РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

27.09.2017

Есеп комитетінің Ғылыми-әдiснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңды іске асыру үшін дайындалған құжаттардың жобалары қаралды.

Атап айтқанда, мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізу, сондай-ақ мемлекеттің зияткерлік активтерін қалыптастыруға және ғылымды дамытуға бағытталған бюджет қаражатының тиімділігіне аудит жүргізу жөніндегі әдіснамалық басшылықтардың жобалары.

Аталған басшылықтардың алдағы уақытта Есеп комитетінің және тексеру комиссияларының мемлекеттік аудиторларының жұмысында қолданылатыны атап өтілді.

«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК өткізетін зерттеулерді дайындау туралы алдын ала есептер қаралды. Зерттеулер республикалық бюджетті жоспарлау тиімділігіне аудит, салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне аудит, бюджеттік инвестицияларға аудит, Ұлттық қор қаражатының қалыптастырылуына және пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу мәселелеріне арналған.

Әрбір зерттеудің қорытындылары бойынша Есеп комитетінің жұмысында пайдалану үшін тиісті әдіснамалық басшылықтар әзірленетіні баса айтылды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесіне (ТБЖ) түзетулерді енгізу мәселелері талқыланды.

Аудит объектісін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу бойынша шешімдер қабылдау кезінде пайдаланылатын тәсілдерді өзгерту бөлігінде  ТБЖ-ны жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.

Отырыстың қорытындысымен тәуекелдерді басқару жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша әдіснамалық басшылықтардың және тәсілдердің жобаларын мақұлдау, сондай-ақ айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, зерттеулерді дайындау туралы алдын ала есептерді  пысықтау туралы шешім қабылданды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату