РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

11.06.2017

Есеп комитеті Маңғыстауда 22,9 млрд теңгенің жұмсалуындағы кемшілікті анықтады, Қазақпарат

Есеп комитетінің отырысында Маңғыстау облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген мемлекеттік аудитке қорытынды жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста бірқатар жүйелік бұзушылықтар мен жетіспеушіліктер және мақсатты көрсеткіштер мен жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың нәтижесіне кері ықпал еткен қаржылық және бюджеттік тәртіптердің, бюджеттік және өзге де заңнамалардың сақталмағаны аталып өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының бұзылып 23 жоба бойынша уақытша ғимараттар мен құрылымдардан түскен 32,8 млн теңге көлеміндегі сома бюджетке аударылмаған, авторлық және техникалық бақылаусыз 1 365,4 млн теңгеге, өкілетті органдарға хабар берілмей - 687,4 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Салынып бітпеген құрылыс нысандарын, қабылдау комиссиясы мақұлдамаған нысандарды қабылдап алу фактілеріне жол берілген», - деп хабарлады Есеп комитетінің баспасөз комитеті. Мәселен, құны 2 799,8 млн теңге болатын «Жаңаөзен қаласындағы орталық қазандықты кіші жылу электр орталығына ауыстыру, қайта өңдеу және кеңейту, 4 кезең» нысаны толық дайын болмаса да, пайдалануға қабылданған.

Қабылдау комиссиясының актісінсіз 13,4 млн теңге болатын Ақтау қаласының 32а шағынауданындағы әріздік сорғы станциясы және сметалық құны 1 451,4 млн теңге С.Шапағатов ауылының су құбыры мен су қоймасы пайдалануға берілген. Ақтау қаласында жалпы сомасы 3 912,7 млн теңгеге тұрғызылған төрт тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысан 2015-2016 жылдары пайдалануға берілсе де, пайдаланушы ұйымның еншісіне қабылданбаған. Сметалық құны 501 млн теңгені құрайтын Бейнеу ауылында 2016 жылы қолдануға берілген ауылішілік су құбырының үшінші учаскесі жұмыс істемей тұр.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 70 30 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату