РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

23.06.2017

Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы өтті

Есепкомитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалығыменөткенҮйлестірукеңесініңжұмысына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қисыл агенттігінің, қаржыжәнеұлттық экономикаминистрлігінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларыныңтексерукомиссияларыныңтөрағаларықатысты.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Аудиторлық іс-шараларын өткізудің тиімділігін көтеруге бағытталған өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар Парламентте қаралатын тиісті заң жобасы шеңберінде жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Отырыстың қатысушылары мемлекеттік аудит органдарының функцияларының қайталануын болдырмау және олардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету проблемаларына ерекше назар аударды. Осы мәселелер бойынша келісілген бірыңғай ұстанымды әзірлеу қажеттігі туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарына сапа бақылауын өткізу мәселелері қарастырылды. Үздік халықаралық тәжірибе мен озық практиканы есепке ала отырып, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдамалық қызметі сапасын бақылауды өткізу тәртібін жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

2016 жылдың мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды өткізу қорытындылары және ағымдағы жылдың міндеттері талқыланды.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидасына білімін дәлелдеу рәсімдерін өткізуде бірыңғай тәсілді ұстанудың және мемлекеттік аудитор сертификатының болуы туралы талапты енгізу бойынша  тексеру комиссияларының жекелеген мемлекеттік қызметшілері лауазымына үлгілік біліктілік талаптарында өзгерістер енгізудің қажеттілігі баса айтылды.

Қатысушылардың назарын тиімді ақпараттық өзара іс-қимыл қамтамасыз етуге  бағытталған түбегейлі шаралар қабылдау қажеттілігі аударды.2018 жылға арналған Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының ақпараттық жүйелерінің интеграциялық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша келісілген іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
 
 
 
Анықтама үшін:
 
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Кеңес қызметінің мақсаты ең өзекті проблемаларды алқалық талқылау жолымен мемлекеттік аудит органдарының тиімді өзара іс-қимылына жәрдемдесу, бюджеттің барлық деңгейлерінде оны жоспарлау мен атқару кезінде қаржы тәртібін нығайту болып табылады.

Кеңес құрамына Есеп комитетінің Төрағасы және үш мүшесі, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары, Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ұсынуы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан бір-бірден – екі ішкі аудит қызметінің басшысы кіреді.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату