РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

05.07.2017

Есеп комитетінің Астана күніне арналған салтанатты жиналысы өтті

Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков ұжымды Астана күнімен құттықтап, денсаулық, бақыт, амандық тіледі.

Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы шешімі отандық тарихта жаңа дәуірді – жасампаз өзгерістер дәуірін ашқанын және елдің экономикалық өрлеуі мен қоғамның рухани гүлденуінің жарқын  бейнесі болғанын атап өтті.

 «Осы жылы Астанаға 19 жыл толады. Осы уақыт ішінде астана қазіргі заманауи, қарқынды дамып келе жатқан қалаға айналды, ол жүргізілген саяси және экономикалық реформалардың жетекшісі бола отырып, бүкіл мемлекетке күш беруде. «Бұл астананы жеделдете құрудың еуразиялық кеңестікте  ғана емес, әлемдегі бірегей үлгісі», - деді ол. 

Есеп комитетінің Төрағасы Астанада түрлі ұлттардың, діни көзқарастардың толыққанды өмірі мен еңбегі үшін барлық жағдай жасалғанын баса айтты.  

«Астана – бұл үміттер іске асырылатын, болашақтың, жаңа мақсаттардың, жоспарлардың қаласы. Сіздерге астанамыз бен Отанымыздың дамуы жолында кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін», - деп қорытындылады Нұрмұхамбет Әбдібеков.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату