РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

20.04.2017

Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Республикалық бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің толықтығы мен уақтылығына, салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерді пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы және Қаржы министрлігіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражатты пайдалану кезінде бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер жіберілгені атап өтілді.

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру жөнінде қабылданған шараларға қарамастан, 2016 жылғы салықтық түсімдер бойынша бересі сома 2015 жылмен салыстырғанда 85,3-тен 183,5 млрд. теңгеге немесе 2,15 есе өсті, соның ішінде республикалық бюджетке түсетін салықтар мен төлемдер бойынша бересі (57,1-ден 161,5 млрд. теңгеге дейін немесе 2,8 есе).

Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің айтарлықтай үлесі (импортына кедендік баждардың, салықтарды қоспағанда) қызметтегі заңды тұлғалардың жалпы санының 0,08% құрайтын (339.8 мың) 300 ірі салық төлеушілердің есебінен қамтамасыз етілді. 2016 жылы олар республикалық бюджетке түсімдердің жалпы сомасынан 48% немесе 1 143.8 млрд. теңге төледі.

Камералдық бақылауды жүргізу тиімділігін арттыру бөлігінде салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру мәселесін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап ететіні атап өтілді.

Сондықтан, ҚҚС және КТС бойынша салық есептiлiгiн камералдық бақылау нәтижесі бойынша бекітілген бұзушылықтардын 2014 – 2016 жылдар арасында өсуіне қарамастан, анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларды пайдалану көрсеткіші төмендейді, бұзушылықтардың айтарлықтай бөлігі пысықталмай қалды.
Облыстардың бөлінісінде, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері қызметкерлерінің жүктемелері біркелкі еместігі анықталды. Сонымен, Астана, Алматы қалалары, Атырау және Павлодар облыстары қызметкерлерінің жүктемесі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарына қарағанда айтарлықтай жоғары, бұл салықтық бақылау жүргізу сапасы және тиімділігінің төмендеуіне, олардың бітуіне және салықтық бақылау шараларын қолдануына уақтылы орындалмауына алып келеді.

Мемлекеттік кірістер органдары жұмысының тиімділігіне, сондай-ақ қызметті ұйымдастырудағы техникалық мәселелердің реттелмеушiлiгi әсер ететіні атап өтілді.

Мысалы, «Алтынкөл» темір жол бақылау-өткізу пунктінде 2011 жылдан бастап инспекциялық-тексеру кешені жыл сайынғы профилактикалық қызмет көрсету шартынсыз қолданылып жатыр. Тұрақты техникалық ақаулар салдарынан 2015 жылы 33,8% теміржол вагондары мен контейнерлерді, 2016 жылдың 9 айы ішінде - 22,5% көлік құралдарын сканерлеу жүзеге асырылмаған. Тәркіленген мүлікті жоюға байланысты мәселелер толық көлемде реттелмеген.

Сондықтан, 2016 жылы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде тәркілеген 2,1 млрд. теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектерді жоюды фото/бейне түсіру толық көлемде жүзеге асырылмаған, бұл оларды жою фактісін растауға мүмкіндік бермейді.

Алматы қаласы және Алматы облысы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінде оны тәркілеп алған  сот орындаушылары және уәкілетті органдарымен берілген мүлікті есепке алуды жүргізу  кезінде бұзушылық фактілері анықталған. Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде сақтауға қабылданған тәркіленген мүлік және асыл бұйымдар  баланстан тысқары шотта көрсетілмеген.

Тәркіленген мүлікті өткізудің төмен пайызы белгіленді. 2016 жылы аукционға шығарылған 7375,6 млн. теңге тауарлар мен мүліктің жалпы салмағынан 976.5 млн. теңгеге немесе 13,2% ғана мүлік өткізілді.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті іске асыратын мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени мұра объектілеріне қатысты мәлімет жоқ.

«Салық төлеушілердің және салық салуды болдырмау объектілерінің тізілімі» және «е-Минфин» ақпараттық жүйелерінің одан әрі жұмыс істеу мәселелерін жетілдіру қажет екені атап өтілді.

Мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 808,6 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, сомасы 9809,3 млн. теңгеге – шығыстар бойынша 119 рәсімдік бұзушылық, 644,6 млн. теңгеге – республикалық бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.

Аудит барысында кірістер бойынша - 615,5 млн. теңге, шығыстар бойынша – 466,4 млн. теңге қайтарылды.

 Есеп комитетінің отырысының қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне анықталған бұзушылықтарды жою үшін шара қабылдау, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру, сондай-ақ басқа тапсырмалар да тапсырылды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату