РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

17.10.2017

Есеп комитетінің құзіретін кеңейту керек - Әлиxан Байменов, Қазақпарат

Астана мемлекеттік қызмет xабының басшысы Әлиxан Байменовтың ойынша, мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалауды ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетіне беру керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Шыны керек, Есеп комитеті бұрынғыдай аталғанымен қазіргі кезде оның мақсат-міндеттері кеңейіп отыр. Мәселен, аталған мекеме қаржыны заң бойынша жұмсауды ғана емес, жұмсалған қаржының тиімділігін де анықтайды.

Оны аудит дейді. Бағалау жүйесінің мақсаты да соған жақын. Сол себепті Еуропа елдерінің көбісінде аудит жүйесі мен бағалау жүйесі біріккен. Бұл мемлекеттік ресурстарды да тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Есеп комитеті - тікелей Президентке бағынатын орган. Сондықтан ол үкіметтік органдардың жұмысын бейтарап, тәуелсіз бағалай алады", - деді Байменов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Хаб басшысының айтуынша, Есеп комитетінің атауын өзгертудің қажеті жоқ. Оның құзіретін мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау құзіретін ғана беру керек.

"Менің ойымша, қазіргі жүйе алты жыл бойы өз миссиясын атқарып келеді. Дегенмен, оның тиімділігін ары қарай дамыту үшін аудит пен бағалауды интеграциялау қажет", - деп атап көрсетті Ә.Байменов. Айта кетейік, бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау саласындағы Қазақстанның тәжірибесі кеңінен таныстырылды. Аталған шара бағалау саласындағы ұлттық әлеуетке арналған V Жаһандық конференция аясында өтіп отыр.

АРМАН АСҚАРОВ

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату