РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

30.06.2017

2017 жылғы 30 маусымда Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысы өтті 

 Есеп комитетінің кезекті отырысында 2014-2016 жылдардағы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының (бұдан әрі – Қор және топ) даму жоспарларының іске асырылуына, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жоспарлаудың негізділігіне, оның іске асырылуына және жүзеге асырылуының тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін олардың жұмыс істеуі мен активтерді басқару, барлық сектордың қаржылық және бюджеттік көрсеткіштерін шоғырландыру тиімділігіне баға беру бөлігінде реттейтін нормативтік құқықтық база толық көлемде қалыптаспағаны атап өтілді.

Мәселен, барлық квазимемлекеттік сектордың қаржылық нәтижелері туралы экономика салалары және шоғырландырылған бюджетбөлігінде   қалыптастырылмайды. Бюджеттік процесс шеңберінде ұлттық холдингтер мен компаниялардың шоғырландырылған бюджеті келісілмейді және оны бекіту жүзеге асырылмайды. Орталық мемлекеттік органдардың шоғырландырылған түрдегі қаржылық есептілігі квазимемлекеттік сектор субъектілері туралы мәліметтерді ескерусіз ұсынылады, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар  бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде ақпарат  «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесінде жоқ. Есеп комитетінің бағалауы бойынша, бұл 2018 жылдан бастап республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыруға кедергі болады.

Заңнамада топ шеңберінде Қордың басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін жауаптылық, сондай-ақ өзге де акционерлік қоғамдар  немесе оның құрылымына кіретін ұйымдардың акцияларын (үлестерін) тиімдібасқаруға бақылау көзделмеген. Сонымен бірге ұлттық холдингтер мен компаниялардың стратегиялық объектілерге жататын активтер және мүлікті  тиімді басқаруы үшін жауаптылығы белгіленбеген.

Республикалық бюджет мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құрамына  кірмегендіктен, стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер,  холдингтер мен компаниялардың даму стратегияларымен бюджетті атқару   нәтижелерімен үйлесім табуы қиындық келтіреді.

Сатып алулар процесін өткізудің ашықтығын нығайту және  бәсекелестікті арттыру мақсатында Қорға сатып алулардың барлық тәсілдерін электрондық форматқа ауыстыру, сондай-ақ бір көзден сатып алуларды өткізу үшін негіздерді оңтайландыру ұсынылды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің құнсыздануының рәсімдері мен әдістерін регламенттеу жеткіліксіздігіне байланысты, сыртқы   объективтік себептер болуына қарамастан, құнсызданудан шығындардың болуы активтерді, соның ішінде зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістемесін әзірлеу қажеттілігін куәландырады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражат қалдықтарының, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банктегі ағымдағы шотында тұрақты түрде, жекелеген жағдайларда көп жылғы сипатқа ие болатын қалыптасу практикасы сақталып отыр, бұның өзі ХҚЕС-ға сай олардың құнсыздануына әкеп соғады.

Есептерде мәліметтердің көрсетілмеуінің көптеген фактілері, есепке алу деректері мен аудиттелген қаржылық есептілік арасындағы айырмашылықтар, қаржылық есептілік пен сыртқы аудиторлардың есептерінде көрініс таппаған 2 млрд. теңгеден астам («ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ), жымқырудың «табылмау» фактілері,  ҚТС аудиті кезінде 1,9 млрд. теңгеден астам соманың жете есептелмеуіне әкеп соққан 2014 жылғы қаржылық нәтижелерін қате айқындау («ҚазМұнайГаз -  өңдеу және маркетинг»), есепке алу рәсімдерін регламенттеудің жеткіліксіздігін, аудит сапасын бақылаудың формалды жүргізілуін және бекітілген қаржылық есептілікке сенімсіздік тудыруын куәландырады.

Уәкілетті орган деректері бойынша елдің жанар май отынына ішкі сұранысы 30%-ға қамтамасыз етілмейді, Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының өнімі «Евро-2» стандарты деңгейінде қалып отыр. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ компаниялары топтарының   өндірістік объектілерінде отын импортына тәуелділікті азайту мақсатында  «Еуро-5» отын стандартын шығаруға көшу процесін  жеделдету қажеттілігі атап өтілді.

Шетелдік жұмыс күшін кіргізуді кеңейту практикасы мен мұнай өңдеу саласындағыобъектілерді жаңғырту бойынша бейрезиденттерімен банктермен қарыз алудың ұзақ мерзімді шарттарымен байланысты шарттасуы шеңберінде жабдықтарды жеткізуде шетелдік өнімге басымдық беру анықталды.

Салықтық әкімшілік етудің тиімділігін арттыру қажеттілігі атап өтілді. Талап қою мерзімінің өтуіне байланысты 10 ірі салық төлеушіге қатысты 2009-2012 жылдары кешенді салық тексеруін жүргізу құқығын жоғалту осы кезеңдер үшін бірқатар мемлекеттік аудит объектілеріне қатысты салық міндеттемелерін толық көлемде есептеудің негізділігін белгілемеуге әкеп соққан. 12 аудит объектісі бойынша ҚҚС сомасы бойынша есепке алу сомаларын көтеру немесе төмендетудің көптеген фактілері анықталды, 7 объекті бойынша сомасы 1 260,7 млн. теңге ҚҚС есепке алуға қате жатқызылған,  сомасы 2 013,2 млн. теңгеге шот-фактураларды дұрыс көрсетпеудің 14 фактісіне жол берілген.  
 
Жекелеген жағдайларда ұйым тоқтатылған қызметтен не оң бағам айырмасынан пайда алу кезінде түйінді басқарушылық персоналға олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы төлеу практикасы анықталды.  Мәселен, 2014 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық нәтижеде тоқтатылған қызметтен пайданың басым болуымен және операциялық қызметтен залалдың болуымен «Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС-ның бас директорына 12,1 млн. теңге мөлшерінде сыйақы төленген. Теріс қаржылық көрсеткіштер кезінде 2015 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның ішкі аудит қызметінің және корпоративтік хатшылық аппаратының қызметкерлеріне сыйлықақы берілген. Осыған ұқсас жағдай, 2014-2015 жылдары «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның залалдары бола тұра,  қызметкерлерге мерекелерге сыйлықақылар және басқа да біржолғы сыйақылар төленген.

Мемлекеттік аудит барысында еншілес және тәуелді ұйымдарға ағымдағы проблемаларды қарауға және шешуге қаржылай көмекті жүйелі түрде  бөлу практикасы анықталды. Аталған қаржылай көмек шарттарда айқындалған мерзімдерде өтелмейді.

«Шығысмашзауыты» АҚ-ның 6 300,4 млн. теңге мөлшеріндегі «Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС-ға ұсынылған қаржылау көмек сомасын өтеу қамтамасыз етілмеген, оның бір бөлігі нысаналы пайдаланылуы көрсетілмей бөлінген, бір бөлігі кредиттер мен жалақы бойынша берешекті өтеуге арналған.  

«Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС-ның 103 жартылай ашық вагонды толық жеткізбеуіне қарамастан, «Қазтеміртранс» АҚ  71 жартылай ашық вагонды жеткізуге келесі шарттар бойынша 100% аванстық төлем жүргізген.

Астана қаласы әкімдігінің «Самұрық-Энерго» АҚ-ға балабақша құрылысы үшін жер учаскесін бөлгені анықталды. Кейін осы жер учаскесінің аумағында мал қорымы табылып, бұл құрылыс мерзімін ауыстыруға, жаңа жер учаскесінде ЖСҚ-ны әзірлеуге және сомасы 426,5 млн. теңге негізделмеген шығыстарға әкеп соққан.

Есеп комитеті мемлекеттік аудит барысында сомасы 11 723,2 млн. теңгеге бюджет және өзге де заңнаманың бұзушылықтарын, 4 523,1 млн. теңгеге бюджет қаражатының (активтердің) тиімсіз пайдаланылғанын, 20,4 млн. теңгеге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғанын, 16 жүйелі кемшілікті,  28 811,1 млн. теңгеге 57 рәсімдік бұзушылықты анықтады.  Қордың және топтың ішкі құқықтық актілерін бұзушылықтар сомасы 24 443,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде аудит барысында сомасы 18 413,0 млн.теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Аудит барысында салық  декларацияларының ұсынылуы қамтамасыз етіліп, бюджетке 2 700,1 млн. теңге өтелді, есепке алу бойынша  5 285,3 млн. теңге қалпына келтірілді. Екі заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бюджет және өзге де заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді. Ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға және оның еншілес ұйымдарына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау, бюджет және өзге де заңнаманың талаптарын сақтауды қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау тапсырылды, сондай-ақ басқа да бірқатар тапсырмалар берілді. 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату