РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

20.09.2017

Есеп комитетінің және бірқатар облыстар мен Астана қаласы тексеру комиссияларының, ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің қызметкерлері мемлекеттік аудит саласындағы халықаралық сертификаттарға (CIPFA) ие болды

Азия Даму Банкінің қолдауымен өткен оқытуды CIPFA Сертификатталған мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институтының (Ұлыбритания) бағдарламасының екі модулі бойынша Ernst & Young Бизнес академиясының («Эрнст энд Янг Казахстан») оқытушылары жүзеге асырды.

Оқыту мемлекеттік аудиторлардың әлеуетін, Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ҚСХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік пен мемлекеттік аудит саласындағы олардың кәсібилігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған. 

Оқытудың қорытындысы бойынша Есеп комитетінің және бірқатар облыстар мен Астана қаласы тексеру комиссияларының, ұлттық экономика мен қаржы министрліктерінің 28 қызметкеріне CIPFA Public Auditor халықаралық біліктілігі берілді, сондай-ақ Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (DipIPSAS) бойынша оқуды бітіргені туралы дипломдар тапсырылды. 
 
Анықтама ретінде:

Қазақстанда CIPFA бағдарламасы бойынша мемлекеттік аудиторларды сертификаттау 2016 жылдан бастап Есеп комитетінің бастамасымен өткізілуде. Есеп комитеті – посткеңестік кеңістікте мемлекеттік аудиторлар үшін CIPFA халықаралық сертификаттауын енгізген алғашқы жоғары мемлекеттік аудит органы.

CIPFA мемлекеттік қаржы саласындағы сертификаттауды жүзеге асыратын әлемдегі бірден бір кәсіби ұйым болып табылады.
Оқыту ҚСХҚЕС бойынша терең білім алуды және халықаралық қоғамдастық таныған сертификаттар алуды көздейді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату