РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

29.09.2017

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК-нің құрылуының 10 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Астана қаласы бойынша тексеру комиссияның, Қаржы министрлігі Қаржы академиясының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері қатысты.

Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық ұжымын мерейтойларымен құттықтады.

«Осы жылдарда Орталық қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша  өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындауда», -деп атап өтті.
Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, Орталық Есеп комитетінің ғылыми және әдіснамалық базасын жетілдіруге, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен үлес қосты.

«2008 жылдан бастап Есеп комитетінің аудиторлық, сараптамалық-талдамалық қызметінде озық әдістер әзірлеу және енгізуімен байланысты 52 өзекті бағыт бойынша зерттеулер жүргізілген. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің 5 мыңнан астам  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ұйымдастырылған.

Жиын соңында Орталықтың бірқатар қызметкерлеріне жұмыстағы елеулі жетістіктері үшін Есеп комитеті Төрағасының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.
 
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату