РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

28.09.2017

Есеп комитетінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті

Есеп комитетінің Төрағасы Н. Әбдібеков ұжымды Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай құттықтады.

Мемлекеттік аудиттің жоғары органының басшысы   Қазақстанда халқымыздың рухани қазынасы - тіл байлығын сақтауға ұдайы назар аударылып келетінін, оның қазіргі қоғамның дамуындағы рөліне айрықша мән берілетінін, тілдерді дамыту мемлекеттің қамқорлығында екенін атап өтті.

Есеп комитеті Төрағасының сөзінше, еліміздегі мәдениет пен тілдердің әралуандылығы бұл біздің ұлттық мақтанышымыз.   Өйткені, Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзінің тілі мен мәдениетін сақтуға мүмкіндігі бар.

«Ең алдымен кез келген ұлт, мемлекет үшін маңыздысы мемлекеттік тілі. Тілімізде халқымыздың даналығы мен дәстүрі кеңінен көрініс тапқан. Қазақ тілінде еркін сөйлеу және түсіне білу барлық тұрғындарымыз үшін қалыпты үрдіске айналатын болады», –деп қорытындылады өз сөзін Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Салтанатты іс-шара барысында «Тіл - татулық тірегі»   байқауында жүлделі орынға ие болған топтар мен оған белсенді түрде қатысқан Есеп комитетінің бірқатар қызметкерлері Есеп комитеті Төрағасының дипломдарымен марапатталды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату