РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

17.11.2017

Есеп комитетінің қызметкерлері «Тәуекелге негізделген қаржылық аудит/аудит» тақырыбындағы семинарға қатысты, Анталия қ. (Түркия Республикасы)

Түркия Есеп соты мен Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA)  қолдауымен ұйымдастырылған семинарға сонымен қатар Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Палестина, Солтүстік Кипр, Түркия жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны 2016 жылы Анкара қаласында Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары қаржы бақылау органдары ұйымының (ЭКОСАИ) Басқарма кеңесінің отырысында қабылданған шешімге сәйкес Пәкістан Бас аудиторы Офисінің тренерлері өткізді.  
Семинар барысында аудиттің бүкіл кезеңдерінде тәуекелдерді түрлері бойынша тиісінше шектеу мәніне тәуекелдерді айқындау және талдау рәсімдері қаралды.

Семинардың қатысушыларына тиімділік аудитін, қаржылық есептілікті және сәйкестікке аудит жүргізу кезінде түйінді жоспарлы параметрлерді есептеу үшін тәуекелдерді басқаруға талап етілетін  тәсілдер түсіндірілді. 

Бұдан басқа, халықаралық стандарттарға сәйкес аудиторлық нәтижелер мен аудиторлық есептерді ұсыну әдістемесі талқыланды.

Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар берілді.
 
Анықтама ретінде:
ЭКОСАИ - Экономикалық ынтымақтастық елдері жоғары қаржы бақылау органдарының ұйымы. ЭКОСАИ-ға Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан елдері мүше болып табылады.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату