РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

23.06.2017

Есеп комитетінде Мемлекеттік қызметшілердің күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен ұжымды құттықтап, қызметкерлерге денсаулық, кәсіби табыстар және жаңа жетістіктер тіледі.

 «Тәуелсіз жылдардың ішінде біздің елімізде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби корпусы құрылды. Өз ісіне адал және принципшіл сауатты басқарушылардың тиімді жұмысы – олардың халыққа шын қызмет етуі, бұл  қазіргі және қуатты Қазақстанды құруға сөзсіз жәрдемдесті», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Есеп комитетінің Төрағасы атап көрсеткендей, әрбір қызметкердің тәжірибесінен, жанқиярлығы мен кәсіби қызметіне, және де оның жеке тұлғалық қасиеттеріне мемлекеттік органдардың тиімді қызметі тәуелді болады.

 «Біз, жоғары мемлекеттік аудит органдарының қызметкерлері мемлекеттік қызметтің беделін нығайту мен оның халық арасындағы абыройын арттыру үшін өз үлесімізді қосамыз». – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Айталық, Заң бөлімінің меңгерушісі Мейрамбек Ахметов  «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсында жеңімпаздардың бірі болды. Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мереке ретінде бекітілген күннен бастап, Есеп комитетінің сегіз қызметкері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан «Үздік мемлекеттік қызметші» белгісімен марапатталды.

Жиналыс барысында Нұрмұхамбет Әбдібеков жоғары жетістіктері үшін, жоғары мемлекеттік аудит органының рөлі мен бюджеттік тәртіптің нығаюына  үлес қосқан Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының қызметкерлеріне ведомстволық марапаттарды берді.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату