РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

18.05.2017

Бүгін Мәжілісте Үкіметтің 2016 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылатын Есеп комитеті дайындаған Есеп таныстырылды

Оның жұмысына вице-спикер Гүлмира Исимбаева қатысты. Шараны депутат Татьяна Яковлева жүргізді. Басқосуда депутаттар алдында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков баяндама жасады.

2016 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есеп комитетінің төрағасы Есептің жаңа форматта сапалы, мемлекеттік аудитке көшумен қатар, тексеру кезінде бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың туындау себептерін терең зерделеу және оларды алдағы уақытта болдырмау үшін сындарлы ұсыныстар әзірлеуге басымдықтар беріле отырып дайындалғанын атап өтті.

Нұрмұхамбет Әбдібеков бюджетке түсетін түсімдердің толықтығына әсер ететін салықтық және кедендік әкімшілендірудің негізгі проблемаларына тоқталды.

Оның мәлімдеуінше, салықтар және республикалық бюджетке түсетін төлемдер бойынша бересінің екі есе өсуінің аясында төленген әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар көлемінің үштен біріне ұлғаюы жалпы алғанда қаржы тәртібі деңгейінің төмендегінін көрсетеді.

«Бюджет қаражатының толық игерілгеніне қарамастан жекелеген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеудің тұрақты тәжірибесі қалыптасқан. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің көпшілігі түпкілікті нәтижелердің қол жеткізілуге мониторинг жүргізбестен, қаражатты жергілікті атқарушы органдарға аударумен ғана шектеліп отыр» - деді Есеп комитетінің Төрағасы.

Есепті кезең ішінде Есеп комитетінің 5 өңірде аудит жүргізгенін хабарлады (Алматы, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қ.). Әрбір өңірдің бөлінісінде олардың дамуына жалпы баға берілді, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудағы күшті және осал жақтары көрсетілді.

Ол Мәжіліс депутаттарының назарын, бюджеттік алып қоюлардың едәуір ұлғаюы серпінді дамыған әкімшілік-аумақтық бірліктердің ресурстарын қысқартатындығына және трансферттердің кепілдік берілген көлемін алатын өңірлердің өзіндік салық базасының дамуын ынталандыруды төмендететініне аударды.

Есепті кезеңде Есеп комитеті 276 объектіде 19 аудиторлық іс-шара жүргізді. Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 2 608,1 млрд. теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 211,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 194,9 млрд. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 452 млрд. теңге.

Сомасы 347,7 млрд. теңге қаражаттың тиімсіз пайдаланылғаны, 8,2 млрд. теңгеге – тиімсіз жоспарлау, 208,6 млрд. теңгеге - Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзушылықтар анықталды.

Есепті кезеңде Үкіметке және мемлекеттік органдарға 53 ұсыным мен 324 тапсырма жіберілді, олардың орындау мерзімдері келгендері бойынша орындалуы, тиісінше, 100% және 97%-ды құрады.

66 лауазымды адам және 7 заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа, 125 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде Республикалық бюджетке 7 760млрд.теңге немесе жоспарға 100,2 % түскенін хабарлады.

«Бюджеттің атқарылуы екі нақтылаудың аясында жүзеге асырылды. Шығыстар бекітілген бюджетке қарағанда 980 млрд. теңгеге ұлғайтылды. Бұл бірінші кезекте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығыстар 4 178 млрд.теңгені құрады.

Олардың үлесі 2015 жылға қарағанда ұлғайтылды және республикалық бюджет шығыстарының 49,1 %-ын құрады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9%-ға ұлғайтылды. Оларды төлеуге 1 353 млрд.теңге бөлінді. Бала тууға байланысты берілетін жәрдемақылар 33 млрд.теңге сомасында төленді.

Қорғанысқа, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке 10,5% бюджет қаражаты немесе 391 млрд.теңге жіберілді. Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде экономиканың басым секторларына қолдау көрсетілді. Көлік және коммуникациялар саласын қолдауға және дамытуға бюджеттен 748 млрд.теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығына жұмсалатын шығыстар 340 млрд.теңгені құрады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 339 млрд.теңге бөлінді.

Есепті жылы республикалық бюджет тапшылығы жоспарға қарағанда 161,5 млрд.теңгеге төмендеді және 741 млрд.теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 1,6 %-ын құрады»,- деді министр. Енді заң жобасы Мәжілістегі депутат Серік Құсайыновтың жетекшілігіндегі жұмыс тобында талқыланады.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату