РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

07.06.2017

Есеп комиеті: 2016 жылы Ұлттық қордың қаражаты азайды, Спутник

Республикалық бюджет кірістерінің ұлттық қордан берілетін трансферттерге тәуелділігі сақталып отыр. Республикалық бюджет кірістерінің ұлттық қордан берілетін трансферттерге тәуелділігі сақталып отыр. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы Ұлттық қор қаражаты 7,3 пайызға азайған, деп хабарлады Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Біздің бағалауымызша, Үкімет республикалық бюджеттің нақтыланған жоспарын атқарған. Сонымен қатар, кемшіліктер мен шешілмеген проблемалар да бар. Біріншіден, бюджет кірістерін атқарудағы проблемалар мен кемшіліктерді атап өту керек. Салықтар бойынша түсімдердің асыра орындалуына макроэкономикалық жағдайлардың жақсаруы мен алдағы кезеңдердің төлемдеріне аванс беру әсер етті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда есепті жылдың соңына корпоративтік табыс салығы бойынша 166 млрд теңгені көрсетіп отыр", — деді Әбдібеков 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қаралған мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, республикалық бюджет кірістерінің ұлттық қордан берілетін трансферттерге тәуелділігі сақталып отыр. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы Ұлттық қордың қаражаты 7,3 пайызға төмендеген.

"Соның ішінде түсімдердің сегіз есе қысқаруы есебінен болды. Мұндай жағдай Ұлттық қордың жинақтау және тұрақтандыру функцияларын қауіпсіз жүзеге асыру тәуекелдерін ұлғайтады. Салықтар мен төлемдер бойынша берешек өсуде. Берешектерді төмендету бойынша қолданылған шаралардың нәтижесі қысқа мерзімді болды. Біздің ойымызша, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту үшін едәуір резервтер бар", — деді ол.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату