РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

21.11.2017

Есеп комитеті Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалығымен Есеп комитеті Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңды іске асыру үшін ISSAI 5110 халықаралық стандартын ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласында тиімділік аудитін жүргізу жөніндегі әдіснамалық басшылық жобасы қаралды және мақұлданды. 
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңын іске асыру үшін Заңға тәуелді актілерді әзірлеу мен бекіту жөніндегі кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.

2018-2021 жылдары 31 нормативті құқықтық актіні, соның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының ақпараттық өзара іс-қимылы мәселелерін реттейтін стандрт жобасын әзірлеу жоспарланып отырғаны атап өтілді.

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша зерттеулер тақырыптарының 2018-2020 жылдарға арналған өзектілендірілген тізбесі қаралды және бекітілді.

Есеп комитеті қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздік, қаржылық талдау, қаржы менеджменті мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарының (семинарларының) 2018 жылға арналған тақырыптарының тізбесі келісілді.

Есеп комитеті мен «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК бірлесіп әзірлеген, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мамандарына арналған «Мемлекеттік аудит теориясы» оқу құралы бекітілді.

 «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК 2017 жылы өткізген зерттеулер тақырыптары бойынша түпкілікті есептер талқыланып, мақұлданды. Зерттеулер бюджеттік жүйе қағидаттарына сәйкес республикалық бюджеттің жоспарлануына тиімділік аудитін, салықтық және кедендік әкімшілендіруге тиімділік аудитін, Ұлттық қор қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуына сәйкестік аудитін, бюджеттік инвестицияларға тиімділік аудитін жүргізу мәселелеріне арналған. Әрбір зерттеудің қорытындысы бойынша Есеп комитетінің жұмысында пайдалануға арналған тиісті әдіснамалық басшылық әзірленетіні баса айтылды.  
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату