РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

26.05.2017

Сенаторлар Үкімет есебін тыңдады, "Егемен Қазақстан" газеті

Өткен жылы 267,9 миллиард теңге тиімсіз пайдаланылыпты.

Кеше Сенатта 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі таныстырылды. Негізгі баяндаманы Қаржы министрлігінің, Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитетінің және Ұлттық банктің басшылары жасады.

2016 жылғы республикалық бюд­жеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды. Оның баяндамасында бюджет түсімдері 100,2 пайызға орын­ далып, 7 триллион 760 миллиард тең­ гені құрағаны, шығыстар 8 триллион 501 миллиард теңгеге атқарылып, 98,3 пайыз игерілгені атап өтілді.

Бюджет тапшылығы 741 миллиард теңгені құрады. Бұл алдыңғы жоспар­ дағы көрсеткіштен 161,5 миллиард тең­геге төмен. Бюджет тапшылығының мөлшері Ішкі жалпы өнімге шаққанда жоспардағы 2%-дың орнына 1,6%-ды құрады. Тапшылық сомасы 2015 жыл­дың көрсеткішінен 171 миллиард теңгеге азайды. Кірістер 382 миллиард теңгеге асыра орындалды.

Б.Сұлтанов макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғанын атап өтті. Ішкі жалпы өнімнің өсуі жос­парланған 0,5%-дың орнына 1%-ды құрады. Бюджеттің ұлғаюы, біріншіден, әлеуметтік салаға қаржыны көбейтуге мүмкіндік берді. Шығыстардың жарты­сы, яғни 4 триллион теңгесі әлеуметтік болып табылады. 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9%-ға көбейді.

Зейнетақыны төлеуге бюджеттен 1 353 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бала туылуына орай жәрдемақы 438 мың адамға төленді, оған 33 миллиард теңге жұмсалды.

Баяндамада бюджеттің игерілме­ген тұстары да айтылды. Жыл қо­рытындылары бойынша пайдалан­ баған қаржының 110 миллиард тең­гесі бөлінбеген резерв пен үнемдеуге тиесілі.

Игерілмеген 36 миллиард теңгенің 29 миллиард теңгесі Қорғаныс министрлігіне жатады. Ішкі істер министрлігінікі - 1,2 миллиард теңге; Білім және ғылым министрлігінікі - 1 миллиард теңге; Сыртқы істер министрлігінікі - 920,2 миллион тең­ге; Ауыл шаруашылығы министрлігі­нікі - 870,2 миллиард теңге; Әділет ми­нистрлігінікі 759 миллион теңге болды.

Республикалық бюджеттің атқа­рылуы жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков өзінің баяндамасында 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне Есеп коми­тетінің қорытындысы жаңа сипатта дайындалғанын атап өтті. Зерделеу барысында тәртіп бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың туын­дау себептерін жан-жақты зерттеу жә­не оларды алдағы уақытта болдырмау үшін сындарлы ұсыныстар әзірлеуге басымдықтар берілді.

Есеп комитетінің бағалауы бойын­ ша, республикалық бюджеттің нақты­ланған көрсеткіштері жүзеге асырыл­ды. Шоғырландырылған бюджет тү­сімдерінде шикізат секторының үлесі едәуір қысқарды.

Сонымен қатар, экс­порт құрылымының шикізаттық емес бөлігіне қатысты өзгеріс болған жоқ, бұл экономиканы әртараптандыру бойынша қойылған мақсаттар мен міндет­терге қол жеткізбеу қаупін тудырады.

Н. Әбдібеков атап өткендей, респуб­ликалық бюджет кірістерінің Ұлттық қордан берілетін трансферттерге тәуелділігінің сақталуы Ұлттық қордың жинақтау және тұрақтандыру функцияларын қауіпсіз жүзеге асыру тәуекелдерін ұлғайтады.

Баяндамада, сон­дай-ақ, қаржы тәртібінің жалпылама төмендеуі секілді олқылықтар, салық және кедендік заңнаманы орындаудағы өзекті мәселелер айтылды.

Есеп комитетінің мәліметінше 2016 жылы 267,9 миллиард теңге тиімсіз пайдаланылған. Қаржылық тәртіп­тің төмендеуі жекелеген жағдайларда процестердің тым артық регламентте­луімен, олардың күрделілігімен, көп сатылығы және көп шығындылығымен байланысты болып отыр.

Ұлттық банк төрағасының орынба­сары Алпысбай Ахметов сенаторлар­ ды ақша-кредит саясатының барынша маңызды аспектілері туралы хабардар етті. Баяндамашының пікірінше, біздің еліміз, қолайсыз сыртқы жағдайларға қарамастан, өткен жылғы қиыншы­лықтарды еңсере білді. 2016 жылдың қорытындылары бойынша инфляция 8,5% деңгейінде қалыптасты.

Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыты ақша нарығындағы нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді қалыптастыруға ба­ғытталған. Ұлттық банк базалық мөл­ шерлемені 2016 жылы 17%-дан 12%ға дейін жоспарлы түрде төмендетті.

Валюта нарығында 2016 жылы са­лыстырмалы тұрақтылық байқалды жә­не теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 2%-ға нығайды. 2016 жылы ұлттық валюта - теңгенің жинақтау, есеп айырысу және активтердің құнын өлшеу құралы ретіндегі рөлінің артуында айтарлық­ тай прогреске қол жеткізілді. 2016 жылы теңгемен депозиттер 3,3 трил­лион теңгеге (66%-ға өсу) өсті, шетел валютасымен депозиттер 1,1 трил­­лион теңгеге (10%-ға) төмендеді. Де­позиттердің долларлану деңгейі бір жылда тарихи ең жоғары 70%-дан 55%ға дейін төмендеді. Ұлттық банктің болжамы бойын­ша күйзеліс болмаған кезде инфляция 2017 жылы нысаналы дәліз (6-8%) шеңберінде болады. Қаржы реттеушісі айырбастау бағамының еркін өзгермелі режімін ұстануды жалғастырып отыр.

«Төмен инфляция және валюта нарығында теңгерімсіздіктердің жи­нақталуын болдырмау - осы екі міндет - экономиканың ұзақ мерзімді орнық­ты өсуін қамтамасыз етуге барынша то­лық себепші болатындығын атап өткім келеді», - деді А.Ахметов. Баяндамашылар Жоғарғы палата депутаттарының сауалдарына жауап берді. 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі Сенат комитеттерінде жалғасатын болды.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату