РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

07.09.2017

Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Баку қаласында (Әзербайжан Республикасы) өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XVII сессиясының жұмысына қатысты

Есеп комитеті Қазақстанның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жаңа сапалы деңгейге шығару бойынша жүйелі шараларды қабылдайды. Бұл жөнінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XVII сессиясының отырысында сөз сөйлей отырып,  Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлімдеді.

ЖҚБО қызметінің тиімділігін бағалаудағы сапалы көрсеткіштерді қолдану мәселелеріне арналған іс-шарада, сонымен қатар Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының жоғары қаржы бақылау (мемлекеттік аудит) органдарының бірінші басшылары мен өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Нұрмұхамбет Әбдібеков Есеп комитеті жұмысының тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды.   

Атап айтқанда, қаражатты өтеу (қалпына келтіру), Есеп комитетінің ұсынымдары мен тапсырмаларын орындау, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға қатысты жыл сайын ведомство қызметі тиімділігінің түйінді нысаналы индикаторлары әзірленетінін атап өтті.

Нұрмұхамбет Әбдібеков «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес Есеп комитеті барлық мемлекеттік аудит органдарының қызмет сапасына бақылау жүргізетінін баса айтты.

«Мемлекеттік аудит органдарының, соның ішінде Есеп комитетінің қызметін үнемі бағалау аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыруға және нәтижесінде бюджет процесін, республикалық бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін басқаруды жетілдіруге ықпал етеді», - деді ол.

Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, тұрақты бақылау мен мониторингтің арқасында Есеп комитеті шешімдерінің орындалу және бюджетке қаражатты қалпына келтіру (өтеу) деңгейі өсуде.

Есеп комитеті төрағасының сөлеген сөзінің толық мәтінін мына жерден қараңыз.

Кеңес отырысында Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптама тобы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыс нәтижелері қаралды.

Кеңесте мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарында қолданылатын Глоссарий терминдері және «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарының қызметкерлеріне арналған әдеп талаптары, принциптері мен мінез-құлық нормалары» Стандарты бекітілді. 

Сессия қорытындысы бойынша ЖҚБО қызметінің тиімділігін бағалау практикасында сапалы көрсеткіштерді қолдану мәселелерінде ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарының рөлі туралы Шешім және Бұрыштама қабылданды.

Бұдан басқа, Кеңестің XVII және XVIII сессиялары аралығындағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Сессия шеңберінде Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Әзербайжан Республикасы Есеп палатасының басшысы Вюгаром Гюльмамедовпен, Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің басшысы Леонид Анфимовпен, Молдова Республикасы Есеп палатасының басшысы Вячеслав Унтиламен және Ресей Федерациясы Есеп палатасының басшысы Татьяна Голиковамен екі жақты кездесулер өткізді.

Әріптестер ЖҚБО-ның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің экономика салаларын дамытуға әсерін талдау, ақпараттық деректер базасын қолдану, мемлекеттік аудит органдар функцияларының қайталануын болдырмау, республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауды жүзеге асыру және басқалар бойынша пікір алысты. Бұдан басқа, тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша  оқыту семинарлары мен жұмыс кездесулерін өткізу бөлігінде ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.
 
Анықтама ретінде:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының кеңесі 2000 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, олардың өзара іс-қимылын үйлестіру мен жұмыс тәжірибесін бөлісу үшін құрылды.
 
 
 Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату