РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Халықаралық қатынас - - ЕУРОСАИ

EUROSAI

Жеті өңірлік ұйым ИНТОСАИ-дың мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді, бұл ретте мүшелерге өздерінің өңірлеріне тән мәселелерге баса мән беруге мүмкіндік берілген. Осындай ұйымдардаң бірі 1990 жылы құрылған EUROSAI (http://www.eurosai.org/)– Еуропа жоғары қаржы бақылау (аудиті) органдарының ұйымы (бұдан әрі – ЖҚБО) болып табылады. 1990 жылы қарашада Мадрид қаласында EUROSAI-дың құрылтай кенференциясы және 1-ші Конгресі өтті. Онда бірінші Президент және Басқару комитеті сайланды, Ұйымның жарғысы талқылауға шығарылып бекітілді. Штаб-пәтерді және Бас хатшылықты Мадрид қаласында Испания Есеп палатасының ғимаратында орналастыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта EUROSAI 50 ЖҚБО-ны (49 еуропалық ЖҚБО және Еуропалық аудиторлар соты) біріктіреді.
Есеп комитеті 2003 жылы қазанда EUROSAI-дың мүшесі болды. EUROSAI жарғысының 1-бабына сәйкес, ұйымның негізгі мақсаты - оның құрамына кіретін ұлттық ЖҚБО-лар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік қаржыны бақылау саласындағы ақпаратпен, құжаттармен және зерттеулермен алмасуға және қаржылық бақылау саласындағы терминологияны біріздендіруге жәрдемдесу.
Ұйымның ресми тілдері: ағылшын, испан, неміс, орыс және француз. EUROSAI-дың басқарушы органдары Конгресс, Басқару комитеті және Хатшылық болып табылады. Хатшылық Басқару комитетінің отырыстарын дайындайды және жүргізеді, ұйымның бюджетін әзірлейді және оның атқарылуын жүзеге асырады, сондай-ақ Конгресс және Басқару комитеті қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді. Хатшылық EUROSAI-дың жыл сайынғы журналын, сондай-ақ «EUROSAI Newsletter» тоқсан сайынғы бюллютенін басып шығарады, ұйымға мүше барлық ЖҚБО жарғыларының және жарияланымдарының деректер базасын қалыптастырады және жаңартады.
Конгресс – EUROSAI-дың жоғарғы органы болып табылады, ол үш жылда бір рет шақырылады. Конгресс кезінде EUROSAI-дың жұмыс органдары қызметінің нәтижелері қаралып, келесі үш жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітіледі. Басқару комитеті толық құқылы сегіз мүшеден және бес бақылаушыдан тұрады. Қазіргі уақытта толық құқылы мүшелер: Бельгия, Испания, Нидерланды, Польша, Португалия, Түркия, Украина ЖҚБО-лары және Еуропа есеп палатасы, бақылаушылар – Аустрия, Ұлыбритания, Венгрия, Норвегия және Ресей ЖҚБО-лары.
Басқару комитетінің басты мақсаты – EUROSAI қызметін EUROSAI Конгресінің қабылданған шешімдеріне сай қамтамасыз ету.
2014 жылғы 30 мамыр – 2 маусымда Лиссабон қаласында (Португалия) өткен EUROSAI-дың VIII Конгресінде EUROSAI-дың 2011-2017 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бекітілді. Ұйымның алғашқы стратегиялық жоспарын әзірлеу EUROSAI-дың барлық мүшелерімен консультациялар жүргізе отырып, ашықтық және транспаренттік принциптері негізінде жүзеге асырылды. Жоспар EUROSAI мүшелерінің қажеттіліктері мен басымдықтарын көрсететін төрт стратегиялық мақсатқа негізделген:
1-мақсат: Әлеуеттілікті арттыру
2-мақсат: Кәсіби стандарттар
3-мақсат: Біліммен алмасу
4-мақсат: Басқару және байланыс.
EUROSAI-дың жұмыс және арнайы топтары:
Экологиялық аудит бойынша жұмыс тобы;
Ақпараттық технологиялар бойынша жұмыс тобы;
Апаттардың алдын алуға және зардаптарын жоюға бөлінетін қаражаттың аудиті бойынша арнайы топ;
Аудит сапасын бақылау саласындағы озық тәжірибе деректерінің электрондық базасын құруды және оған қызмет көрсетуді мониторингілеу комитеті;
«Аудит және этика» арнайы тобы.
EUROSAI шеңберінде Есеп комитеті Экологиялық аудит бойынша жұмыс тобының, сондай-ақ Апаттардың алдын алуға және зардаптарын жоюға бөлінетін қаражаттың аудиті бойынша арнайы топтың мүшесі болып табылады.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату