РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Халықаралық қатынас - Есеп комитетінің халықаралық қызметі туралы жалпы ақпарат - ЭКОСАИ

ECOSAI

ECOSAI (http://www.ecosai.org.pk/) – Экономикалық ынтымақтастық елдері жоғары қаржы бақылау органдарының (бұдан әрі – ЖҚБО) ұйымы, оның мүшелері: Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің ЖҚБО-лары. Ұйым 1994 жылы құрылған. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдері ЖҚБО-ларының өзара іс-қимылы ең алдымен мемлекеттік қаржылық бақылауды (аудитті) жетілдіруге, бақылау жүргізудің әдіснамасын, үлгілері мен әдістерін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасуға, тәуелсіз сыртқы қаржылық бақылауды (аудитті) жүргізу арқылы мемлекеттің қаржы ресурстары мен активтерін басқарудың айқындығын қамтамасыз етуге және тиімділігін арттыруға бағытталған.
ECOSAI-дың құрылымы:
1)  Ассамблея ECOSAI-дың саясатын айқындайтын орган болып табылады, ол Ұйымға мүше елдердің ЖҚБО-лары басшыларынан тұрады. Ассамблея отырыстары үш жылда бір рет өткізіледі. Ассамблея отырыстарында Басқарма Президенті төрағалық етеді, оның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Әрбір ЖҚБО – ұйым мүшесінің ұйымдағы оның өкілдерінің санына қарамастан бір дауыс құқығына ие.
2) Басқарма бес мүшеден тұрады:
1 - Басқарма Президентінен, ол Ассамблеяның кезекті сессиясы өткізілетін елдің ЖҚБО басшысы болып табылады;
2 - ECOSAI Бас хатшысынан;
3 - үш мүшеден, олар Ассамблеяда үш жыл мерзімге сайланады.
Басқарманың отырысы жылына кем дегенде бір рет жиналуы тиіс. Басқарма отырысына кем дегенде үш мүше қатысуы қажет. Басқарма өз шешімін көпшілік дауыспен қабылдауы тиіс.
Қазіргі уақытта ECOSAI Басқармасы:
Иран,
Ауғанстан,
Пәкістан,
Қырғыз Республикасы,
Түркия елдерінің ЖҚБО өкілдерінен тұрады.
3) Хатшылық тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады, оның штаб-пәтері Исламабад қаласында (Пәкістан) орналасқан. Хатшылықты Пәкістан ЖҚБО басшысы басқарады. ECOSAI Тренингілік комитеті.
Тегеран қаласында (Иран) 2000 жылғы мамырда өткен ECOSAI басқармасының 5-ші және ECOSAI Ассамблеясының 3-ші отырысында ECOSAI мүшелерінің  әлеуетін нығайту үшін тренингілік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында ECOSAI Тренингілік комитетін құру туралы шешім қабылданды. ECOSAI Тренингілік комитеті құрамына Иранның, Пәкістанның және Түркияның ЖҚБО өкілдері кіреді. ECOSAI Тренингілік комитетінің отырысы жыл сайын ECOSAI Басқармасы отырысының алдында өткізіледі.

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату