың Бас ассамблеясында «Жоғары қаржы бақылау органдарының экономиканы дамытудағы рөлі» деген тақырыпта баяндама жасады;


2007 жылғы қыркүйек - Қазақстанның Есеп комитеті мен Ұлыбританияның Ұлттық аудит офисі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды;


2007 жылғы мамыр - Есеп комитеті Анкара қаласында өткен экологиялық аудит жөніндегі халықаралық симпозиумге қатысты;


2007 жылғы сәуір - Қазақстанның Есеп комитеті мен Польшаның Жоғары бақылау палатасы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды;


2007 жылғы наурыз - Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Ресей Федерациясы мен Әзірбайжан Республикасы есеп палаталарының бірлескен алқа отырысы өтті. Осы отырыста Каспий теңізіндегі су-биологиялық ресурстардың, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлерін қорғау, қалпына келтіру және ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаны іске асыруға бағытталған бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына қатысты жүргізілген қосарласқан тексерудің нәтижелері қорытындыланды;


2006 жылғы қазан - Есеп комитеті Шолпан-Ата қаласында (Қырғыстан) жоғары қаржы бақылау органдарының басшылары қатысқан «Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатумен күресудегі жоғары қаржы бақылау органдарының рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысты;


2006 жылғы қыркүйек - Есеп комитеті ЕВРОСАИ-дың Киев қаласында (Украина) өткен «Сыбайлас жемқорлықпен және алаяқтықпен күресудегі жоғары қаржы бақылау органдарының рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысты. Осы конференцияның шеңберінде Қазақстан Республикасының Есеп комитеті мен Украинаның Есеп палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды;


2006 жылғы қыркүйек - Есеп комитеті Шанхай қаласында өткен Азия жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (АЗОСАИ) Х ассамблеясы мен «Үкіметтің есептілігін жақсартудағы қаржы бақылауының рөлі» атты ІІІ симпозиумына қатысты. Осы симпозиумның шеңберінде Қазақстан Республикасының Есеп комитеті мен Қытай Халық Республикасының Ұлттық аудит офисі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды;


2006 жылғы 8 қыркүйек - Есеп комитеті Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізу ережесін әзірлеп, өзінің қаулысымен бекітті. Аталмыш ереже 2006 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді;


2006 жылғы 8 қыркүйек - Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі бойынша Әзірбайжанның, Қазақстанның және Ресейдің жоғары қаржы бақылау органдарының қосарланған тексеруін жүргізу туралы шешімге қол қойылды;


2006 жылғы 8 қыркүйек - Есеп комитеті Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының басшылары кеңесінің VІІ сессиясына қатысты;


2006 жылғы 11 шілде - Есеп комитетінің Баку қаласына жасаған ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Есеп комитеті мен Әзірбайжан Республикасының Есеп палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды;


2006 жылғы 8 маусым - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысымен А.В. Горяинов Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2006 жылғы маусым - Есеп комитеті жоғары қаржы бақылау органдарының (ИНТОСАИ) Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясында) өткен «Халықаралық ақша жылыстатумен күресу: ұлттық саясат пен рәсімдерді әзірлеу және іске асыру. Жоғары қаржы бақылау органдарының рөлі» атты халықаралық симпозиумына қатысты;


2006 жылғы 17 мамыр - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысымен Е.Қ. Тұрлыбеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2006 жылғы мамыр - Есеп комитеті Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) өткен мемлекеттік борыш аудиті жөніндегі IDI (ИНТОСАИ-ды дамыту жөніндегі бастама) мен ЕВРОСАИ-дың халықаралық семинарын ұйымдастыруға қатысты;


2006 жылғы 19 сәуір - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылғанына 10 жыл толды;


2006 жылғы 23 наурыз - Есеп комитеті Ұлыбритания Ұлттық аудит офисі ұйымдастырған Комитеттің инаугурациялық отырысында ИНТОСАИ-дың әлеуетін ұлғайту жөніндегі комитеттің «Консультациялық қызметтерді дамыту» атты екінші кіші комитетінің вице-президенті болып тағайындалды;


2006 жылғы 2 наурыз - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысымен Т.Б. Қосжанов Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2006 жыл - Есеп комитеті «Жоғары қаржы бақылау органдарының мемлекеттік қаржы активтерін басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция Есеп комитетінің 10 жылдығына арналған болатын;


2005 жылғы 11 мамыр - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысымен Н.К. Тәжібаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2005 жыл - Есеп комитеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының және барлық деңгейдегі тексеру комиссиялары төрағаларының қатысуымен «Тиімділік аудиті: оны енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді;


2004 жылғы қазан - Есеп комитеті Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын және Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды ұйымдастыру мен өткізу және бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылау кезінде бағдарламалардың тиімділігін бағалау ережесін әзірлеп, өзінің қаулысымен бекітті;


2004 жылғы қыркүйек - Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің V сессиясы өтті;


2004 жылғы наурыз - Мемлекеттік қаржылық бақылауды 2010 жылға дейінгі дамытудың стратегиясын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Парламенті өкілдерінің, халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Қазақстанның мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті;


2004 жылғы қаңтар - Есеп комитеті Пәкістан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының жоғары қаржы бақылау органдары қауымдастығының (ЭКОСАИ) 9-шы отырысының жұмысына және кезектен тыс сессиясына тұңғыш рет қатысты;


2003 жылғы 28 қазан - Есеп комитеті Еуропа жоғары қаржы бақылау органдарының ұйымына (ЕВРОСАИ) қабылданды;


2003 жылғы қыркүйек - Парламенттің, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің, Ресей Федерациясы Есеп палатасы өкілдерінің, халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Сыртқы және ішкі қаржылық бақылау: проблемалары мен даму перспективалары» деген тақарыпта дөңгелек үстел өтті;


2003 жылғы 14 маусым - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен О.Н. Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды;


2003 жылғы 5 мамыр - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен А.Б. Зейнелғабдин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2003 жылғы 18 сәуір - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ш.Ш. Шардарбек Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2003 жыл - Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің ІV сессиясы өтті;


2002 жылғы қазан - Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына сыртқы және ішкі бақылауды жүргізетін қызметкерлердің этика ережесі бекітілді;


2002 жылғы 19 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысымен Б.М. Қайрақбай Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2002 жылғы тамыз - Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы және ішкі бақылау стандарттары бекітілді;


2002 жылғы тамыз - «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты;


2002 жылғы 30 қаңтар - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ж.А. Күлекеев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды;

2002 жылғы қаңтар - «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды;


2002 жыл - Тбилиси қаласында (Грузия) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің ІІІ сессиясы өтті;

2001 жылғы қыркүйек - «Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау жүйесін дамыту тұжырымдамасы» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды;


2001 жылғы 16 мамыр - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысымен Р.К. Тоқсейітов Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2001 жылғыа 11 мамыр - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысымен А.Ж. Сұлтанғазин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2001 жылғы 17 сәуір - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Г.Р. Қалманбетова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


2001 жыл - Киев қаласында (Украина) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесінің ІІ сессиясы өтті;


2000 жылғы қараша - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының Кеңесі құрылды. Кеңестің І сессиясы Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтті;


2000 жылғы қазан - Есеп комитеті Азия жоғары қаржы бақылау органдарының ұйымына (АЗОСАИ) қабылданды;


2000 жылғы мамыр - Есеп комитеті Халықаралық жоғары қаржы бақылау органдарының ұйымына (ИНТОСАИ) қабылданды;


1999 жылғы 24 ақпан - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Т.Е. Бүрлібаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


1996 жылғы маусым - «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты;


1996 жылғы 15 мамыр - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысымен А.Г. Ким Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


1996 жылғы 15 мамыр - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысымен А.А. Нұрымов Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2001 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен қайта сайланды;


1996 жылғы 13 мамыр - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысымен С.К. Кесікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


1996 жылғы 13 мамыр - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысымен Н.А. Донец Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2001 жылғы 11 мамырдағы қаулысымен қайта сайланды;


1996 жылғы 19 сәуір - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен А.К. Алиев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


1996 жылғы 19 сәуір - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен О.Н. Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;


1996 жылғы 19 сәуір - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қ.С. Сейітқұл Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2001 жылғы 11 мамырдағы және 2006 жылғы 8 шілдедегі қаулыларымен қайта сайланды;


1996 жылғы 19 сәуір - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен З.П. Загоскина Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2001 жылғы 11 мамырдағы және 2006 жылғы 24 мамырдағы қаулыларымен қайта сайланды;


1996 жылғы сәуір - «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты;


1996 жылғы 15 наурыз - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен М.С. Өтебаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 2001 жылғы 15 наурызда қайта тағайындалды;


1995 жыл - Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Конституцияда конституциялық бақылаудың мынадай мәселелері қамтылған: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін құру, оның құрамын және есеп беруін қалыптастыру.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату