РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

16.11.2017

Есеп комитетінің мүшелері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары «Презентацияларды тиімді өткізу» тақырыбындағы тренингке қатысты

Семинарды Есеп комитеті мемлекеттік аудитті енгізуге, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылық құрамының біліктілігін халықаралық талаптарға сәйкес арттыруға бағытталған шараларды іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.

Есеп комитеті мен  «Ernst & Young» аудиторлық компаниясы бизнес академиясының жемісті өзара іс-қимылы шеңберінде өткізілген тренинг практикалық тапсырмаларды қолдана отырып, интерактивті нысанда ұйымдастырылған.

Оқу барысында Академияның тренерлері презентацияның құрылымы мен оны табысты дайындаудың негізгі қағидаларын толығырақ талдады.   

Жұртшылық пен БАҚ алдында тиімді сөз сөйлеу дағдыларын дамытуға, түрлі факторларды ескере отырып материалдарды ұсыну техникасын қарауға ерекше назар аударылды.

Ақпаратты ұсыну жағдайларында стрестің пайда болу себептері мен оны болдырмау тәсілдері, аудиторияның күрделі сұрақтарымен жұмыс жасау тәсілдері талқыланды.  

Жұмыс соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар берілді.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату