РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

24.11.2017

Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге,  бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыруға, сондай-ақ экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған қаражаттың пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемі 2,6 трлн. теңгені құрады.

Қаржы, Инвестициялар және даму, Энергетика министрліктерінің аталған мақсаттарға бағытталған бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеуіне, каржылық және бюджет тәртібін, заңнама талаптарын сақтамауға байланысты бірқатар жүйелі проблемалардың бар екендігі анықталды.

Атап айтқанда, жекелеген салалық министрліктердің Кәсіпорындарды дағдарыстан кейін сауықтыру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатыспауы, іс-шараларды орындау мәселелерінде жариялылық пен ашықтықтың тиісті деңгейде болмауы, бизнес-қоғамдастық - «Атамекен» ұлттық кәсіпркерлер палатасымен өзара іс-қимылдың келісілмегендігі оның нәтижелілігі мен тиімдігіліне теріс ықпалын тигізді.

Кәсіпорындарды дағдарыстан кейін сауықтыру бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша мемлекеттік қолдаудың бірқатар түрлері, оның ішінде салықтық преференцияларды ұсыну, стратегиялық инвесторды іздеуге жәрдемдесу, кепілдік берілген тапсырысты ұсыну және басқалары  бойынша іске асырылмаған.

Мемлекеттік қолдау 17 өндірістік кәсіпорынға немесе қатысушылардың жалпы санының 30,9 %-на көрсетілген, оларға Бағдарламада көзделген қаражат көлемінің 42%-ы бөлінген. Субсидиялар алғандардың қалғандары бөлшек сауда, лизинг, сауда және өзге де үй-жайларды, вагондарды жалға беру, сондай-ақ қонақүй қызметтерін көрсету саласында қызметін жүзеге асыруда.

Қаржы министрлігінің Үкімет резервінен (шұғыл шығындарға арналған) ағымдағы сипаттағы іс-шараларды қаржыландыруға оң қорытындылар беру фактілері анықталды. Мәселен, 2015 жыл мен 2017 жылғы 1-тоқсан аралығында бөлінген 151 701,4 млн. теңгенің 94 010,0 млн.теңгесі немесе 60,7%-ы жоспарлы шараларды іске асыруға жұмсалған.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 12 273,1 млн.  теңгеге қаржылық бұзушылықтар, сомасы 251 001,0 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 734,4 млн.теңгеге бюджет қаражатын (активтерді) тиімсіз жоспарлау, рәсімдік бұзушылықтардың 108 фактісі, жүйелі және  өзге де кемшіліктердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзудың 30 фактісі анықталды.

 Мемлекеттік аудит барысында бухгалтерлік есеп бойынша 11 848,1 млн. теңге қалпына келтірілді.

13 факті бойынша мемлекеттік аудиттің материалдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдарға процестік  шешімдер қабылдау үшін  жіберілді.

Есеп комитеті отырысының қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар берілді. Қаржы, Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Ауыл шаруашылығы, Энергетика министрліктеріне, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкімдеріне, «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамына анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың  жауаптылығын қарау тапсырылды, сондай-ақ басқа да бірқатар тапсырмалар берілді.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату