РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

20.11.2017

Есеп комитетінің қызметкерлері EUROSAI-дың Бірлескен аудит жөніндегі 3-нысаналы тобының (біліммен алмасу) жұмыс отырысына қатысты, Прага қаласы (Чех Республикасы)

Отырысқа сондай-ақ Албания, Германия, Нидерланды, Польша, Словакия, Украина, Чехия және басқа елдердің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының өкілдері қатысты.  

Жұмыс отырысы барысында бірлескен аудиттің негізгі үш:  дайындық, іске асыру және қорытынды кезеңі қарастырылды. Жоғары мемлекеттік аудит органдарының әлеуетін дамытудың қолдаушы тетігі ретінде бірлескен аудит жүргізу саласында пікірлермен және тәжірибемен сындарлы алмасу жүргізілді.

Жұмыс отырысы шеңберінде EUROSAI-дың Стратегиялық жоспарына және 3-нысаналы топтың іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинар өтті.

Семинар барысында бірлескен аудит жүргізудің деректермен алмасу және талдау сияқты негізгі мәселелері және жаңа әдістері  талқыланды.

Жүргізілген бірлескен аудиттің нәтижелерін іс жүзінде пайдалану,      сондай-ақ осындай аудиторлық іс-шараларды салық саласында  басқа жоғары мемлекеттік аудит органдарымен жүргізу тәжірибесі көрсетілді. 

Қазақстанның Есеп комитетінің қызметкерлері Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінде бірлескен аудит жүргізудің атап айтқанда, ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу мен  бөлудің, оларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманы сақтауы, сондай-ақ ЕАЭО органдарының бюджет қаражатын қалыптастыруы, басқаруы және иелік етуінің тиімділігі  мәселесі бойынша практикалық аспектілерді ұсынды.
 
Анықтама ретінде:
 
EUROSAI (European Organisation of Supreme Audit Institutions - Еуропа жоғары қаржы бақылау органдарының ұйымы) – өз құрамында Еуропаның 50 елінің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарын біріктіретін ұйым, 1990 жылы құрылған. Есеп комитеті 2003 жылдан бастап EUROSAI-ға мүше болып табылады. 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату