РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

29.05.2017

Есеп комитетінің мүшесі Иманжүсіп Ақпомбаев EUROSAI-дың Х Конгресіне қатысты, Стамбул қаласы (Түрік Республикасы)

Конгрестің жұмысына 40-тан астам елдің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының өкілдері, сондай-ақ байқаушылар мен басқа да қонақтар қатысты.

Қатысушылар  мақсаты тәуелсіз және тиімді аудит жүргізуді қамтамасыз ету болып табылатын, жоғары аудит органдарының (ISSAI) кәсіби халықаралық стандарттарын енгізу, қолдану және жетілдіру мәселелерін талқылады.

Есеп комитетінің мүшесі Иманжүсіп Ақпомбаев Конгрестің негізгі тақырыбы бойынша баяндама жасады. Ол қатысушыларды ISSAI стандарттарын енгізудің негізгі әдістері туралы хабардар етіп, халықаралық стандарттарды қолданудың қазақстандық тәжірибесіне толығырақ тоқтатылды.  

Иманжүсіп Ақпомбаев «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік аудит органдарының қызметіне қойылатын негізгі талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттары қағидаттарын ескере отырып әзірленген жалпы стандарттар, сондай-ақ мемлекеттік аудитті жүргізуге және мемлекеттік аудит органдарының қызметіне қойылатын рәсімдік талаптарды қамтитын рәсімдік стандарттар мен әдіснамалық басшылықтар қолданыста екенін атап өтті.  

Сөзінің соңында Есеп комитетінің мүшесі халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аудитке көшу Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқатын арттыруды және мемлекеттің өркендеуін қамтамасыз ету бойынша миссияны іске асырудың маңызды шарты ретінде қарастырылатынын айтып өтті.

Конгрестің шеңберінде 2020-2022 жылдарға EUROSAI Президенті, басқарма мүшелері және аудиторлары сайланды. 2017-2020 жылдарға EUROSAI Президентінің өкілеттігіне Түркия Есеп соты кірді.

Конгрестің қорытындысы бойынша аудит жүргізудің тұрақты дамуының, тиімділігі мен сапасын арттырудың мақсаттарына қол жеткізуде жоғары мемлекеттік аудит органдарының және EUROSAI-дың рөлін күшейту туралы Стамбул декларациясы қабылданды.

Бұдан басқа, 2011-2017 жылдарға арналған EUROSAI-дың стратегиялық жоспарының орындалуы туралы есеп бекітілді, 2017-2013 жылдарға арналған EUROSAI-дың стратегиялық жоспары мен оның орындалуына арналған  бюджет қабылданды.

Іс-шара шеңберінде жоғары мемлекеттік аудит органдарының басшыларына семинарлар және делегаттар үшін параллельді жұмыс сессиялары, сондай-ақ EUROSAI-дың Басқарушы кеңесінің 46-шы және 47-ші отырыстары өтті.
 
 
Анықтама ретінде:

EUROSAI (European Organisation of Supreme Audit Institutions – Еуропа жоғары қаржы бақылау органдары ұйымы) – Еуропаның 50 елінің  жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарын өз құрамына біріктіретін ұйым, 1990 жылы құрылған. Есеп комитеті 2003 жылдан бастап EUROSAI мүшесі болып табылады.  

Конгресс әрбір үш жыл сайын жиналады, Конгреске басшылықты  Конгресс өтетін мемлекеттің жоғары қаржылық бақылау органының басшысы жүзеге асырады.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату