РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Халықаралық қатынас - Есеп комитетінің халықаралық қызметі туралы жалпы ақпарат - ИНТОСАИ

INTOSAI

INTOSAI (http://www.intosai.org/news.html) - Жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының халықаралық ұйымы (бұдан әрі - ЖҚБО), Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарын біріктіретін халықаралық кәсіби ұйым. INTOSAI 1953 жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда оның құрамына әлемнің 191 елінің ЖҚБО кіреді; сондай-ақ 4 ЖҚБО ұйымның қауымдасқан мүшелері болып саналады. Есеп комитеті 2000 жылғы мамырдан бастап INTOSAI-дың мүшеcі.
INTOSAI-дың негізгі мақсаты – бүкіл әлемнің аудиторларына өзара қызығушылық туғызатын мәліметпен, аудит саласындағы қазіргі заманғы тәсілдерді және кәсіби стандарттар мен ең озық әдіснаманы қолдануға қатысты ақпаратпен алмасуға мүмкіндік беру. INTOSAI жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарына мемлекеттік басқаруды жақсарту арқылы өз үкіметтерінің қызметін жетілдіруге, бюджет саласының айқындығын арттыруға, есептілікті қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, мемлекет ресурстарының халық мүддесі үшін білікті әрі тиімді пайдаланылуына жәрдемдесу үшін ықпал етуді мақсат етеді.
INTOSAI өз қызметінде аудиттің басшы принциптері жарияланған 1977 жылғы Лима декларациясын басшылыққа алады, онда жоғары қаржы бақылау органдарының демократияшылдығы мен тәуелсіздігінің құндылықтарын айқындайтын негізгі философиялық және тұжырымдамалық ұстанымдар қамтылған, бұл ұстанымдар ЖҚБО тәуелсіздігінің 2007 жылғы Мексика декларациясында жан-жақты қаралған.
INTOSAI-да 5 ресми тіл: араб, ағылшын, француз, неміс және испан тілдері қолданылады.
INTOSAI-дың құрамына ЖҚБО-ның жеті аймақтық ұйымы кіреді, олар INTOSAI-дың мақсаттарын аймақтық деңгейде жылжытуды қамтамасыз етеді, атап айтқанда:
· 1965 жылы құрылған Латын Америкасы елдерінің ЖҚБО ұйымы (OLACEFS);
· 1976 жылы құрылған Африка елдерінің ЖҚБО ұйымы (AFROSAI);
· 1976 жылы құрылған Араб әлемі елдерінің ЖҚБО ұйымы (ARABOSAI);
· 1978 жылы құрылған Азия ЖҚБО ұйымы (ASOSAI);
· 1987 жылы құрылған Оңтүстік Тынық мұхиты аймағы елдерінің ЖҚБО ұйымы (SPASAI);
· 1988 жылы құрылған Кариб аймағы елдерінің ЖҚБО ұйымы (CAROSAI);
· 1990 жылы құрылған Еуропа ЖҚБО ұйымы (EUROSAI).
INTOSAI-дың басқарушы органдары Конгресс, Басқарушы комитет және Хатшылық болып табылады:
· INTOSAI-дың Конгресі үш жылда бір рет өткізіледі. Конгресс кезінде INTOSAI-дың жұмыс органдары қызметінің қорытындысы шығарылады, олардың әзірлеген құжаттары бекітіліп, ұйымның келешектегі жұмысына қатысты стратегиялық шешімдер қабылданады;
· Басқарушы комитет 16 мүшеден тұрады, аталған комитет ағымдағы басқаруды қамтамасыз ету мақсатында және ұйымның Конгрестер аралығындағы жұмысын іркіліссіз жүргізу үшін жылына бір рет жиналады;
· INTOSAI-дың Хатшылығы әкімшілік функцияларды атқарады, ол Вена қаласында (Австрияда) тұрақты орналасқан.
INTOSAI-дың комитеттері ақпаратпен және тәжірибемен алмасу, аудит пен басқарудың халықаралық стандарттарын әзірлеу жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ететін INTOSAI-дың жұмыс органдары болып табылады, олардың қызметі мынадай стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
· Кәсіби стандарттардыдамыту;
· Институционалдық даму;
· Білім алмасу;
· Үлгіліхалықаралық ұйым.
Мақсаттар INTOSAI-дың 5 жылғы стратегиялық жоспарымен анықталады, ал оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі тікелей жұмыстарды INTOSAI-дың комитетері аясында әрекет ететін кіші комитеттер, жұмысшы және арнайы топтар жүзеге асырады.
INTOSAI-дың құрамында мынадай комитеттер, кіші комитеттер, жұмысшы және арнайы топтар жұмыс істейды:
1-мақсат шеңберінде - Кәсіби стандарттарды дамыту
a) Кәсіби стандарттар жөніндегі комитет
· Қаржылық аудит жөніндегі кіші комитет;
· Сәйкестік аудиті жөніндегі кіші комитет;
· Тиімділік аудиті жөніндегі кіші комитет;
· Ішкі бақылаудың стандарттары жөніндегі кіші комитет;
· Бухгалтерлік есеп пен есептілік жөніндегі кіші комитет.
b) Аудит сапасын бақылау жөніндегі жоба;
с) Үйлестіру жобасы.
2-мақсат шеңберінде - әлеуетті арттыру
a) Әлеуетті арттыру жөніндегі комитет;
· 1-кіші комитет: INTOSAI мүшелерінің арасында әлеуетті арттыру бойынша қызметті кеңейтуге жәрдемдесу;
· 2-кіші комитет: Консультациялық қызметтер көрсетуді дамыту;
· 3-кіші комитет: Үздік тәжірибелерді алға жылжыту және достық тексерулерді жүргізу жолымен сапаны қамтамасыз ету.
b) INTOSAI дамытубастамасы;
c) INTOSAI-дың БҰҰ-менөзара іс-қимылы жөніндегітұғырнамасы.
3ақсат шеңберінде - Білімалмасу 
a) Білімалмасу жөніндегі комитет;
· Мемлекеттік қарызжөніндегі жұмыс тобы;
· Ақпараттық технологияларсаласындағыаудитжөніндегіжұмыс тобы;
· Экологиялық аудитжөніндегі жұмыс тобы;
· Бағдарламаларды бағалау жөніндегі жұмыс тобы;
· Сыбайлас жемқорлыққажәне ақшаны жылыстатуғақарсы күрес жөніндегі жұмыс тобы;
· Негізгі ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобы;
· ЖҚБОқұндылығымен пайдасы жөніндегі жұмыс тобы;
· Қаржылық жаңғырту, қаржы нарығы менұйымдарынреформалау жөніндегіжұмыстобы;
· ЖҚБО-ның ақпараттық дерекқоры жөніндегі арнайытоп;
· Сатып алу туралы келісімшарттардыңаудиті жөніндегіарнайытоп;
· Өндіруші өнеркәсіпкәсіпорындарының аудиті жөніндегі жұмыс тобы;
b) Мемлекеттік аудит туралы халықаралық журнал.
4ақсат шеңберінде - Үлгіліхалықаралық ұйым
a) Қаржыжәне әкімшілік комитеті
· INTOSAI-дыңқаржылыққадағалаужөніндегі арнайытобы;
· INTOSAI грант берушілерініңынтымақтастығы жөніндегі басқарушы комитет;
· Стратегиялық жоспарлау жөніндегі арнайытоп.
INTOSAI шеңберінде Есеп комитеті Әлеуеттіарттыру жөніндегі комитеттің (2-мақсат) және оның құрамына кіретін «Консультациялық қызметтер көрсетуді дамыту» деген2-кіші комитеттің мүшесі болып табылады, сондай-ақ Білім алмасу жөніндегі комитеттің (3-мақсат) және оның құрамына кіретін экологиялық аудит жөніндегі және негізгі ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі болып табылады.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату