РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

29.07.2017

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті хабарлайды

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) әлеуметтік желілерде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты жүргізілген мемлекеттiк аудит туралы ақпараттың тарауына орай жекелеген бұқаралық ақпарат құралдардың сұрауына байланысты келесіні хабарлайды.
        
Есеп комитеті 2016 және 2017 жылдарға арналған Жұмыс жоспарларына сәйкес «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген республикалық бюджет қаражатының, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары акциялар пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасының іске асырылуына пайдаланылған мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының даму жоспарларының іске асырылуына, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жоспарлаудың негізділігіне, оның іске асырылуына және жүзеге асырылуының тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шаралары шеңберінде  2016 жылғы 3 қараша мен 30 желтоқсан аралығында және 2017 жылғы 30 қаңтар мен 12 сәуір аралығында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-да мемлекеттік аудиторлар Б. Мукина және Ғ. Тапеевтің қатысуы мен мемлекеттік ауди тжүргізді.
     
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары туралы жалпы ақпарат Есеп комитетінің интернет ресурсында орналастырылды (2017 жылғы 2 ақпандағы  және 2017 жылғы 30 маусымдағы пресс-релиздер).
        
Бұл ретте Есеп комитеті анықталмаған дереккөздердің әлеуметтік желілерде Есеп комитетінің құжаттарына сілтеме жасап таратқан ақпаратында Есеп комитетінің ресми құжаттарындағы (аудиторлық есептер мен аудиторлық қорытындылар), соның ішінде кейбір «қызмет бабында пайдалану үшін» сипатындағы ақпараттарды бұрмалайтын, ал кей жағдайларда қарама-қайшы мәліметтер мен тұжырымдар келтірілгенін атап көрсетеді.
        
Есеп комитеті аудиторлық қорытындыларды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жоюға ден қою бойынша қабылданған шаралар жөніндегі құжаттарды Үкіметке, мүдделі мемлекеттік органдарға жіберді, жекелеген материалдар процестік шешімдер қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына  жолданды.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату