Ответ: Құрметті Армана!
Атырау облысының тексеру комиссиясының біліктілігін арттыру курстарына жіберілген адамдарының (қызметкерлерінің) ұсынған құжаттарының (дипломның, еңбек кітапшасының көшірмелері) анықтығына қатысты 2013 жылғы 18 наурыздағы өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлаймын.
«Мемлкеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 Заңының 13-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ережесінің 8-тармағына сәйкес, Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылайды.
Осыған орай, өтінішті тездетіп және мұқият қарау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне жүгінгеніңіз жөн.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, мемелекеттік қызметкер тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 тамыз №917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережесінің 15-тармағының 12-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру Есеп комитетінің функциясына жатады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы №4-НП нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес, мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметкерлердің тиісті кәсіби деңгейін қолдау мақсатында бақылауды тиімді жүргізу үшін жүзеге асырылады.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының тақырыбы бойынша тыңдаушылардың білім деңгейін анықтау үшін оқу аяқталғаннан кейін қорытынды бақылау өткізіледі, бақылау тестілеу және әңгімелесу түрінде өтеді.