РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

26.05.2017

Ағымдағы жылы 26 мамырда Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Жамбыл облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

Өңірдің республикалық бюджетке жоғары деңгейдегі тәуелділігіне, іске асырылып отырған бағдарламалар нәтижелеріне қол жеткізбеуіне, заңнама талаптары мен қаржылық тәртіптің орындалмауына әкелген бірқатар жүйелі мәселелер аталып өтілді.

Облыс бюджеті кірісінің жалпы құрылымындағы негізгі үлесті республикалық бюджеттен түскен түсімдер құрайды, оның деңгейі 2015-2016 жылдары 86%-ға жеткен.

Облыс бюджетінің кіріс бөлігінің толығуына кедергі болған факторлардың бірі - мемлекеттік субсидиялар алатын ауыл шаруашылығы субъектілерінің өз кірістерін жасыруы болып табылады.

Мәселен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 7,6 млрд. теңгеге бюджеттік субсидиялар алған 3 147 ауыл шаруашылығы кәсіпорынының, 1 104 кәсіпорны 1,8 млрд. теңгеге табысы туралы ақпаратты салық органдарына тапсырмаған. 

Бюджеттік кредит көлемінің ұлғаюы аясында облыстық бюджеттің айтарлықтай тапшылығы пайда болды, жергілікті атқарушы органдарының үкімет алдындағы борыштық міндеттемелері өсті. Бұл ретте облыстың дамуына берілген бюджет қаржаттары жеткілікті тиімді пайдаланбайды.

2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы бюджеттік кредиттерді тарту 3,9 есе, ал облыс бюджетінің тапшылығы 3,6 есе өсті.

Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің алдындағы міндеттемені «Тараз Су» ШЖҚ РМК Тараз қаласы әкімдігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы орындамауы нәтижесінде, Тараз қаласының су құбыры жүйесін жаңартудағы іс-шаралардың уақтылы орындалуы қамтамасыз етілмеді. Бұл, Ұлттық қордың 189,5 млн. теңгеге қаражатының тиімсіз пайдаланылуына және өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі тәуекеліне әкелді.

Пайдалануға қабылдауға актілерінің болғанымен, жалпы құны 5,9 млрд. теңге құрайтын бірқатар меншік объектілері (соның ішінде құны 2,9 млрд. теңге болатын «Жамбыл облысының Қордай ауданы Сарытөбе ауылынан Қайнар ауылына дейін, Чумыш су торабынан Қайнар ауылына дейін №2 учаскесінде Шу өзені жағалауының авариялық учаскелерін бекіту жұмыстары» жобасы) осы күнге дейін пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне алынбады.

1,9 млрд. теңгеге газбен жабдықтау және су құбырлары жүйесін пайдалануға беру мәселесі шешілмегендіктен, Тараз қаласының кейбір шағын аудандарының тұрғындары сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз етілмеген.

 Жекелеген бюджеттік инвестициялық жобаларды және мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге субсидия беруде, атқарылмаған жұмыс көлеміне (қызмет, тауар жеткізілімі) жалпы сомасы 322,9 млн. теңге төленген. Мәселен, 2016 жылы «Таразтрансэнерго» ШЖҚ РМК Тараз қаласының үш жылу құбырларын реконстукциялау кезіндегі атқарылған жұмыстардың нақтылығы қамтамасыз етілмеді.

Бірқатар объектілердің құрылысы кезінде, бекітілген жобалық шешімдерге дәлелді түзетулерсіз және қайта мемлекеттік сараптамасыз жалпы құны 644,1 млн. теңгеге өзгерістер енгізілген.

Бухгалтерлік есеп қызметі қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің жетіспеуінен қаржылық есептіліктің көптеген бұрмалау фактілеріне жол берілді.

Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша 13,6 млрд. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 33 рәсімдік бұзушылық, 2,3 млрд. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері анықталған.

Мемлекеттік аудит барысында Есеп комитеті республикалық бюджет кірісіне 7,6 млрд. теңгенің қайтарылуын және қалпына келтірілуін қамтамасыз етті.  

Мемлекеттік аудиттің жекелеген материалдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау үшін уәкілетті органдарға процестік шешім қабылдауға жіберілді.       
                                                             
Есеп комитеті отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиісті ұсыныстар берілді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және Жамбыл облысының әкіміне  анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау бойынша шараларын қабылдау тапсырылды, сондай-ақ бірқатар басқа да тапсырмалар берілді.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату