РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

14.06.2017

Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау (аудит) органдары басшылары кеңесінің Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптамалық тобының 10-шы отырысы өтті

Отырысқа  Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының өкілдері қатысты.

Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков отырыс қатысушыларына құттықтау сөзін арнады.

Ол өз сөзінде сараптама тобы жұмысының өзектілігі артып келеді, өйткені түйінді ұлттық көрсеткіштер экономиканың жағдайы туралы ақпараттың көзі ғана емес, сондай-ақ экономикалық дамудың теңгерімсіздіктері мен сәйкессіздіктерін анықтау, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру бойынша іс-шаралардың тиімділігін айқындаудың маңызды құралы болып табылатындығын баса айтты.  

«Осыған байланысты, түйінді ұлттық көрсеткіштерді (ТҰК) әзірлеу және қолдану мәселелері мемлекеттік басқарудың тиімділігін, есеп берушілігін, нәтижелілігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған жоғары қаржы бақылау (аудит) органдары үшін маңыздылығы ерекше», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Ресей Есеп палатасының департамент директоры, Сараптамалық топтың үйлестірушісі Дмитрий Зайцев қатысушыларды 2016-2017 жылдары ТҰК бойынша сараптамалық топ қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау (аудит) органдарының тәжірибесінде түйінді ұлттық көрсеткіштерді (ТҰК) қолдану стандарттары мен әдіснамасын әзірлеу, ТҰК бойынша білім базасының жұмыс істеуі және одан әрі дамуы мәселелері талқыланды.

Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотников Қазақстандағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің реформалануы туралы, жоғары мемлекеттік аудит органының жаңа функцияларына, аудиторлық және сараптамалық-талдамалық іс-шараларды өткізу кезінде қолданылатын негізгі әдістер мен тәсілдерге жан-жақты тоқтады.

Отырыстың қорытындысында қатысушылар 2018 жылға арналған Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегісараптамалық топтың жұмыс жоспарын бекітті.
 
Анықтама ретінде:
Түйінді ұлттық көрсеткіштер – тиісті салаларда ұлттық мақсаттарға қол жеткізудегі экономикалық және әлеуметтік ілгерілеуді өлшейтін көрсеткіштер.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшылары кеңесінің Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптамалық тобы 2008 жылғы қыркүйекте Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының VIII сессиясының шешімі бойынша  құрылған.

Сараптамалық топтың қызметі ИНТОСАИ-дың түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобының шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшылары кеңесінің өңірлік пилоттық жобасының іске асырылуына жәрдемдеседі.

ИНТОСАИ – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 191 мемлекеттің өкілдерін біріктіретін жоғары қаржылық бақылау органдарының халықаралық ұйымы. Ол 1953 жыл құрлыған. Есеп комитеті 2000  жылдан бері  ИНТОСАИ-ға мүше.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату