РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

22.06.2017

Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

1. Ақмола облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілгенмемлекеттiк аудиттің қорытындылары шығарылды.

Жүйелік кемшіліктердің бар болуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері тарапынан бюджет қаражатын жоспарлау және қолданудағы қажет мониторинг пен бақылаудың болмауы, бағдарламалық құжаттардың бірқатар мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштеріне жете алмағандықтары мен олардың сапасыз дайындалуы атап өтілді.

Өңірдің салықтық әлеуетінің өсуіне жағдай жасаудың жеткіліксіз болуына байланысты оның кірісінің республикалық бюджетке тәуелді болуы сақталып жатқандығы анықталды. Сонымен бірге 2015 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға ұлғайған

2016 жыл қорытындылары бойынша 69,3% құраған облысқа бөлінетін нысаналы трансферттер көлемінің жыл сайынғы өсімі байқалды.
 
Аумақтың даму бағдарламасының жүзеге асырылуы қорытындысында 2015 жылы 10 нысаналы индикатор мен 37 нәтижелер көрсеткіштері жүзеге асырылмаған, 2016 жылы – халықты жұмыспен қамту, мектептерді іске қосу, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, ластайтын заттардың атмосфераға шығарылуына қатысты 12 нысаналы индикатор іске аспаған.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жергілікті атқарушы органдар жол  берген қаржылық тәртіп бұзушылықтары анықталды. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде мониторинг және бақылау тиісті түрде жүргізілмеген.

2016 жылы аяқталуы көзделген 28 бюджеттік инвестициялық жобаның жалпы сметалық бағасы 5,2 млрд. теңге 11 жобасы іске асырылмаған. 21 бюджеттік инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен сомасы 5 509,7 млн. теңгеге қаржыландыру тиісті экономикалық сараптамасыз жүзеге асырылған.

2016 жылы инвестициялық жоба тиімділігі принципіне сәйкес келмейтін «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Васильковский ықшамауданының солтүстігіне қарай кварталішілік желілерді салу және абаттандыру (ауданы 13 га учаскесінде) Тік жоспарлау» жобасын іске асыруға сомасы  63,2 млн. теңге бөлінген.

Құрылысы жер учаскесіне меншік құқығынсыз жүргізілген құны 3 016,1 млн. теңгені құраған 2015 жылы аяқталған «Целиноград ауданы Талапкер ауылындағы жаңа құрылысты электр қуатымен қамтамасыз ету» объектісі пайдаланылмайды, объектіні қолданысқа қабылдау актісіне қол қойылмаған.

Көкшетау қаласы құрылыс бөлімі 2016 жылы қолданысқа берген 3 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері пайдаланатын ұйымдар балансына тапсырылмаған.

2016 жылы республикалық бюджеттен алынған несиелік қаражат есебінен Көкшетау қаласы Красный Яр ауылында құрылған модульдік қазандық 50%-ға қолданылуда және аталған елді мекеннің кейбір бөліктерінде жылу өтетін жолдың болмауына байланысты жылу тұтынушыларды толық көлемде қамтамасыз етпейді.

2015 жылы қолданысқа берілген ауысымда 25 ауру бара алатын Сабынды ауылындағы дәрігерлік емхана ғимаратында жалпы аумағы 81,9 шаршы м. Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округы әкімінің аппараты орналасу фактісі анықталған.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын бұза  отырып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарын хабарландырмай, Бұланды ауданында құс фабрикасы үшін өндірістік инфрақұрылым құрылысы бойынша сомасы 241,1 млн. теңге екі бюджеттік инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. 16 инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы құрылыс нормативтік мерзімінен 1-34 айға артығымен орындалған.

Жергілікті атқарушы органның тиісті құзіретінің болмауына қарамастан, аграрлық-өнеркісіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша іс-шаралар аясында несиелік және лизинг міндетті қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемені қаржыландыру жүргізілген.

2016 жыл қорытындылары бойынша бюджет қаражатын игеру мақсатында Ауыл шаруашылығы басқармасы 2017 жылға аванс ретінде «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ-ға 1 189,9 млн. теңге сомасына игерілмеген нысаналы транферттер қалдықтарын негізсіз аударған.
Несиелік және лизинг міндетті қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемені қаржыландыру аясында аграрлық-өнеркісіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру мақсатында 2013 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мақұлдаған 79 қарыз алушылардың 14-і алынып тасталған. Сонымен қатар Бюджеттік кодекспен көзделген тиімділік принципіне сәйкес келмейтін олардың сауығуларына
2013-2016 жылдары 2 377,0 млн. теңге сомасына республикалық бюджет қаражаты жұмсалған.

Мемлекеттік аудит нәтижесінде жалпы сомасы 5 216,8 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 5 397,0 млн. теңгеге - бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және 9 820,0 млн. теңгеге - 59 рәсімдік бұзушылық фактілері анықталды.
 
Есеп комитетінің отырысының қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсыныстар берілді, Ақмола облысының әкіміне анықталған бұзушылықтарды жою үшін шара қолдану, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру тапсырылды.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - ҰЭМ) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтepi комитетінің (бұдан әрі - ҚІК) ведомстволық бағынысты ұйымдарының республикалық бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қорытындыланды.

ҰЭМ және ҚІК ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне, сондай-ақ олардың бюджеттік қаражатты, Ұлттық қордың қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігіне жеткілікті бақылау және мониторинг жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Стратегиялық жоспарлау саласында уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатын ҰЭМ бюджеттік өтінімдерді құру бойынша талаптарды сақтамайды. 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сомасы 7,5 млрд. теңгеге, соның ішінде ҰЭМ 5,5 млрд. теңгеге және ҚІК 2,0 млрд. теңгеге бюджеттік өтінімдер, негізделген есептеулерсіз және растайтын құжаттарсыз жасалған.

Заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізуге бөлінген жалпы сомасы 344 млн. теңге бюджеттік қаражатты жұмсау мониторингі ҰЭМ жүргізбеген, бұның өзі 202,9 млн. теңгенің игерілмеуіне әкеліп соқты.

ҰЭМ Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасының ұлттық орталығының оң қорытындысыз жалпы сомасы 227,2 млн. теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 3 ғылыми зерттеуге төлеу жүргізгені анықталды. Бұл ретте зерттеудің деректері Ұлттық ғылыми одақпен мақұлданбай және қайта өңдеуге жіберілді.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның ұйымдық құрылымының жеткіліксіздігі атап өтілді.

«ЭЗИ» АҚ-ның Талдау зерттеулер орталығы (15 адам) және Реттеуші орта жобалау және талдау орталығы (13 адам) қызметкерлерінің жалпы санының жартысы басқарушы құрамға жатады. Бұл ретте «ЭЗИ» АҚ-мен Мемлекет басшысының 2018 жылдың соңына дейін еңбекақыны ұлғайтуға мораторий туралы тапсырмасы орындалмайды.

ҰЭМ-ніңведомстволық бағынысты ұйымдарының жалпы сома 176,2 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, соның ішінде «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ 123,1 млн. теңгеге, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ – 48,5 млн. теңгеге, «ЭЗИ» АҚ – 4,6 млн. теңгеге бұзу фактілері анықталды.

ҚІК-мен 2012 жылдан бастап шығындары жалпы сома 2,6 млрд. теңге құраған Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының энерготиімділік орталықтарының құрылысы аяқталмады. Бұл ретте 2014 жылы аталған орталықтардың құрылысын аяқтауға бөлінген 698,1 млн. теңге игерілмеуге байланысты бюджетке қайтарылды.  Құрылыс туралы заңнаманы бұза отырып, оны ұстауға 29,2 млн. теңге жұмсалған, қолданысқа берілмеген Астана қаласындағы объектіні «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ пайдалануда.

ҚІК мердігер тарапынан шарттық міндеттерді уақтылы орындауға бақылау жүргізді қамтамасыз етпеген.

Қажетті сараптаманы кейін жүргізумен 1,1 млрд. теңге сомаға бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ге түзетулер жасалмады. Мемлекеттік тапсырманың келісілген 32 шарты бойынша мердігерлермен жұмыстар уақтылы емес және шарттық талаптарды бұзумен жүргізілді. Бұл ретте 10 шарт бойынша 46,5 млн. теңге  сомасына тұрақсыздық айыппұлы өндіріліп алынбаған.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» АҚ қаржылық лизингтің 26 шартының ішінен 22-і бойынша жалпы сомасы 98,0 млн. теңге лизинг бойынша сыйақылар аударылмаған. Лизинг бойынша негізгі қарызды өтеу кестелерін бұзған лизинг алушыларға айыппұл санкциялары қолданылмаған.

Қазақстан Республикасында әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында нормативтік-техникалық құжаттардың пайдаланылуы атап өтілді.

 Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Есеп комитеті сомасы 5,4 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтар анықтады, соның ішінде 890,5 млн. теңгеге - активтерді пайдалану кезінде бюджеттік және өзге де заңнамаларды бұзу, 4,5 млрд. теңгеге - бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есепті құру кезінде  жіберілген бұзушылықтар, 5,2 млрд. теңгеге – бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану, 3,8 млрд. теңгеге - қаражатты тиімсіз пайдалану, 25,0 млрд. теңгеге – 100рәсімдік бұзушылық анықталды.

Мемлекеттік аудит кезінде 4,2 млрд. теңге өтелді және қайтарылды.

Отырыстың нәтижесі бойынша Үкіметке ұсыныстар берілді, Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтepi комитетінде нормативтік-құқықтық құжаттарды, құқық нормаларының бар-жоғы мәніне, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу талаптарын сақтауды тексеру тапсырылды.

Ұлттық экономика министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтepi комитетіне анықталған бұзушылықтарды жою мен бюджет өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Мемлекеттік аудиттің материалдары жеке фактілер бойынша процессуалдық шешім қабылдауға құқық қорғау органдарына жіберілетін болады.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі.
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату