РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

17.11.2017

Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалық етуімен өткен Үйлестіру кеңесінің жұмысына Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Әниятолла Сәрсенов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Атырау облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметтерінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.

2015 жылы регламенттелген тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін келісу және олармен алмасу тетігі бірдей бағыттар бойынша жоспарланған аудиторлық іс-шаралардың қайталануын едәуір төмендете отырып, өзінің тиімділігін көрсеткені атап өтілді. 

Сонымен қатар Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органының бұрын жоспарланған іс-шараларды орындамау, сондай-ақ жоспардан тыс аудит жүргізу туралы Есеп комитеті мен тексеру комиссияларын хабардар ету тәртібін бұзу фактілері орын алған.

Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтері (ІАҚ) жұмысының мәселелері талқыланды. Қабылданған шараларға қарамастан, ІАҚ жұмысында әдіснамалық және кадрлық сипаттағы бірқатар проблемалардың шешілмей отырғаны, соның ішінде ІАҚ жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесінің болмауы атап өтілді.

Бұдан басқа отырысқа қатысушылар 2017 жылы Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуы мәселелерін, сондай-ақ 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, оны бекіту жөнінде шешім қабылдады.

Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудиторлардың біліктілігін арттыруға, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сындарлы өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ ішкі аудит қызметтерінің жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты шешімдер қабылданды.
 
Анықтама ретінде:

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі Есеп комитетінің жанындағы  консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес қызметінің мақсаты анағұрлым өзекті проблемаларды алқалық талдау арқылы мемлекеттік аудит органдарының тиімді өзара іс-қимылына жәрдем көрсету, бюджетті жоспарлау және атқару кезінде оның барлық деңгейінде қаржы тәртібін нығайту болып табылады.    
Кеңестің құрамына Есеп комитетінің Төрағасы және үш мүшесі, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, облыстардың, Астана және Алматы қалалары тексеру комиссияларының төрағалары, Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ұсынысы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан бір-бірден екі ішкі аудит қызметінің басшылары кіреді.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату