РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Сұрақ-жауап
19.08.2010 Касенканова Бакытжан
Вопрос: Мен Жалғыз басты ана, 2003 жылдан бастап III – топ мүгедекпін, осы уақытқа дейін әкімшілік тарапынан ешқандай көмек көрсетілген емес.Биылғы жылы қыс қатаң болып, ақпан айында қора жайым құлап, ірі қара малымды басып қалды, туған – туыстарымның үйін паналадым.Көктемде су тасқыны кезінде үйімнің алдындағы қалған қора жайымды су алып құлап қалды, құлаған қора жайыдың бәрін әкім Тұрышев Сәбит суретке түсіріп кеткен. «Басқа да суға кеткен үйлермен қатар көмек көрсетерміз» - деді. Бірақ әлі күнге дейін бір кірпіш орнынан қозғалған жоқ. Оған қоса көмегі былай тұрсын, мамыр айында жайлауға кеткен, туғалы тұрған сиырды «сибирьский»- ге егіп өлтіріп тастады, бұл жалғыз мен емес басқа да екі – үш үйдің туғалы тұрған сиырның бұзауын өлтіріп тыныш тапты. Бес жылдан бері мал ұстатудан қалды, жылдағы малымды жылда «бруцеллез» деп бес малымды сойғызып тастады, «бруцеллез» болды деген екі бас малым аурулардан таза болып шықты, мұның жауабын әкім менен мал дәрігерінен сұрасаң, бұл компьютерден кеткен қателік деп басын ала қашады, осы да заңға сыя ма? 2009 жылы шыққан Президенттің жарлығы бойынша жалғыз – жарым және мүгедек адамдарға көмірге бюджеттен ақша бөлінді деп, елу отбасына құжаттар толтырып алып кеткен, бірақ бірде – бір отбасына берілген жоқ.Ақтоғай кентіде отбасыларға берілген ақшадай көмек, алты шақырым жердегі бізге неге жетпеген? Қылымыстың үлкені де бір кішісі де бір бұны сыбайлас жемқорлық деп ұғамыз. Документ толтырып, құжатты дайындаған бухгалтер Сатыбалдин Сәбет, нұсқау беруші әкім Тұрышев Сәбит.Ақтоғай кенті мен ауылға дейінгі трассты, контор, больницаны, қарақұм жолын, көпір жөндеуге, су бөгетін салуға алған миллиондарда есеп жоқ.Судың да сұрауы бар, Аякөз ауданының әкімі Әзімбаев, Ақтоғай әкмі Дүйсен Самиянов бәрі бірлесіп, құрдымға жіберді.Осы сыбайлас жемқорлықтың ішінде ауылдың тоқсанды алқымдап қалған имамы нақты айтқанда Сатыбалдин Сәбеттің атасы Жұмақан Мұңсызбаевта бар, ауылға келген үш жас имамды ұрып соғып, өлікке таласып, жас имамдарды шақ келтірмей жатыр, бұлардың бәрі жиналып өз ара топ құрған, аулыдың әлсіз адамдарын тізе салып құл ретінде ұстап отыр. Сізге маусым айында жазып жіберген арызымнан кейін де еш нәтиже шықпады. Аякөз аудандық әкімді таныстыруға келген Нұртай Сабильяновқа жиналған жұрттың алдында арыз – шағымымды айтып едім, халық болып сайлаған депутатымыз бір ауыз сөз айтуға жарамады. Осы болған жайды Н А Назарбаевқа жазған арызым Аякөз қаласының прокуроры Бокуновқа 23 06 2010 жылы түсіпті, содан 04 08 2010 жылы Меннен түсінік алмай өз ара жалған тексеріп екі ай өткенсоң өтірік жауап жазып берді, оның үстіне Мен ғана шешем қайда жазсаң онда жазыңыз деп жауап берді ауызша айтып Мемілекетке деген сенімімді және халықтың меселін түсіріп бүкіл халыққа жария түрде айтты. Аякөзге 31 июльде 2010 жылы жаңа Әкім Қопа ауылына кездесуге келгенде осы жайды айтып едім Аудан Әкімі халықтың алдында Сіз дұрыс сөйлеп тұрған жоқсыз лауазымды адамдардың алдында өз жеке басыңыздың шаруасын айтып басымызды қатырмаңыз деп бетімді қайтарып тастады. Аудан Әкіміне жағымсыз қылық деп отырмын. Сізден сұрайтыным: Осы жазған арызыма дұрыс тексеріп жауабын берулеріңізді. ШКО Аякөз Ауданы Копа ауылы 3 дәрежелі мүгедек Касенканова Бакытжан 1951 жылғы
Ответ: Бюджет кодексінің 136-бабына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады. Сіздің өтінішіңізді қарап шығып, онда Есеп комитетінің құзыретіне жататын мәселелердің жоқ екендігін білдіреміз. Осыған байланысты, өтініште көрсетілген фактілерді тексеру үшін тиісті уәкілетті органдарға хабарласуыңыз қажет.


18.08.2010 Галым
Вопрос: есеп комитетіне жұмысқа қабылдау тәртібі қандай, түйімдемені қандай электрондық адресқа жәберуге болады?
Ответ: Құрметті Ғалым! Есеп комитетінде мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымға орналасу «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Есеп комитетінде мемлекеттiк әкiмшілiк бос лауазымға орналасуға арналған конкурс өткізу мерзімдері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (www.kyzmet.kz) және Есеп комитетінің ресми сайттарында жарияланып отырады. Өз түйіндемеңізді kadrsk@kazai.kz электрондық мекенжайына жіберуіңізге болады.


10.08.2010 Zhanibek
Вопрос: Здравствуйте, вывесите, пожалуйста, на сайте Отчет СК по исполнению республиканского бюджета за 2009 год. Заранее благодарю! С уважением, Жанибек ХАСАН
Ответ: Уважаемый Zhanibek! Отчет Счетного комитета об исполнении республиканского бюджета опубликован на сайте.


03.08.2010 НҰРЛАН
Вопрос: 1-МАСЛИХАТТЫҢ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫН ЖАБЫЛАДЫ ДЕГЕН ӘНГІМЕ РАСПА? 2-ӨЗ АЛДЫНА ЖЕКЕ ОРГАН БОЛЫП ҚҰРЫЛАДЫ ДЕГЕН АЛЫП ҚАШПА ӘНГІМЕ РАСПА?
Ответ: Мәслихаттардың тексеру комиссиялары мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесіне кіреді және бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес жергілікті бюджеттердің атқаруылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Елбасы халыққа жыл сайынғы жолдауларында қаржы тәртібін арттырудың және бюджеттен бөлінетін әр теңгенің пайдаланылуын аса қатал бақылауды жүзеге асырудың қажеттілігін бірнеше рет атап өткендіктен, мәслихаттардың тексеру комиссияларына осы тапсырмаларды жүзеге асыруға ерекше рөл берілуде. Осыған байланысты, олардың жабылуы көзделіп отырған жоқ. Сонымен қатар қазіргі уақытта мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін нығайту мақсатында ҚР Үкіметінің деңгейінде Есеп комитетінің қатысуымен мәслихаттардың тексеру комиссияларын қосымша штат санымен нығайту және олардың біліктілік деңгейін арттыру жөніндегі мәселелер пысықталуда. Сондай-ақ ұйымдастыру мәселелері де жұмыс тобының аясындағы талқылау тақырыптарының бірі. Алайда аталмыш бағытқа қатысты нақты бір шешім әзірге қабылданған жоқ.


16.07.2010 Бакытжан
Вопрос: Тексеру жоспарларын сайтқа жария етпейсіздер ма?
Ответ: Құрметті Бақытжан! Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының жоспары республикалық бюджеттің атқарылу тиімділігін бағалау жөніндегі Есеп комитетінің бақылау қызметінің және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының барлық бағыттарын кешенді түрде қамтиды. Аталған құжат өзінің мамұны жағынан іште пайдаланатын құжат болып саналады және толық көлемінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатпайды. Сонымен бірге, Есеп комитеті өзінің бақылау қызметінің негізгі бағыттарымен жұртшылықтың танысуын қамтамасыз ету мәселесін қарастыру үстінде.


*Сколько будет: 1 + 4 = ? - защита от спама
*-мен белгіленген жолдар толтырылуға міндетті
 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату