РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

26.01.2017

Алматы облысында қыруар бюджеттiк қаражат тиiмсiз игерiлген, Baq.kz

Бүгiн есеп комитетiнiң отырысында Алматы облысына бөлiнген республикалық бюджет қаражатының игерiлуiне жүргiзiлген мемлекеттiк аудиттiң қорытындысы шығарылды. Аудит барысында қыруар мемлекеттiк қаржының тиiмсiз жаратылғаны белгiлi болып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

"Алматы облысына бөлiнген республикалық қаражаттың игерiлуiне жүргiзiлген мемлекеттiк аудит 21 нысанды қамтыды. 2015 жылы және 2016 жылдың 9 айында бөлiнген қаражаттың жалпы көлемi 38,9 млрд теңгенi құрайды. Бұдан бөлек, 28,3 млрд теңге қаражатқа талдау жүргiзiлдi. Аудит қорытындысы бойынша 17,4 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталды. 12,8 млрд теңге бюджет қаражаты тиiмдi игерiлмеген. Сондай-ақ 27,5 млрд теңгеге 54 рәсiмдiк олқылықтар белгiлi болды", - деп мәлiм еттi Есеп комитетiнiң мүшесi Талғат Жақан.

Сонымен, Алматы облысына бөлiнген бюджет қаражатын пайдалануға жүргiзiлген тексерiс жүйелi олқылықтарды, бақылау мен мониторинг тиiстi деңгейде болмағанын айқын көрсеткен.

Мәселен, 2012 жылдан берi Алматы-Талдықорған магистральдық газ құбыры салынып жатыр. Жоба құны алғашқыда 19,9 млрд теңге болса, кейiн ол 21,6 млрд теңгеге дейiн өскен. Сөйтiп, газ желiсiн 2016 жылдың желтоқсан айында салып бiтiру жоспарланған едi.

"Осыған қоса, тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету үшiн Талдықорған қаласында iшкi қалалық желiлердi, сондай-ақ елдi мекендер арасында да желi тарту қажет екенiн айта кету керек. Бiздiң пiкiрiмiзше, салынып бiткен "Алматы-Талдықорған" магистральдық газ құбыры жуық арада тұрғындарға газ жеткiзбейдi. Өйткенi iшкi қалалық желiлердi салудың бiрiншi кезегi 2016 жылдың қыркүйегiнде ғана басталған. Бұл орайда Талдықорған қаласын газдандыру бойынша iшкi қалалық желiлер құрылысының жобалау-сметалық құжаттар тек 2015 жылы 23,8 млрд теңгеге әзiрленiп, төрт кезекке бөлiнген", - дейдi комитет мүшесi.

Жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары басқармасы 2014 жылдан берi Талғар ауданында ұзындығы 23 шақырым "Бiрлiк-Алмалық-Қазстрой-Рысқұлов-Ақбұлақ" автомобиль жолын салып жатыр. Жобаның сметалық құны - 2,2 млрд теңге. Аудит барысында мердiгер компанияға жобалау-сметалық құжаттың талаптарында қарастырылмаған жұмыстар үшiн 89,1 млн теңгеге негiзсiз төлем жасау фактiсi анықталыпты. Асылы, бұл сома аудит кезiнде қайтарылған.

Бұдан бөлек, аталған автомобиль жолын салу жұмыстары ЮНЕСКО-ның бүкiләлемдiк мұрасының тiзiмiне енгiзiлген Талғар (Талхиз) қалашығының аумағында жүргiзiлген. Бұл iске Үкiмет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетов араласқаннан кейiн былтыр қазан айында осы учаскеде құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

"Осылайша мемлекеттiк органдардың өзара келiсiлмеген әрекетiнiң салдарынан 2014-2016 жылдары көпiрлер салуға бөлiнген бюджеттiк қаражаттың 295,8 млн теңгесi тиiмсiз игерiлген", - дедi Т.Жақан.

Сондай-ақ, әлеуметтiк нысандарды салу кезiнде де қаржылық олқылықтарға жол берiлген. Атап айтсақ, Талдықорған қаласында 300 орындық аурухана мен Балпық би елдi мекенiнде емхана салу кезiнде 199,8 млн теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар мен 152,1 млн теңге тиiмсiз шығындар анықталыпты.

"Аудит барысында 19,8 млрд теңге бюджет қаражаты қайтарылды. Заңнаманы бұзудың 5 фактiсi бойынша әкiмшiлiк өндiрiс қозғау үшiн материалдар құзырлы органдарға жiберiлдi. Барлық бес материал бойынша лауазымды тұлғалар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Сондай-ақ, Алматы облысының әкiмдiгi 13 лауазымды тұлғаға қатысты тәртiптiк жауапкершiлiк қарастырды", - дедi Есеп комитетiнiң мүшесi.

Источник:    Baq.kz

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату