РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

24.05.2017

Есеп комитетінде Азия Даму Банкінің (АДБ) өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу Қазақстан үшін 2017-2021 жылдарға жаңа АДБ Елдік серіктестік стратегиясы щеңберінде өтті.
Бірқатар шет елдердегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудің  қолданыстағы тетіктері талқыланды.

Нәтижелігін жақсарту мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдермен байланысты тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ жобаны әзірлеу сатысында тәуекелдерді барынша азайту бойынша мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасындағы электронды мемлекеттік сатып алуды өткізудің оң практикасына, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау бойынша мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларға, сондай-ақ осы салада отандық заңнаманы жетілдіру мүмкіндігіне  баса назар аударылды.

Кездесудің қорытындысында АДБ өкілдері Есеп комитеті қызметінің негізгі бағыттары бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа мүдделігін білдірді.

Азия Даму Банкі – басты міндеті Азия мен Қиыр Шығысқа тікелей қарыздарды бағыттап, техникалық қолдау көрсете отырып, экономиканың өсуін ынталандыру болып табылатын қаржы ұйымы.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату