РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Халықаралық қатынас - Есеп комитетінің халықаралық қызметі туралы жалпы ақпарат - АЗОСАИ

ASOSAI

ASOSAI -(http://www.asosai.org/) – Азия жоғары қаржы бақылау (аудиті) органдарының ұйымы(бұдан әрі– ЖҚБО) 1979 жылы құрылды. 1979 жылы мамыр айында Дели қаласында (Үндістан) ASOSAI-дың бірінші Ассамблеясы және Басқару комитетініңбірінші отырысы өтті. Ассамблеяда ұйымның ережелері мен нормалары қабылданды. Қазіргі уақытта 45 ЖҚБО ASOSAI-ға мүше болып табылады.
ASOSAI-дың жоғары органы 3 жылда бір рет өтетін Ассамблея болып табылады.
ASOSAI-дың атқарушы органы Басқару комитеті болып табылады және ол 11 мүшеден тұрады: 
соңғы Ассамблея өткізілген ЖҚБО басшысы (ASOSAI төрағасы),
келесі Ассамблея өтетін ЖҚБО басшысы,
ASOSAI-дың Бас хатшысы,
Басқару комитеті ASOSAI-дың оқу бағдарламарының әкімшісі ретінде тағайындаған ЖҚБО басшысы,
бұрынғы Төраға және бұрынғы Бас хатшы,
Ассамблеямен тағайындаған қалған 5 ЖҚБО басшысы.
Ұйымның Хатшылығын Ассамблея тағайындайтын Бас хатшы басқарады. Хатшылық ASOSAI-дың қызметіне әкімшілік қолдауды қамтамасыз етеді және ұйымның қаржылық аспектілерін басқарады. Қазіргі уақытта Кореяның Аудит және инспекция басқармасының Төрағасы ASOSAI-дың Бас хатшысы болып табылады.
Оқу бағдарламары әкімшісінің міндетіне ASOSAI-дың оқу қызметін жоспарлау, жүзеге асыру және оның орындалуын тексеру кіреді. Әкімшіні Басқару комитеті тағайындайды және ол автоматты түрде Кеңес мүшесі болады. Қазіргі уақытта Жапонияның Аудит басқармасы ASOSAI оқу бағдарламаларының әкімшісі болып табылады.
Аудит комитеті Ассамблеяда сайланған ASOSAI-дың 2 мүшесінен тұрады. Әр үш жыл сайын Комитет ұйымның есепшоттарына аудит өткізеді және өзінің есептерін Ассамблеяға береді. Қазіргі уақытта Иордания және Түркия ЖҚБО басшылары аудит комитетінің мүшелері болып табылады.
ASOSAI шеңберінде Есеп комитеті экологиялық аудит бойынша жұмыс тобының мүшесі болып табылады. ASOSAI-дың 12-ші Ассамблеясы 2012 жылы өтті, 3 жыл мерзімге ASOSAI-дың Басқару комитетінің мүшелері сайланды: Үндістан (Төраға), Корея (Бас хатшы), Жапония (Оқу бағдарламаларының әкімшісі), Бангладеш, ҚХР, Малайзия, Пәкістан, Филиппин, Ресей, Сауд Арабиясы және Таиланд.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату