РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

25.05.2017

Есеп комитетінде Дүниежүзілік банк сарапшыларымен кездесу өтті

 
Кездесу Дүниежүзілік банк сарапшыларының Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржыларға шолу дайындау шеңберінде өтті.

Есеп комитетінің мүшесі Айгүл Мұхаметкәрім «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның қабылдануына орай Қазақстандағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесіне енгізілген жаңалықтар туралы қатысушыларды хабардар етті.

Ол мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының негізгі міндеттері мен функциялары, Есеп комитетінің қосымша өкілеттіктері, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жоспарлау ерекшеліктері,Үкіметтің есебіне қорытынды болып табылатын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін Парламентке әзірлеу мен оны ұсыну туралы айтты.   

Есеп комитетінің жаңа функциясы – ағымдағы жылы іске асырылатын республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау, оны жүргізудің мақсаты мен мерзімдері жан-жақты талқыланды.

Мемлекеттік аудитке көшу шеңберінде Есеп комитетінің қызметінде,тексеру кезінде бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың туындау себептерін терең зерделеу және оларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстар әзірлеуге басымдықтар берілгені атап өтілді.

Республикалық бюджеттің атқарылуына, соның ішінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларды игермеуіне ерекше назар аударылды.

Кездесудің соңында бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мен қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында екі жақ одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.
 
Дүниежүзілік банк – 1944 жылы бүкіл әлем бойынша дамушы елдерге қаржы мен техникалық көмек көрсету мақсатында құрылған халықаралық қаржылық ұйым.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату