РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

15.09.2017

Есеп комитетінің аппарат басшысы Ержан Зағитов қазақстандық делегация құрамында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің пленарлық отырысына қатысты, Париж қаласы (Франция)

Отырыс Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы (АКС) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ЭЫҰД Желісінің қызметі шеңберінде өтті.

Қазақстан, Тәжікстан және Украина бойынша мониторингтік есептер, сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстанның аралық есептері қаралды  және бекітілді.

Қазақстан делегациясының басшысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стамбулдық іс-қимыл жоспары мониторингінің үшінші раундының іске асырылуы туралы есеп ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазақтан Республикасында қабылданатын шаралар талқыланды. Атап айтқанда, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді заңдарды қабылдау, ашық және есеп беретін үкімет құру, мемлекеттік қызмет көрсетуде бағалау және сыртқы бақылау жүйесін құру, сот жүйесінде, прокуратура органдарында, қылмыстық атқару жүйесіндегі қайта құрулар.

Өткізілген іс-шаралар әкімшілік кедергілер мен жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтардың мәдениетін көтеруге мүмкіндік бергені атап өтілді.

Қазақстан тарапынан сөз сөйлеу қорытындысы бойынша Стамбулдық іс-қимыл жоспарының Төрағасы Энери Киньонес ханым ЭЫҰД ұсынымдарын іске асыру кезінде Қазақстанның қол жеткізген елеулі прогресін атап өтті.  
 
Анықтама ретінде:
 
1998 жылы құрылған, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ЭЫҰД Желісінің негізгі мақсаты  мүше елдердің сыбайлас жемқорлықты болдырмау және онымен күрес бойынша күшейтілуін қолдау болып табылады. Желі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, ақпарат алмасуға, өңірлік кездесулер мен семинарлар, өзара оқыту бағдарламалары мен арнайы тақырыптық жобалардың көмегімен озық тәжірибелер әзірлеу және донорлық көмекті үйлестіруге ықпал ететін өңірлік алаң болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл жоспары Желінің бөлігі болып табылады.
 
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату