РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

02.02.2017

«Самұрық-Қазына» жұмысында миллиардтаған теңгеге бұзушылық анықталды, "Астана" телеарнасы

Самұрық-Қазына» жұмысында 1,5 миллиард теңгенің бұзушылығы анықталды. Бұл туралы бүгін Астанада республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу бойынша Есеп комитетінің өкілдері мәлімдеді. Олардың дерегіне сай, ұлттық әл-ауқат қорына аудиторлық тексеріс жүргізіліпті.

Бұл шара 2014-2016 жылдары мемлекет қазынасынан бөлінген 93 миллиард теңгенің жұмсалуына қатысты болған. Нәтижесінде Алматы-Шу және Боржақты-Ерсай темір жол тармақтары мен Құрық портының құрылыс жұмыстары экономикалық жоспарға сай жүргізілмегені анықталды. Сондай-ақ Есеп комитеті жалпы құны 86 миллиард теңгені құрайтын 16 процедуралық бұзушылықтың болғанын хабарлады.

Айгүл Мұхаметкәрім, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу бойынша есеп комитетінің мүшесі:
Есеп комитеті осындай олқылыққа жол берген құзыретті органдарға ескерту жолдады. Енді «Самұрық-Қазына» кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, қаржылық есеп мәселесінде оң бағытта жұмыс істеуі тиіс. Бұзушылықтардың көбі процедуралық болғандықтан, азаматтар жауапқа тартылады деп айтуға ерте.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату